Модуль 2. Цифрлы сауат ерекшеліктері

Модуль 2. Цифрлы сауат ерекшеліктері

Цифрлы сауат ерекшеліктері (120 минут)

Модуль міндеттері:

Студенттер:

  • Цифрлы сауаттың заманауи моделімен танысады;
  • Цифрлы сауат цифрлы қоғам құруға қалай көмектесетінін ұғады;
  • Тәжірибе жүзінде цифрлы сауаттың бір негізгі дағдысы ретінде ремиксті меңгереді;
  • Канадалық MediaSmarts моделін үйренеді;
  • «Цифрлы Қазақстан» ұлттық бағдарламасын сараптайды.

Цифрлы ортаны әдетте бинарлы жүйеде кодталған мәліметтер, алгоритм, бағдарламамен қамтамасыз ету секілді түсініктер арқылы сипаттайды. Цифрлы сауаты бар адам «күн сайын біз көріп жүрген медиа презентацияның артында цифрлы код болатынын» біледі.

Зерттеушілер цифрлы сауаттың – техникалық сауат емес екенін айтады.

Цифрлы орта адамдарды өзара іс-қимылға, бірлесе қызмет етуге, өзара қатысуға және бірлесе өндіруге «шақырады».

Кең жолақты байланыс жөніндегі комиссияның тұрақты дамуды қамтамасыз ету мақсатында жасаған «Өмір мен жұмысқа арналған цифрлы дағдылар» атты есебінде цифрлы дағдылар мен өкілеттігінің төмендегідей топтарын атайды:

Базалық функционалдық тобы – құралдар мен Интернетті пайдалана білу, әлеуметтік желілерде жеке аккаунттарын аша алу, Желіден қажетті ақпаратты немесе ресурсты таба білу, клавиатураны басып, мәтін тере білу және сенсорлы экранмен жұмыс істеу үшін қажетті моториканы дамыта білу.

Стандартты цифрлы топ – цифрлы қоғамға саналы түрде ену, онлайн-қосымшалар мен қызметтерді тиімді пайдалана білу, алынған мәліметтердің дереккөздері мен өзара байланысын бағалай білу, алынған ақпараттарды сақтай және ұйымдастыра білу, қолданып жүрген құралы мен ақпаратын вирустар мен интернеттегі шабуылдардан қорғай білу, желіде авторлық құқықтың, ал жекелеген сегментте – жекелеген мемлекеттердің заңы бар екенін түсіне білу.

Маман тобы – бағдарлама мен қосымшаларды жасай білу дағдысы, желіні басқара білу және мәліметтерді талдай білу т.б.

ХХІ ғасырдың әлеуметтік дағдысы: командада жұмыс істей білу дағдысы, нетворкинг, сыни ойлау дағдысы, шығармашылық тұрғыдан шешім қабылдай білу, креативтілік, ширақтық (2).

1-ҚАДАМ. Цифрлы сауаттың қазіргі моделі

Тапсырма: Қатысушылар төрт-бес адамнан топтарға бөлініп, цифрлы сауаттың жаңа модельдері сипатталған карточкаларды алады:

________________________________________________________________________

  1. Америкалық Жаңа медиа консорциумының моделі (New Media Consortium):
Цифрлы сауаттың 3 моделі:

  • «Жалпыға арналған сауат»: сыни ойлау және цифрлы технологияны меңгеру
  • «Шығармашылық сауат»: веб-контент жасауға арналған негізгі цифрлы құралдарды пайдалана білу дағдысы
  • Цифрлы сауатты барлық оқу пәндеріне енгізу«Всеобщая грамотность»: критическое переосмысление и владение цифровыми технологиями.

________________________________________________________________________

2. Британ моделі JISC (Ақпараттық жүйелер бойынша бірлескен комитет, Біріккен корольдіктің коммерциялық емес компаниясы 16 жастан асқан жастардың білімі мен жоғары білімін қолдайды).

Цифрлы сауаттың мүмкіндігі

  • АКТ (ақпараттық коммуникациялық технология) меңгеру деңгейі
  • Медиа ақпараттық сауат (МАС) және мәліметтермен жұмыс істей білу дағдысы (сыни тұрғыдан пайдалана білу)
  • Цифрлы дүниелерді жасай білу дағдысы, проблеманы шешу және инновация (креатив)
  • Цифрлы қарым-қатынас, өзара іс-қимылдар мен әріптестік
  • Цифрлы оқыту және даму (жасау)
  • Цифрлы болмыс және ауқаттылық (өзін-өзі дамыту)Знание ИКТ (функциональные навыки)

________________________________________________________________________

3. Mozilla моделі.Еркін бағдарламамен қамтамасыз етуді қолға алған АҚШ-тың коммерциялық емес ұйымы.

XXI ғасырдың дағдылары:

  • Проблемалардың шешілуі
  • Байланыс
  • Шығармашылық тұрғыдан шешім қабылдау
  • Серіктестік

 

________________________________________________________________________

10 минут ішінде әр топ модель мазмұнына орай талдайды, интернеттен қажетті ақпаратты іздеп тауып, цифрлы сауатқа қажет дағдылар мен құзыреттіліктерді ерекшелей отырып, 2 минуттан аспайтын презентация жасайды.

Түйін: әлеумет, мәдениет, саясат және институциональды контекстен жырақ қарапайым әрі визуалды модельдер студенттердің цифрлы сауатты үстірт қабылдауына бастауы мүмкін.

Цифрлы сауат дегеніміз тек компьютерді пайдалана білу ғана емес.

Бұл ақпараттық коммуникациялық технологияны меңгеруден де ауқымды түсінік. Оның цифрлы ортада нақты бір ережелері және жаңа стратегиялары бар. Цифрлы сауат дамуының негізгі мәселесі – технологиялық детерминизмді жоққа шығаратын әлеуметтік тәжірибенің кеңірек бөлігі.

Цифрлы сауат цифрлы ортада белгілі бір ережелер мен қарым-қатынастың коммуникативті стратегиясын ұсынады. Америкалық философ және мәдениеттанушы Генри Дженкинс цифрлы сауаттың бірнеше типін ұсынады:

  • Компьютерлік (біздің желіге шығуымызға көмек болатын техниканы игере білу);
  • Ақпараттық (біздің мазмұнмен жұмыс істеуімізге мұрындық болатын бағдарламалық қамтамасыз етуді игере білу);
  • Біздің желіде қарым-қатынас жасап отырғанымызды сезіндіретін сауат.

Сөйтіп, цифрлы сауаттың құзыреттілігі дегеніміз: цифрлы технологияларды жұмыста, оқуда, онлайн-саудада, медициналық ақпарат алғанда, қоғамдық өмірге қатысу кезінде, көңіл-көтеру барысында т.б. сенімді түрде қолдана білу.

Екінші жағынан әлем халқының 52% бүгінгі күнге дейін Интернетке қосылмаған. «Адамзат баласының 99% әлемнің бар байлығын иеленген 1% бақылап отыр». Цифрлы сауатты дамытудың негізгі мақсаты осы әлемді өзгерту. Егер осы моральдық және саяси миссияны көзге ілмейтін болсақ, цифрлы алшақтық проблемасын шешу мүмкін емес.

ЮНЕСКО цифрлы сауатты дамытудың негізі ретінде пікір білдіру еркіндігі мен зерттеу еркіндігін атайды әрі цифрлы сауатты барлық тұрғын үшін дамыту қажет деп есептейді. Бұл контекспен қарағанда, цифрлы дағдылар «мінез-құлықтың, тәжірибенің, ноу-хаудың, еңбек дағдыларының, диспозицияның және сыни қабылдаулардың үйлесімі», цифрлы технологиялардың саяси ерекшеліктерін талдай білу мүмкіндігі, «адамдар цифрлы кеңістікке қатысушылардың мотивациясын тани білуі керек» (2, 32 бет).

Тәжірибелік тапсырма:
Цифрлы сауат картасын сызып, презентация жаса (10 минут)

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР