үйМедиасын«Медиасыншылар таңдауы» жүлдесін алған бес қазақша материал

«Медиасыншылар таңдауы» жүлдесін алған бес қазақша материал

Internews ұйымы жыл сайын MediaCAMP Fest журналистика фестивалін өткізеді. Биылғы фестивалде алғаш рет «Медиасыншылар таңдауы» деген жүлде берілді. «Жаңа репортер» сайтындағы «Медиасын» бөлімінің медиасыншылары медиасын мақалаларында қамтылған үздік жобаларды марапаттауға ұсынды. Қазақстанда барлығы 13 материал марапатқа лайық деп танылды. Бесеуі — қазақша материалдар. Осы бес материалдың авторлары 12 қыркүйекте MediaCAMP Fest журналистика фестивалінің қорытынды кешінде марапатталды.  Медиасыншы Назира Дәрімбет марапатталған материалдарға шолу жасады.

Анна Шабалдина, «Медиасын» бөлімінің бас редакторы

Үздік телешоу — «Парасат майданы»

Белгілі журналист Дархан Әбдіктің «Парасат майданы» пікірсайыс бағдарламасы «Үздік телешоу» номинациясына лайық деп танылды.

Бағдарлама QAZAQSTAN телеарнасы эфиріне әр жұма сайын сағат 00:40-та шығады. Жарты сағаттық интеллектуалды шоу прайм таймда көрсетілмесе де жұртшылықтың асыға күтетін бағдарламасына айналды. Әр шығарылым белгілі бір тақырыпқа, мәселен, қоғамдық келісім, Ресейдің Екатерина патшайымы кезіндегі санкциялар, драматург Ибсен шығармашылығы, Галилей ұстанымдары, Amnesty International ұйымының тарихы және т. б арналады. Студияда тарихи тақырыптармен қатар бүгінгі Қазақстан туралы да әңгіме өрбиді.

Әңгіме-дүкен жанрындағы «Парасат майданы» 2017 жылдың көктемінен бері эфирге шығып келеді. Әуелі тарихи бейнесюжеттер көрсетіліп, әрбір тақырыпты бүгінгі жағдаймен тікелей байланыстырады.
Жүргізуші Дархан Әбдік студия қонақтарымен бірге отырып, елдегі жағдайды мәдениет, өнер және әдебиет тақырыптарымен қабыстырып талдайды.
Бағдарлама атауы — тележүргізушінің әкесі, жазушы Төлен Әбдіктің повестімен аттас. Кезінде жазушы осы шығармасы үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанған. Студиядағы көмескі түстер де көрерменін үлкен ойға жетелейтіндей.
Тарихи және саяси деректер, көзқарасы бөлек студияға келген қонақтар, ұлылардың сөзі және осы арқылы бүгінгі жағдайды сараптау — «Парасат майданының» өзіне тән ерекшелігі. Осыларды шебер пайдалана отырып, интеллектуал Дархан Әбдік өзекті тақырыптарды мемлекеттік арнада астарлап қозғайды.

Үздік подкаст — «Тамаша жыл — The Big Year»

Медисыншылар бұл номинацияға қазақ тіліндегі подкасттардың ең байырғы әрі тұрақтысы «Тамаша жыл — The Big Year» (авторы Talshyn Lilian) подкастын лайық санады.

Подкасттың алғашқы эпизоды 2017 жылғы 22 қаңтарда жарияланды. Қазір 100-ден аса эпизоды шықты. асады. Тамаша жыл — The Big Year подкасты барлық негізгі подкаст платформаларда (Apple Podcasts, Castbox, Spotify, Google Podcasts, Pocket Casts) бар. Автордың жеке сайтына да жинақталған. Подкаст мазмұны өте жарқын әрі позитивті. Бұл ерешелікті алғашқы секундтарынан-ақ сезесіз.

Әуелде Талшын подкаст эпизодтарын апта сайын тұрақты түрде шығарып отырды. Форматы қысқа, яғни ұзақтығы 4-7 позитив минуттық аудиоблог форматында болатын. Ал кейінгі жылдары эпизодтар саны азайған еді. Өткен жылы Талшын подкаст жазылушыларын қайта қуантты. Эпизод жариялау жиілігі сиреді, бірақ эпизод хронометражы ұзарды.
Соңғы кездері шыққан эпизодтарға: Эллиот Аронсонның «Көпке ұмтылған жалғыз. Әлеуметтік психология» кітабын талқылау, креатив экономика, қазақстандық жас ғалымдардың жаңалығы мен соларды қолданысқа бейімдеу, полиглоттардың практикалық кеңесі, қазақ тілін үйренушілерге пайдалы кеңес сияқты тақырыптар арқау болды.
Медиасыншылар пікірінше, подкаст ерекшелігі — автордың өмірге, білімге құштар, елден ерек кейіпкерлерді таба білуінде.

Үздік сюжет — «Олар сөйткеннен кейін…»

Бұл номинацияда Qazaqstan телеарнасының Apta ақпараттық-сараптамалық бағдарламасына шыққан «Олар сөйткеннен кейін…» сюжеті жеңімпаз атанды. Сюжет авторы — Ержан Жақып.
Еске салсақ, 2020 жылдың 1 қарашасында эфирге шыққан апталық бағдарламадағы сюжетте ШҚО тұрғыны 33 жастағы Азамат Оразалының полиция бөлімшесінде көз жұмғаны баяндалады.

Оны «мал ұрлады» деген күдікпен ұстап, полиция бөлімшесіне әкеліп, тергеген. Марқұмның туыстары мен ауылдастары жігітті полиция азаптап өлтіргенін айтады. Кінәлі полицейлерді қамауға алуды талап етеді. Сюжетте баласынан айырылған отбасының, полиция азаптауына ұшыраған адамдардың, ауыл тұрғындарының, адвокат пен полиция департаменті өкілдерінің пікірлері бар. Оқиға тергеліп, үш полицей қамауға алынғаны да айтылды.

Апталық қорытынды бағдарламадағы үздік айдар — «Ұр, тоқпақ»

«Еуразия бірінші арнасындағы» Basty bagdarlama хабарының «Ұр, тоқпақ» айдары осы номинация жеңімпазы атанды. Бұл айдардың соңғы шығарылымында атышулы LRT құрылысын жандандыру үшін құрбандық шалынып, молда құран оқығаны айтылады.

Айдарда әдеттегідей желі қолданушылардың пікірі берілген. Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгіновтің құрылысты жандандыруға қатысты сөзінен үзінді және бизнесмен Айдын Рахымбаевтың LRT құрылысына кететін шығын жөнінде айтқаны бар.

Өкінішке қарай, бұл айдар 3 жылдан кейін жабылып, қазір «тоқпақ тоқпақтауын» тоқтатты. Ал Basty bagdarlama орнныа жаңа жоба эфирге шығатыны мәлім болды.

Үздік мақала — «Ақтөбе» газетінде

«Орталықта түнеп жүр үйсіз-күйсіз талай жан…» деген мақала Ақтөбе облысында қазақ тілінде шығатын жалғыз ресми әрі ең көне қоғамдық-саяси басылым «Ақтөбе» газетінде жарық көрген.

Анонсы «витринаға» шықпай қалған «Орталықта түнеп жүр үйсіз-күйсіз талай жан…» деген мақаланы (15 мамыр, №53) күнтізбе мен ақпарат ағынынан тыс жасалғаны үшін мақтауға болады.

Биыл 7 маусымда «Ақтөбе» газетінің шығып жатқанына 97 жыл толды. Басылымның жаңа нөмірі аптасына үш рет — сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері жарық көреді. Таралымы — 17 700 данадан асады.
Газетте жаңалықтар, шағын хабарлар, аналитика, сұхбат, зерттеу, публицистика, түсіндірме, басқа да жанрдағы мақалалар жарияланады. Сайты бар.

Медиасыншылар қауымы барлық жеңімпазды құттықтап, шабыт тілейді.

Назира Даримбет
Назира Даримбет работает в журналистике более 15 лет, в основном в независимых медиа. Была главным редактором газеты «Азат», редактором отдела политики и социума в медиапроекте «Республика», обозревателем Ratel.kz, редактором казахоязычной версии сайта. Специализируется на социально-политических темах. Пишет на русском и казахском языках. Сейчас пишет для Total.kz обзоры казахскоязычных СМИ. Обозреватель портала KZ.MEDIA.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Cоңғы жазбалар

ЕЭК отырысы, қымбатшылық және “Кальмар ойыны”. 11-17 қазандағы апталық телебағдарламаларға шолу

0
Кешегі аптаны қорытындылаған бағдарламалар ел ішінде жиі талқыланған мәселерге көбірек арналды. «Жеті күн» авторлары президент Қ.Тоқаев қатысқан отырыстарға эфирдің жартысын арнады. Ал «Айна» редакциясы ел назарында болған...

Баспана бағасы, дизель тапшылығы және аңшылық. 4-10 қазандағы апталық телебағдарламаларға шолу

0
«Жеті күн» және «Айна» бағдарламаларына ортақ тақырып — тұрғын үй бағасының қымбаттауы мен дизель тапшылығы. Ал Apta авторлары көмір тапшылығын да, мүгедектігі бар жандар...

Тұран жолбарысы, азып-тозған ауылдар және қымбатшылық. 27 қыркүйек — 3 қазандағы апталық телебағдарламаларға шолу

0
Кешегі аптаны қорытындылаған «7 күн» авторлары Тоқтар Әубәкіровтың ғарышқа ұшқанына 30 жыл толғанын айтып, президент аптасына ауысса, «Айна» редакциясының негізгі тақырыбы — азық-түлік қымбаттауы....

Алматыдағы атыс, президенттің Маңғыстауға сапары және деменция. 20-26 қыркүйектегі апталық телебағдарламаларға шолу

0
Кешегі аптаны қорытындылаған бағдарламалардың барлығына ортақ тақырып — Алматыдағы атыс. «Айна» редакциясы тұтас бағдарламаны осы оқиғаға арнаса, «Жеті күн» және Apta авторлары президент Қ.Тоқаевтың...

Душанбедегі саммит, жылыту маусымы және тағы да қуаңшылық. 13-19 қыркүйектегі апталық телебағдарламаларға шолу

0
Апталық сараптамалық бағдарламаларға дәстүрлі шолуымызда «Жеті күн» және «Апта» бағдарламаларын қамтыдық. Екі бағдарламаның бірінші сюжеті президент Қ.Тоқаевтың Душанбедегі қос бірдей отырысқа қатысуына арналыпты. Apta...