Журналист: бейтарап баяндаушы ма әлде оқиғаға белсенді қатысушы ма?
26 мамырда «Журналистиканың негізгі машықтары» тренингі басталады. Бірінші сабақ ашық форматта өтеді. Қазақстандағы Internews өкілдігінің Facebook-парақшасында орыс тілінде тікелей трансляция көрсетіледі. Zoom платформасындағы сабаққа да қатысуға болады. Қазақ, тәжік және өзбек тілдеріне ілеспе аударма жасалады.
Ашық сессия 26 мамыр, Алматы уақытымен сағат 16:00-де басталып, 18:30-да аяқталады.
Сағат 16:00-18:00 аралығында ресейлік медиатренер Виктор Мучник «Жаңалық дегеніміз не, журналистика неліктен қажет? Жаңалықты кімдерге арнаймыз (аудиториямыз кім?)» деген тақырыпта дәріс оқиды.
Ал сағат 18:30-18:30 аралығында талқылау болады. Бұған Орталық Азияның үш елінен редакторлар: Айнұр Коскина (Қазақстан), Ольга Тутубалина (Тәжікстан) және Андрей Тешаев (Өзбекстан) қатысады. Олар Орталық Азиядағы жаңалықтардың ерекшелігі және жаңалықты беру тәсілдері туралы әңгімелеседі.
«Журналистиканың негізгі машықтары» тренингі бастауыш журналистерге (журналистикаға енді қадам басқан, тәжірибесі аз адамдар), журналистика факультетінің студенттері мен түлектеріне арналған. Тренингтің белсенді қатысушылары оқуын жалғастыра алады.
Тренинг Internews серіктестерімен T. B. D company (Қазақстан) Khoma. tj (Тәжікстан) бірге ұйымдастырылады.
Жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен MediaCAMP — Орталық Азия бағдарламасы аясында жүзеге асады.