үйОқып-үйренКоманданың жұмысын қалай ұйымдастырамыз? Деректі кино мектебінің дәрісі

Команданың жұмысын қалай ұйымдастырамыз? Деректі кино мектебінің дәрісі

Деректі кино түсіретін команданың жұмысын қалай ұйымдастырамыз? «Деректі кино» мектебінде бас тренер Шахида Тулаганова мен тренер Елена Демидова осы сауал төңірегінде әңгімеледі. Документалист-режиссерлер мектеп қатысушыларына тәжірибесін айтып, түсірілім тобы мүшелерінің маңызын түсіндірді.

ПРОДЮСЕР

Шахида Тулаганова:

— Продюсер — желеп-жебеуші. Саған жол ашады, арқасүйер адамыңа айналады, ақша тауып береді. Бірнеше фильмді бірге түсірер жақсы продюсер тапсаңыз, керемет жетістік. Жұмыс нәтижесіне қызықпаған продюсерлерім болды. Олардан құтылуыма тура келді. Фильм кадрларын ойлау мен фильмге ақша іздеуді қатар алып жүру де оңай емес, ауыр жұмыс.

Деректі кино түсірмек болғандар: «Былай істеуге бола ма?» деп сұрайды. «Креатив индустриясында ереже жоқ. Қалауыңызға қарай жасайсыз, қалай сезінесіз, солай жасайсыз. Тәртіп ережесі жоқ!» деп жауап беремін.

Елена Демидова:

— Продюсермен қарым-қатынасымызға қарай түрлі фильмдерім болды. 2010 жылы «Во время пожара» (қазақша аудармасы: «Өрт кезінде» — ред.) фильмін түсіру үшін  волонтерлермен бірге жүрдім, өзім түсірдім. Содан кейін постпродакшен жасауға краунфандинг арқылы ақша жинадым. Алайда мұндай жағдай сирек болды. Бір жобада өзім режиссер, өзім продюсер болған кездерім де бар, бірақ мынаны ескеріңіз: әрі продюсер, әрі режиссер болсаңыз, режиссерлік жұмысыңыз ақсайды.

Түрлі фильмге түрлі продюсер сай келеді. Ямалдағы вахта жұмысшылары туралы «Мужской выбор» фильмінің түсіріліміне солтүстікке баруға дайын продюсер қажет еді. Сол кезде Влад Кеткович табыла кетті. Екеуміз жақсы тіл табысып, төрт жыл бірге жұмыс істедік. «Третью жизнь Марины Клещёвой» фильмін Лиза Антоновамен бірге түсірдім. Ол Мария Клещеваны актриса ретінде «танытқан» Театр.doc жобасын біледі, барлық оқиғадан хабары бар.

Питчинг жасау үшін режиссер мен продюсер бірігеді. Продюсеріңіз «үлкен» адам болуы, не өзіңіз сияқты адам болуы да мүмкін. Ең бастысы: продюсер хикаяңызды түсініп, жақсы көруі керек. Егер хикаяңызды қабылдай алмаса, онда ештеңе де шықпайды. Продюсердің жұмыс қоржынында көптеген түрлі фильмдер болуы мүмкін, бірақ жобаңызға қызықпаса, сөйте тұра келіссе, жұмыс жүрмейді, жобаңыз сәтсіздікке ұшырайды.

«Бюджет жейтін» нашар продюсерлер де кездеседі. Олар арқылы Мәдениет министрлігінен ақша алуға болады. Сондай продюсерлермен де жұмыс істедім. Бұл жақсы емес. Егер киноңызды көп адам көргенін қаласаңыз, онда хикаяңызды сүйетін адамдармен жұмыс істеңіз.

ОПЕРАТОР

Елена Демидова:

— Кино индустриясы дамымаған елдерде оператор табу қиынға айналуы мүмкін. Жалпы оператор көп. Телеарнаға түсіретін, сериал түсіретін операторлар бар. Олар фильміңізді «өлтіреді». Деректі кино түсіріп жүрген оператормен немесе салалық жоғары оқу орнын жақында бітірген жас түлектермен жұмыс істеңіз. Операторыңыз жайлы болуы маңызды.

Фильмдерімнің көбін өзім түсірдім. Сыр ақтаратын фильмдер болады. Сондайда мені кейіпкермен нәзік жіп байланыстырып тұрады. Осынау кеңістікте үшінді адам пайда болса, жіп үзілуі мүмкін.

Шахида Тулаганова:

—Операторға төлейтін ақшам асып-тасыған емес, оператор жұмысына ақша табу қиын. Көбіне өзім түсіремін, жағдайды реттеуге тырысамын. Көмекші етіп бір адам аламын. Ол қиюластыратын кадрларды түсіреді. Оператор курсын оқуды да ойладым, бірақ бұл — тым қымбат. Фильмдерімді өзім түсіруіме тағы бір себеп: жүріп-тұру қаупі жоғары елдерде көп жұмыс істеймін, том мүшелерінің өміріне жауапкершілік жүгін қатар алып жүру керек. Тобыңызда адам көп болған сайын менеджмент жұмысы көбейеді.

МОНТАЖ РЕЖИССЕРІ

Шахида Тулаганова:

— Телевизия не жаңалықтар монтажерін деректі фильмді монтаждауға алмауды ұсынамын. Жаңа дүние тудыра алатын, хикаяны суретпен әңгімелей білетін адам керек. Сурет тілі — монтаж режиссері таңдаған тіл. Монтажер бұрын-соңды ұқсас тақырыптағы фильмдерді монтаждаған ба екен? Соны анықтап алыңыз. Сән әлемі туралы фильм монтаждаған адам Ирак туралы фильмді монтаждай алмайды. Монтажерге тақырып та қызық болуы керек. Ол да киноны жан-тәнімен сүюі керек.

Елена Демидова:

— Режиссерлердің көбі монтажер жалдамай, өзі монтаждайды, өйткені ақшасы жетпейді. Монтаж бағдарламасының батырмаларын басуды білеміз, бірақ монтаж режиссері дегеніміз — кәнігі маман. Ол хикаяны елестетіп, фильмнің артық-кемін алып тастап, жұп-жұмыр етуді біледі. Саған режиссер ретінде, оператор ретінде фильмдегі әрбір кадр маңызды сияқты көрінеді. Мәселен, адамның ашық эмоциясын фильмге қосқың келеді, ал мына кадрды түсіру үшін тау басына шықтың, ал мына кадрды түсіру үшін оққа ұша жаздадың. Міне, сондай кадрларды фильмде қалдырғың келмейді. Ал монтаж режиссері — фильм түсірілімінен хабарсыз адам, оған эмоция да, кадр қалай түсірілгені де белгісіз. Сондықтан да күшті фильм жасауға көмектеседі. Әйтсе де фильмнің химиясы болу керек, химиясыз ештеңе де шықпайды.

Шахида Тулаганова — Өзбекстаннан шыққан журналист. Қазір Лондонда тұрады.  Лондондағы BBC арнасында және Прагадағы «Азаттық радиосында» көп жыл жұмыс істеді. Соңғы жылдары әлемнің «от шарпыған нүктелерінде» тәуелсіз журналистикамен айналысады.

Елена Демидова — ресейлік режиссер, оператор, монтажер және продюсер. Бауман атындағы ММТУ-інде оқыған. Internews киномектебінде (Марина Разбежкинаның шеберлік мектебі) режиссура бойынша білім алды. РФ Кинематографистер гильдиясының және Деректі кино гильдиясының мүшесі. 2006 жылдан бері 10-нан астам деректі фильм түсірді.

10 наурызда «Деректі кино. Қысқа метр» мектебі басталды. Теориялық сабақтар 15 сәуірге дейін жалғасып, практикалық сабақтар мен тәлімгерлік 25 маусымға дейін болады. Сабақтар Zoom платформасында онлайн-форматта орыс тілінде өтеді. Қазақ, тәжік, өзбек тілдеріне синхронды аударма жасалады. Деректі кино мектебіне қатысуға Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан жас режиссерлер іріктелді. Олар алты апталық интенсивті курсқа қатысады. Белгілі документалистер мен халықаралық тренерлер дәріс оқиды, үй тапсырмаларын береді, уоркшоптар, кинокөрсетілімдер және талқылаулар болады. Содан кейін түсірілім, монтаж, фильм жасауына екі ай уақыт беріледі. Осы кезде Деректі кино мектебінің тренерлері мен менторлары жетекшілік етеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Cоңғы жазбалар

ЕЭК отырысы, қымбатшылық және “Кальмар ойыны”. 11-17 қазандағы апталық телебағдарламаларға шолу

0
Кешегі аптаны қорытындылаған бағдарламалар ел ішінде жиі талқыланған мәселерге көбірек арналды. «Жеті күн» авторлары президент Қ.Тоқаев қатысқан отырыстарға эфирдің жартысын арнады. Ал «Айна» редакциясы ел назарында болған...

Баспана бағасы, дизель тапшылығы және аңшылық. 4-10 қазандағы апталық телебағдарламаларға шолу

0
«Жеті күн» және «Айна» бағдарламаларына ортақ тақырып — тұрғын үй бағасының қымбаттауы мен дизель тапшылығы. Ал Apta авторлары көмір тапшылығын да, мүгедектігі бар жандар...

Тұран жолбарысы, азып-тозған ауылдар және қымбатшылық. 27 қыркүйек — 3 қазандағы апталық телебағдарламаларға шолу

0
Кешегі аптаны қорытындылаған «7 күн» авторлары Тоқтар Әубәкіровтың ғарышқа ұшқанына 30 жыл толғанын айтып, президент аптасына ауысса, «Айна» редакциясының негізгі тақырыбы — азық-түлік қымбаттауы....

Алматыдағы атыс, президенттің Маңғыстауға сапары және деменция. 20-26 қыркүйектегі апталық телебағдарламаларға шолу

0
Кешегі аптаны қорытындылаған бағдарламалардың барлығына ортақ тақырып — Алматыдағы атыс. «Айна» редакциясы тұтас бағдарламаны осы оқиғаға арнаса, «Жеті күн» және Apta авторлары президент Қ.Тоқаевтың...

Душанбедегі саммит, жылыту маусымы және тағы да қуаңшылық. 13-19 қыркүйектегі апталық телебағдарламаларға шолу

0
Апталық сараптамалық бағдарламаларға дәстүрлі шолуымызда «Жеті күн» және «Апта» бағдарламаларын қамтыдық. Екі бағдарламаның бірінші сюжеті президент Қ.Тоқаевтың Душанбедегі қос бірдей отырысқа қатысуына арналыпты. Apta...