Домой2-бөлім. Ақпаратты бағалау және анықтау барысындағы сыни ойлаудың рөлі: әдісі мен технологияларыМодуль 7. Жаңалықтың нақтылығы мен дәлдігін анықтаудағы сыни ойлау технологиялары

Модуль 7. Жаңалықтың нақтылығы мен дәлдігін анықтаудағы сыни ойлау технологиялары

Модуль 7. Жаңалықтың нақтылығы мен дәлдігін анықтаудағы сыни ойлау технологиялары

Модуль міндеттері

Студенттер жаңалықтың нақтылығы мен дәлдігін анықтауға қажетті
технологияларды үйренеді, төмендегідей сұрақтардың жауабын табады:

  • жаңалық деген не?
  • жаңалықтың сапасын қалай анықтаймыз?
  • жаңалықтың сапасын анықтайтын критерийлердің ерекшеліктері неде?

1-ҚАДАМ. Қатысушылармен танысу. Сабақ мақсатын айқындау (15 мин)

Танысу ойыны (5 минут).

Сабақ басталмас бұрын тренер әрбір қатысушымен танысып шығады. Ол үшін қатысушылар шеңбер жасап тұрады. Тренер допты алып, өз есімін атап, келесі қатысушыға лақтырады. Келесі қатысушы өзінің есімін атап, басқа бір қатысушыға лақтырады. Әрбір қатысушы өзінің есімін, қай қаладан келгенін және немен айналысатынын айтады.

Әр қатысушы өзінің есімін атап болған соң, тренер енді қатысушының есімін атап, допты сол адамға лақтырады.

Әрбір қатысушылар өзара танысып болған соң, тренер қатысушыларды отырған орындары бойынша үш топқа бөледі.

Әрбір топ өз ішінде өзара төмендегідей сұрақтарды қойып, бір-бірінен сұхбат алады:

  • Күнделікті өмірде жаңалықтарды қай жерден оқисың, тыңдайсың немесе көресің?
  • Бұл тренингтен не күтесің?
  • Жаңалықтардың сапасына көңілің тола ма? Неге?

Қатысушылар өзара сұхбат алған соң, әр топтан бір адам шығып, шағын түйін жасайды. Бұл арқылы тренер қатысушылардың жаңалық туралы жалпы білімдерін, тренингтен не күтетінін алдын ала біліп алады. Бұдан соң тренер өзінің не дайындап келгенін және қатысушылардың білгісі келген ақпараттары жайлы тренингте материал болатынын немесе болмайтынын алдын ала хабарлап қояды.

2-ҚАДАМ. Тақырыпқа теориялық кіріспе (15 минут)

«Жаңалықтану” презентациясында айтылатын негізгі ойлар Stony Brook University News Literacy Center дайындаған материалдар негізінде әзірленген.

Тренер бұл мәтінді бөлек үлестірме материал етіп шығарып, презентациядан кейін қатысушыларға таратып берсе болады.

Баяндама барысында мына сұрақтар төңірегінде сөз қозғайды:

  • Жаңалықтарға кіріспе
  • Жаңалықтар сапасы
  • Жаңалықтарға қойылатын талаптар.

Ең бірінші «жаңалық деген не?» дегенге тоқталсақ. Қазіргі тілшілерге осы сұрақты қойсақ: «Жаңалық деген кім, не, қайда, қашан және неліктен деген сауалдарға жауап беретін мәтін деп айтады. Бұл ақпарат жасау тұрғысынан алғанда да өте ыңғайлы. Мысалы, редактор журналист дайындаған материалды қарағанда осы бес сұрақты қою арқылы материалдың жаңалыққа жататынын не жатпайтынын анықтай алады. Егер материал бес сұрақтың біреуіне жауап бермесе, материал сапасыз деп бағаланып, авторға түзетуге қайтарылады. Ал егер сұрақтардың барлығына жауап болмаса, бұл мүлде жаңалық емес, ойдан құрастырылған әңгіме болып шығады.

Адамдар кейде медиа жаңалыққа толы деп ойлайды немесе алғашында медиа жаңалық тарату мақсатында пайда болғандықтан, БАҚ-тағы кез келген материалды жаңалық дей береді. Сондай-ақ, медиадағы материал, нақтырақ айтсақ жаңалық, өзекті әрі «жаңа» болуы керек деген де пікір бар. Кейбір редакторлар «кеш берілген жаңалықтың ескірген азық-түлік секілді иісі шығады», – дейді.

Жаңалықтарды журналистік материалдың ең сапалысы деп те бағалайды. Жазушылар ауқымды, тарихы терең повесть, роман, шығармалар жазады. Ал журналистер дәл бүгін, осы сәтте болған оқиғаны тарих бетіне қалдырады.

VIA туралы қысқаша ақпарат:

Ағылшын тіліндегі VIA (Verification, Independence, Accountability) акронимі қазақ тілінде тексеру, тәуелсіз және талап ету дегенді білдіреді:

ТЕКСЕРУ (Verification) Әлдененің шынайы немесе дұрыс жеткізгенін айғақтау үшін қолда бар деректерді жинақтау процесі.

ТӘУЕЛСІЗ (Independence) Тәуелсіз немесе әлдебір мүдделі топтардың ықпалына түспеген және тексеру мен баланc арасындағы жүйе

ТАЛАП ЕТУ (Accountability) Көрсетілген қызмет немесе атқарған жұмысы үшін жауапты болу немесе жауапкершілік алу.

Бұл презентациядан соң тренер бірнеше сайтты ашып, ішіндегі жаңалықты ТТТ бойынша талдап көрсетеді.

Мысалы, avtoradio.kz сайтындағы жаңалықты алып қарастырсақ болады.

Тренер интернеттің браузерінен avtoradio.kz деген сілтемені теріп, алғашқы жаңалықты көрсетеді. Қатысушылар да сол жаңалықты ашып, төмендегі сауалдар бойынша жауап іздейді.

Асхат Еркимбай
Асхат Еркимбай
Медиаэксперт, Сүлейман Демирел атындағы университеттінде мультимедиа, дата-журналистика бойынша лекция оқиды. 2011 жылы Асқат Еркімбай Вайоминг Университетінде (АҚШ) магистр ғылыми дәрежесін алды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР