ДомойМедиасынҚұпия сарапшылар. 2019 жылдың маусым-шілдесіне медиамониторинг

Құпия сарапшылар. 2019 жылдың маусым-шілдесіне медиамониторинг

Құпия сарапшылар. 2019 жылдың маусым-шілдесіне медиамониторинг

Қазақстан медиасы сарапшы мәртебесімен әрлі-берлі «ойнауын»жалғастырып жатыр. Әкімдік қызметкері де, журналист те, банктің басқарушы директоры да әп сәтте сарапшыға айналып шыға келеді. Оның неліктен сарапшыға айналғанын аудиторияға түсіндірмейді де… Неліктен бұлай?

Саясат

Биліктің әрбір бастамасына кемі 10-15 пікір қоса айтылады. Inform.kz, 24.kz және соңғы уақытта осы қатарға қосылған bnews.kz мемлекеттік медиалары осындай принциппен хабар таратады. Әдетте Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ), ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының Әлемдік экономика және саясат институты (ӘЭСИ) қызметкерлері сарапшы ретінде пікір айтады. Әйткенмен мемлекеттік медиа сол тақырыпқа қатысы шамалы адамдарды да «сарапшы» деп атайды. Мәселен, 24.kz сайтында облыстық газеттің редакторы несие жүктемесін төмендету бастамасына қатысты пікір білдіріпті.

Аймақтағы жергілікті атқарушы билік те сарапшылар алаңшасын жасауға тырысып бағуда. Қостанайда «Сарапшы» саяси клубын құрыпты. Шынтуайтына келгенде, медиаға тек қана әкімдік қызметкерлерінің отырысында сөйлегені алынады. Мұндай жиналыстардың талқылау және сарапшы пікірінен айырмашылығы неде екені еш түсініксіз.
Қазақстан медиасы маусым-шілде айларында Данияр Әшімбаев, Эдуард Полетаев, Марат Шибутов, ӘЭСИ сарапшысы Камила Ковязинаның айтқанын көпжариялады. Сондай-ақ, ақпараттық-талдау орталығы сайтының бас редакторы Жанар Тулендинованың да пікірлерін жиі пайдаланды.

Экономика

Маусым-шілде айларында медиадағы ең көп талқылаған экономикалық жаңалық – Тоқаевтың жеке тұлғалар несиесін кешіру туралы жарлығы. Көптеген медиа Қазақстан президентінің осы шешіміне қатысты әлеуметтік және саяси маңыз тұрғысынан айтылған пікірлерді жариялады. Мұндай жарлықтың экономикаға ықпалы бар-жоғы туралы Айдархан ҚұсайыновАлександр ЮринӘсет НаурызбаевМұрат ТемірхановРасул Рысмамбетов, ҚСЗИ сарапшысы Вячеслав Додонов пікір айтты.

Экономист Арман Байғановтың теңге бағамына қатысты жазған Instagram посты комментарий саны жағынан әлі де алда, тіпті оның жазғанынан көптеген медиа дәйек келтіріп жатыр. Медиа, сондай-ақ, экономикалық тақырыптарда қаржы талдаушысы Арман Бейсембаевтың, EXANTE инвестициялық компаниясының сарапшысы Валерий Давыдов, экономистер Олжас Құдайбергенов, Рахым Ошақбаевтың пікірлерін материалдарында қолданды.

Таңғалдырған сарапшылар

Nur.kz және Kapital.kz сайттары маусымда «Отдых в кредит: за или против» атты бірдей тақырыпта материал жариялады. Мақалада мұның жарнама не PR материал екеніне ешқандай сілтеме қойылмаған, бірақ «Жусан банктің» байланыс мәліметтері берілген. Банктің басқарушы директоры Қуат Домбай еңбек демалысына несие алу мүмкіндігі туралы пікір айтады. Кенеттен материалдың орта тұсында «туризм саласындағы тәуелсіз сарапшы, тікелей ойыншы» ретінде шыға келеді.

Қуат Домбай бір мезгілде туризм жөніндегі сарапшы әрі банктің басқарушы директоры ма, жоқ әлде материалда бізге аты-жөнін атамайтын және бір сарпашы жасырылған ба? Мұндай ойыншының және оның тікелей қатысы барының не үшін қажет болғаны да со күйі түсініксіз қалды.

Қазақстан медиасындағы еркек және әйел-сарапшылар

Маусым-шілде айларында Қазақстан медиасындағы әйел-сарапшылардың үлесі 22%-ді құрады. Жоғарыда есімдері аталған Жанар Тулиндинова және Камила Ковязинадан бөлек, ҚСЗИ сарапшысы Леся Қаратаева, саясаттанушы Толғанай Үмбетәлиеваның да пікірлері БАҚ-та жиі шықты. Бірнеше медиа іле-шала «Стратегия» қорының сарапшысы Ольга Симакованың көші-қон тақырыбындағы пікірін де жариялапты. Журналист, қаржы кеңесшісі Ботагөз Жұманова президент Тоқаевтың несиені кешіру жарлығынан кейін медианың назарына алынған қаржылық сауаттылық туралы сауалдарға қатысты пікір айтты.

Жалпылама алғанда, медицина және денсаулық тақырыптарында пікір білдірушілердің дені әйел-сарапшылар болыпты.

Сарапшыларды саралау Alem Media Monitoring жүйесінің таңдауы негізінде жүргізілді. 2019 жылдың 22 маусымынан 18 шілдесі аралығында жарияланған 1830-дан астам материалға талдау жасалды. Мониторингке медиада «сарапшы» деп аталған және түрлі медиада үш не одан да көп дәйексөзі келтірілген спикерлер енгізілді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР