Модуль 2. Цифрлы сауат ерекшеліктері

Модуль 2. Цифрлы сауат ерекшеліктері

3-ҚАДАМ. Remix цифрлы дағдысын меңгеру (15 минут)

Remix мәдениеті – «кесу/көшіру және қою әрекеттерімен» әзірленген цифрлы технологиядағы жазбалар мен ғаламдық ақпарат алмасу.

Remix қайта жасалған, қайта қалыптастырылған және қайта бағытталған мәдени деректер арқылы өз идеяларымызды, болмысымызды сыни бағдарлауға мүмкіндік береді. Бұған дейінгі бар деректерді өз көзқарастарымызды құрастыру үшін құрылыс материалы ретінде қолданамыз.

Реми́кс дағдысы арқылы кез келген адам цифрлы сауатты бола алады. Д.Белшоу бұның маңызы туралы «ремикс цифрлы сауаттың жүрегінде орналасқан» деп мәлімдеген. Ескі дағдыларға, білімге және тұжырымдарға сүйене отырып, Remix жаңа мән-мағына тудырады. Ремикс видео өңдеуден бастап бүгінгі заманауи әлемде маңызы күн санап артып бара жатқан ортақ өндіріс жасау процесіне дейінгі барлық дағдыны қамтиды. Ремикс «жүйелі ойлауға», идея мен тәжірибені және ықпалдастықты тоғыстырады.

Ремикс – қазіргі ұрпақтың мәдениеті: «Цифрлы сауаттың қыры көп: ол контекске байланысты және бірлесе әзірленеді. Адамдар түсініктерді өздері жасауға қауқарлы болып, танымал практиктер мен зерттеушілердің жұмысына тамсанып жүргеннен гөрі өзгелердің жұмысына ремикс жасай білуі керек».

Тәжірибелік тапсырма:

Әр қатысушы «Дюймовочка» ертегісінің өз нұсқасын әзірлейді. Медиасауатты тәжірибе барысында үйренеді: әр аудитория контентті әртүрлі қабылдайды. Қатысушылар өз нұсқаларымен таныстырып, «Неоновая Дюймовочка» видеосын көріп, талқылайды. (15 минут)

4-ҚАДАМ. MediaSmarts цифрлы сауат концепциясы

Ақпараттық коммуникациялық технологиялар

Дереккөзі: https://docplayer.ru/54496161-Diagnostika-ikt-kompetentnosti-pedagoga-vernyy-kurs-k-cifrovoy-gramotnosti.html

Канадалық модель

1. Цифрлы медиажүйе желіге қосылған

Канадалық MediaSmarts моделі үш негізге сүйенеді: АКТ саласындағы инновацияларды меңгеру, конструктивті әлеуметтік әрекетке назар аудару, адамның шығармашылық мүмкіндіктері және сыни ойлауын дамыту. Канадада цифрлы сауат қолданушыларға саяси ұйымдастырушы немесе лидер болуға көмектеседі деп санайды.

Дәстүрлі медиаға қарағанда цифрлы медиада бір жақты қосылым жоқ. Цифрлы медиада адам контент таратудағы ең соңғы бекет емес, бар болғаны шексіз желінің бір түйіні ғана.

Ықпалдастық пен диалог – бір реттік әрекет немесе байланыс емес қалыпты үрдіс.

 

Барлығы да бір-бірімен байланған. Дәстүрлі медиаға қарағанда қатысымға кедергі болатын жайттар аз; кез келген адам контент жариялап, өз аудиториясын таба алады. Қолданушылар өз құрдастарымен және «жұлдыздармен» бір сәтте байланысқа шыға алады.

2. Цифрлы тасымалдаушылар тұрақты, ортақ қолдануға және іздеуге қолжетімді

Цифрлы контент тұрақты: тасымалданғанның барлығы бір жерде сақтаулы тұрады және табылып, индекстеледі. Бұл контенттің көп бөлігі көшіріледі, таратылады немесе сатылады. Цифрлы контент көп ретте синхронды тұтынылады: біз әдетте хабарға бірден жауап береміз, бірақ басқа қолданушылар сіз ойламаған кезде жауап беруі мүмкін.

3. Цифрлы медианың аудиториясын болжап білу мүмкін емес

Сіздің интернеттегі хабарларыңызды сіз көруі мүмкін емес деп ойлаған адамдар да көреді. Контент жасаушылар, дәстүрлі гейткиперлер мен таратушылар жарияланым шыққан соң оған ие бола алмайды. Әрдайым бір аудиторияға бағытталған хабар өзге бір аудитория меншігіне өтіп кету қаупі болады.

4. Цифрлы медиа тәжірибесі бар, бірақ үнемі ойлағанымыздай емес

Желідегі қарым-қатынас әдетте «сүйіспеншілік» қақпанына түсіреді. Желідегі қатынастың ерекшеліктері (аноним, дауыссыз немесе бет әлпетті көрмеу) бізді виртуалды кеңістікте екенімізді ұмыттыруы мүмкін. Желідегі хабарласып отырған адамның нақты мотивациясын анықтау өте қиын.

Дәстүрлі медиаға қарағанда Интернеттегі адамдар мен суреттердің бізге ықпалы күштірек. Интернеттегі өзіміздің бейнемізді сомдауымыз да бізге әсер етеді. «Әдепсіз қыз болуды доғарарсың, бәлкім», – дейді маған әпкем. Мен болсам, «бұл менің образым, бұл менің кином әрі осы кинода мен негізгі рөлді сомдаймын, әрі режиссермін», – деп танымал блогер Айжан Байзақованың ақталғаны бар.

5. Платформа құрылымы цифрлы медиадағы хабарға және оның мазмұнына әрі оны қолдану мінез-құлқымызға әсер етеді.

Қолданушы интерфейсінен бастап, контенттің бізге қалай жететінін анықтайтын алгоритмге дейінгінің бәрі цифрлы медианың хабары мен мазмұнына ғана емес, сонымен қатар оны қолдану кезінде мінез-құлқымызға да әсер етеді. Мысалы, гиперсілтемелер бізді басқа мәтіндерге және платформаларға өтуге итермелейді.

Дәстүрлі медиадағы тәрізді, бұл гиперсілтеме жасағандардың мүддесін көздейді. Көп ретте бұл коммерциялық пайдамен байланысты.

БАҚ-ты сыни тұрғыдан тұтыну – XXI ғасыр азаматының ажырамас бөлігі.

Цифрлы азаматтық дәстүрлі түсініктегі азаматтық қоғаммен тығыз байланысты. Себебі цифрлы бұқаралық ақпарат құралдары мен оларды қолдану мүмкіндігі азаматтық позицияның бір бөлігіне айналып отыр.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР