ДомойМедиа үніҚақтығыстарды хабарлаудағы бітімгер журналистика құралдары туралы вебинар өтеді

Қақтығыстарды хабарлаудағы бітімгер журналистика құралдары туралы вебинар өтеді

Қақтығыстарды хабарлаудағы бітімгер журналистика құралдары туралы вебинар өтеді

«Қазақстандық Медиа Желі/KazMediaNetwork» қоғамдық бірлестігі журналист қауіпсіздігіне арналған онлайн-вебинарлар сериясын жалғастырады. Сізді Орталық Азия бітімгершілік және медиа технологиялар мектебінің (Қырғызстан) бағдарлама директоры Инга Сикорскаяның «Қақтығыстарды хабарлаудағы бітімгер журналистика құралдары» деген вебинарына шақырамыз. Вебинар 8 сәуір, сағат 15:00-де басталады

Инга Сикорская өшпенділік тілін, троллингті, экстремизм және ақпараттық соғысты зерттейді, сондай-ақ медиа-тренерлікпен айналысады. Ол аналитикалық және ғылыми-көпшілік мақалалардың, оқулық пен курстардың авторы. Мәселен: 

«Дін тақырыбын хабарлау бойынша Орталық Азия журналистеріне арналған нұсқаулық» (орыс тілінде)
«Қырғызстан жастарының радикалдануына ықпал ететін хабарламалар, суреттер және медиа арналар» (ағылшын тілінде)
«Әйел журналист Ауғанстаннан визуал репортажды қалай жасауы керек?» (орыс тілінде)
«Жастар дерадикализациясының алдын ала ескертуі ретінде ақпараттық сауат және жаңа медиа мәдениет» (орыс тілінде) 
«Заманауи медиа-соғыстар және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері» (орыс тілінде)) 

Вебинар тақырыбы: «Қақтығыстарды хабарлаудағы бітімгер журналистика құралдары». 

Вебинарға қатысып, мына машықтарды үйреніп, ақпарат аласыз:

  • бітімгер журналистиканың ұстанымдарын;
  • бейбіт шешімге бағытталған репортаж жасауды;
  • Қоғам пікірін бейбіт бастамалар құруға бағыттау үшін материалыңызда қандай аспектілерді атап өту керек екенін; 
  • Бітімгер журналистиканың тілі мен стилі қандай болуы керек және неліктен кейбір әдіс жанжалды азайтуға немесе позитив репортажға еш қатысы жоқ екенін.

Сіздерді жұма, 8 сәуір, Алматы уақытымен 15:00-де Zoom-да күтеміз. 

Конференция идентификаторы: 882 0587 6697

Кіру коды: 822500

Сұраңыңыз болса, мына нөмірге хабарласыңыз: 8-707-7000-439 Ольга Настюкова (жоба жетекшісі). 

***

Бұл вебинар Америка халқының көмегі арқасында Америка Құрама Штаттарының Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржысымен Internews ұйымы іске асыратын «Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы» аясында дайындалды. «Қазақстандық Медиа Желі/KazMediaNetwork» ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты және ол ақпарат USAID, Америка Құрама Штаттары үкіметі немесе Internews пікіріне сай келмеуі мүмкін. 

Редакция
Редакция
Редакционный аккаунт сайта "Новый репортер".

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР