Модуль 15. Жаңалықтар сюжетінің жанры: репортаж, сұхбат

Модуль 15. Жаңалықтар сюжетінің жанры: репортаж, сұхбат

1 бөлім (50 минут)

1-ҚАДАМ. Жаңалықтар сюжетінің жанры (репортаж, сұхбат)

Модуль міндеттері:

Студенттер:

  • Репортаж бен сұхбатты жаңалықтар жанры ретінде сараптайды;
  • Репортаж және сұхбат жанрларының мәтінін жазудағы ерекшеліктерді айқындайды;
  • Видеоға репортаж түсіріп, сұхбат жазады.

Талқылау:

  • Жаңалықтар сюжеті дегеніміз не?
  • Репортаждың негізгі ерекшеліктерін атаңыз?
  • Репортаж бен сұхбаттың айырмашылығы неде?

Жаңалықтар сюжеті журналистиканың ақпараттық жанрына жатады. Оның мақсаты – әлемде болып жатқан оқиғалар мен құбылыстар туралы шұғыл хабар тарату. Олардың басты ерекшелігі – жаңалықтарға жылдам реакция таныту және оны тез тарату.

Жаңалықтар сюжеті аудитория үшін өзекті, маңызды оқиғаларды немесе құбылыстарды қысқаша түрде жеткізетін медиа хабарлама.

Телевизиялық жаңалықтар бейнекадрлар мен кадр сыртындағы мәтіннен тұрады.

1-ҚАДАМ. РЕПОРТАЖ

Репортаж – оқиға орнынан таратылатын медиа хабарлама. Репортажға тән ерекшелік – жеделдік және жаңалықты берудегі бейтараптылық, қалай болды, сол күйінде жеткізу, баға бермеу. Репортаж авторының арқасында аудитория оқиғаның куәгері немесе қатысушысы бола алады, яғни, репортаж оқиғаға қатысқандай әсер қалдырады.

Репортаж көрерменді оқиғаға жақындата түседі және оған деген сенімді нығайтады, «Көп естігеннен бір көрген артық» принципі іске асады.

Репортажға тән ерекшеліктер:

  1. Баяндаудың динамикасы, іс-әрекеттің үздіксіз дамуы (фабула – байланыс, негізгі іс-әрекет, кульминация (шиеленіс) және шешім);
  2. Көрнекілік, картинаны детальдарға негіздей отырып жасау, оқиғаның мән-жайы, адамдардың түр-түсі, сөздері, киім киісі, жалпы оқиғаға қатысы бар ұсақ-түйек әрекеттер.
  3. Деректілік, реконструкция мен шығармашылық қиялдың болмауы.
  4. Баяндаудағы эмоционалдылық, сюжетке деген сенімді оятады.
  5. Репортаж авторының – жеке тұлғаның белсенді рөлі. Ол өз тәжірибесін сипаттауы мүмкін.

Репортаж оқиғалы, тақырыпты және проблемалық деп бөлінеді.

Оқиғалы репортаж. Оқиғаға жедел назар аудару, баяндаудағы хронология: оқиға орнын және уақытын көрсету.

Тақырыптық немесе танымдық репортаж. Белгілі тақырып аясында немесе өмірдің қызықты бір сәттері баяндалады. Бұнда жеделділік маңызды емес, тақырыптың терең ашылуы маңызды болмақ.

Проблемалық немесе сараптамалық репортаж. Оқиғаны баяндау маңызды емес, оның туындау себептеріне бойлау, деректерді салыстыру, детальдарды сараптау, статистиканы келтіру, өзге оқиғалармен байланыстыру.

Репортаж-комментарий. Оқиғаны таратуға маңыз берілмейді, оны түсіндіру, жан-жақты ашу, оқиғаның мәнін ашуға маңыз беріледі.

РЕПОРТАЖ ҚҰРЫЛЫМЫ

  1. Тақырып назар аудартатын, көңіл тартатын әрі оқыған адамды тұсайтын болсын.
  2. Лид (кіріспе) мәтінде әрі қандай әңгіме болатындығын түсіндіре отырып, назарды мәтінге аударады.

Лид төмендегі сауалдарға жауап беруі керек әрі шағын болғаны жөн:

  • Не болды?
  • Негізгі тұлға кім?
  • Бұл қайда болды?
  • Қашан?
  • Қандай себеппен?
  • Қалай?

3. Негізгі бөлім репортаж тақырыбын, оқиғаның мәнін ашады.
4. Түйін автордың оқиғаға қатысты пікірінен тұрады».

РЕПОРТАЖДАҒЫ МАНИПУЛЯТИВТІ ӘДІСТЕР

Репортаж ақпараттық және гибридтік соғыстарда ақпараттық қару ретінде қолданылуы мүмкін. Шын мәнісінде сюжеттерде мультимедиа технологияларының арқасында ақпаратты әдейі бұрмалау кездесуі мүмкін. Мәселен, Триполи орталығындағы Жасыл алаңдағы салтанат туралы Ливиядан «оқиға орнынан» жолданған репортажға назар аударыңыз.

Жалған репортаж әлдебір өнімнің вирусты жарнамасы ретінде қолданылуы мүмкін. Мәселен, «Сары ағаш» минералды суының жарнамасында пайда болған Дмитрий Медведевтің Халықаралық ғарыш станциясына ұшқаны жайлы репортаж біраз шу шығарғаны белгілі. Жарнама РФ-ның Үкімет басшысы Халықаралық ғарыш станциясына келгенде, оның «қысқартылған маршрутпен жеткізілгендігі» туралы репортаждың өзгеше нұсқасы. Ғарышқа ұшу кезінде Д. Медведев экипаждың толық мүшесі болады және зерттеу жұмыстарына қатысып, «Сары Ағаштағы» органикалық қышқылдың температура мен қысым кезіндегі қасиетін зерттейді.

Жарнама ролигі әлеуметтік желілерде және БАҚ-та жылдам таралды, ондағы креативтілік пен жоғары сапа «Сары-Ағаш» брендінің Қазақстаннан тыс жерлерде танылуына ықпал етті. Бұл репортажды жоғары технологиялық монтаждың арқасында минеральды судың жарнамасы ретінде қабылдау оңайға түседі.

Багиля Ахатова
Багиля Ахатова
Доктор филологических наук, профессор, директор Казахстанской коммуникативной ассоциации. Медиаисследователь, медиаэксперт, медиатренер. Специалист в области коммуникативных технологий, медиадискурса и медиаграмотности. Автор более 130 научных трудов. Медиаграмотностью занимается с 2007 года.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР