ДомойОқып-үйренАтырау журналистеріне ашық дереккөздермен зерттеу жүргізуді үйрететін ашық дәріс өтеді

Атырау журналистеріне ашық дереккөздермен зерттеу жүргізуді үйрететін ашық дәріс өтеді

Атырау журналистеріне ашық дереккөздермен зерттеу жүргізуді үйрететін ашық дәріс өтеді

2021 жылғы 9 қыркүйекте MediaNet Халықаралық журналистика орталығы және Factcheck.kz базасында Атырау өңірінің журналистеріне арналған «Open Base: Қазақстанда ашық дереккөздермен қалай зерттеу жүргізуге болады?» деген тақырыпта офлайн ашық дәріс өтеді.

Дәрісте Қазақстандағы алғашқы Open Base тегін бірыңғай ашық деректер базасының презентациясы болады. Жаңа құрал мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алу, квазифискалдық шығындар, қаржылық есептілік саласында іздеу жүргізуге мүмкіндік береді.

Сондай-аққазақстандық және халықаралық деректер базасын талдаудың басқа да қолданыстағы құралдарымен жұмыс істеу дағдылары көрсетіледі. Open Base ақпараттық порталы USAID және Internews қолдауымен жасалды. 

Уақыты: 15:00 — 17:00, 9 қыркүйек 2021 жыл 

Бағдарламасы:

  1. Ашық деректер базасы негізінде зерттеу жүргізу: сатып алу, бюджеттер – журналистің қандай мүмкіндіктері бар?
  2. OpenBase: қазақстандық ашық деректер базасындағы ақпаратты жинақтайтын негізгі құрал: құрылымы, мүмкіндіктері, жұмыс істеу қағидаты. 
  3. Жиналған деректерді сұрыптап, егжей-тегжейлі талдайтын  базалар мен сервистерге шолу: KASE, Kompra, Uchet.kz. 
  4. Халықаралық ақпарат базасы

Дәріс тренері: Думан Смақов

Тіркелу үшін ұйымдастырушыға хабарласыңыз: Алтынай +7 775 745 3328

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР