ДомойМедиа үніKazMediaNetwork ұйымы Қарағандыда өтетін медиаэтика тренингіне шақырады

KazMediaNetwork ұйымы Қарағандыда өтетін медиаэтика тренингіне шақырады

KazMediaNetwork ұйымы Қарағандыда өтетін медиаэтика тренингіне шақырады

«Қазақстандық Медиа Желі/KazMediaNetwork» қоғамдық бірлестігі Қарағандыдағы журналистерді, журналистика факультетінің студенттері мен баспасөз мамандарын 15 сәуір, жұма күні сағат 9:00-де өтетін офлайн-тренингке шақырады.

Тренинг тақырыбы: Медиаэтика негіздері, журналист қауіпсіздігі және конфликтіге сезімтал тақырыптар. 

Медиатренері: Бақтыгүл Бурбаева, KazMedia Network қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры

Тренинг бағдарламасы:
✔ Журналистиканың халықаралық этикалық стандарттары
✔ Медиаэтика негіздері және медиа саласының өзін өзі реттеуі. Қазақстандағы БАҚ жұмысының негізгі принциптері
✔ Қазақстандағы және шетелдегі этикалық кейстерді талдау
✔ Журналистер үшін заңға қарағанда этика маңызды болатын жағдаяттар. Не істеу керек?
✔ Сезімтал тақырыптармен жұмыс: зорлық-зомбылық құрбандары, қақтығыстар, төтенше жағдайлар, құлдық, адам саудасы, террористік шабуылдар, экстремал жағдайлар. Топтық жұмыс, практикалық жағдайларды талдау
✔ Суицид тақырыбын қалай жазу керек?
✔ Қазақстандағы медианың өзін-өзі реттеуі жөніндегі қоғамдық комитет қалай жұмыс істейді?

Тренинг кешке дейін жалғасады, арасында кофе-брейк үзілістері болады. Қатысушылардың бәрі сертификат алады. Қазақ және орыс тілдерінде өтеді.

Өтетін орны: Қарағанды қ., Абай к., 10а, «Новое телевидение» телеарнасының мәжіліс залы

Мына телефон нөмірлеріне хабарласып, тіркелуге болады. 

8-707-7000-439 Ольга Настюкова, жоба жетекшісі
8-777-213-13-67 Бақтыгүл Бурбаева, медиатренер 

***

Бұл тренинг Америка халқының көмегі арқасында Америка Құрама Штаттарының Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржысымен Internews ұйымы іске асыратын «Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы» аясында дайындалды. «Қазақстандық Медиа Желі/KazMediaNetwork» ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты және ол ақпарат USAID, АҚШ үкіметі немесе Internews пікіріне сай келмеуі мүмкін.

Редакция
Редакция
Редакционный аккаунт сайта "Новый репортер".

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР