«Қазақстандық Медиа Желі/KazMediaNetwork» қоғамдық бірлестігі Өскемен қаласындағы журналистерді, журналистика факультетінің студенттері және баспасөз хатшыларын 27 мамыр, бейсенбі күні сағат 9-да өтетін офлайн-тренингке шақырады.
Тақырып: Медиаэтика: негіздері, журналист қауіпсіздігі және конфликт-сезімтал тақырыптар
Медиатренерлер:
— Бақтыгүл Бурбаева, KazMedia Network қоғамдық ұйымының атқарушы директоры;
— Жұлдыз Әбділда, Медианың өзін-өзі реттеуі жөніндегі қоғамдық комитет төрағасы
Тренинг бағдарламасында:
- Журналитикаға арналған халықаралық этика стандарттары.
- Медиа этикасының негіздері және медиа ортасының өзін-өзі реттеуі. Қазақстандағы медианың негізгі принциптері
- Қазақстандағы және шетелдегі этикалық кейстер
- Заңға қарағанда этика маңызды болатын журналистерге арналған жағдаяттар. Не істеу керек?
- Сезімтал тақырыптармен жұмыс: зорлық-зомбылық құрбандары, қақтығыстар, төтенше жағдайлар, құлдық, адам саудасы, терактілер, экстремал жағдайлар. Топпен жұмыс, практикалық кейстерді талда
- БАҚ-та суицид туралы қалай жазу керек
- Қазақстандағы медианың өзін-өзі реттеуі жөніндегі қоғамдық Комитет қалай жұмыс істейді?
бұдан басқа да көптеген тақырып бар.
Тренинг, арасында кофе-брейк үзілістерімен, кешке дейін жалғасады. Қатысушыларға сертификат беріледі. Тренинг қазақ және орыс тілдерінде өтеді.
Мекенжайы: Өскемен, М.Горький көшесі, 76. Қазақстан-Американдық еркін университетінің бас ғимараты
Тренингіге мына телефон нөмірлері арқылы жазыла аласыз:
8-777-213-13-67 Бақтыгүл Бурбаева, медиатренер
8-707-700-0439 Ольга Настюкова, жоба жетекшісі
***
Бұл тренинг Америка халқының көмегі арқасында Америка Құрама Штаттарының Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржысымен Internews ұйымы іске асыратын «Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы» аясында дайындалды. «Қазақстандық Медиа Желі/KazMediaNetwork» ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты және ол ақпарат USAID, Америка Құрама Штаттары үкіметі немесе Internews пікіріне сай келмеуі мүмкін.