Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аясында жыл сайын өтетін Медиасауат эдьютонына аймақта медиа және ақпарат сауаты бойынша жаңа жобалар жасайтын мықты сарапшылар жиналады. Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстаннан келген қатысушылар 7 ақпаннан 12 ақпанға дейін, яғни бес күн медиасауат танытудың креатив формаларын зерттеп, жобасын дайындайды.
Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Эстония мен Ресей сарапшылары киносауат, жарнама тілі, ойындар, сондай-ақ креатив әрі пайдалы контент жасау жөнінде әңгімелейді. Бұдан бөлек, сын сағатта медиасауат қандай мән-маңызға ие екенін талқылайтын панелді дискуссия болады.
Эдьютонға медиасауат дамытуды қаржылай қолдау байқауынан іріктелген өтініш авторлары қатыса алады. Барлығы 30 орын бар: Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстанның әрқайсысынан 10 қатысушы шақырылады. Қатысушылар жаңаша білім алып, жобасын толықтырып, жетілдіреді. Үздік жобалар қаржылай қолдауға ие болады.
Эдьютон орыс тілінде онлайн өтеді. Қазақ, тәжік, өзбек тілдеріне синхронды аударма жасалады. Сабақтар 7 ақпаннан 12 ақпанға дейін күн сайын күндізгі уақытта болады.
Эдьютон 2022 тренерлері мен тәлімгерлерінің тізімі:
- Киносауат сарапшысы, «Кино как универсальный язык», «125 лет кинодраматургии» кітаптарының авторы Камилл Ахметов (Ресей).
- Тарту университетінің жарнама зерттеушісі Александра Милякина (Эстония).
- Nuqtainazar.uz сайтының бас редакторы, «Эдьютон 2021» жеңімпазы Тимур Юлдашев (Өзбекстан).
- медиаконсультант, «Медиаграмотность для журналистов» оқулығының авторы Дильфуза Мырзахмедова (Өзбекстан).
- журналист, медиасауат тренері, «Медиаджунгли» электронды кітабының авторы Татьяна Голубцова (Қазақстан).
- UNICEF-Тәжікстанның коммуникация жөніндегі менеджері Рустам Гулов (Тәжікстан).
- IROKEZ it-компаниясының атқарушы директоры Арсен Абдрахманов (Қырғызстан).
- Қазақстандағы Internews өкілдігінің медиа жөніндегі маманы Баубек Сағындық (Қазақстан).
Медиасауат мәселесіне бей-жай қарамайтындарға MediaCAMP ашық сессиялар өткізеді. Тақырыпқа қызығушылардың бәрі қатыса алады. Ашық сессиялар Қазақстандағы Internews өкілдігінің Facebook-парақшасынан трансляцияланады. Жақында ашық сессиялардың уақыт кестесі мен тақырыптарын жариялаймыз.
Жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аясында жүзеге асады.