2-ҚАДАМ. СҰХБАТ
Сұхбат – екі немесе одан да көп адамның диалогы. Сұхбат алушы сұрақтар қояды және сұхбат беруші оған жауап береді. Әдетте әлеуметтік маңызы бар тақырыптар көтеріледі, әңгімеге сарапшылар немесе медиада белгілі адамдар қатысады.
Шаг 2. ИНТЕРВЬЮ
Интервью — диалог двух и более людей, интервьюера (задает вопросы) и интервьюируемого (отвечает на них). Обычно поднимаются социально значимые темы, в беседе участвуют эксперты или медийные, известные личности.
«Сұхбат не үшін қажет? Яғни, оқиғаға қатысы бар адамдардың салиқалы пікірі, оқиғаны талқылау немесе түсіндіру – қоғамға бұған дейін құпия болып келген жаңа мәліметтер, факт, проблемаларды жарыққа шығарады».
Журналистік тәжірибеде сұхбаттың бірнеше түрі қолданылады.
- Ақпараттық сұхбат (журналист әртүрлі деректер мен оқиғалар туралы ақпарат алу мақсатында пайдаланады. Оның негізгі мақсаты: Кім? Не? Қайда? Қашан? Неге? Не үшін? сауалдарына жауап алу).
- Ресми сұхбат (мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың пікірлері мен шешімдерінен хабардар етеді).
- Портреттік сұхбат – журналист тұлғаның ерекшеліктері мен жеке қасиеттерін ашу мақсатында әңгіме жүргізеді.
- Проблемалық сұхбат – проблемаға назар аударту, оны шешу жолдарын айқындау мақсатында әртүрлі көзқарастарды білу.
Сұхбатқа тыңғылықты әрі жүйелі түрде дайындалу керек. Журналист талқылап отырған тақырыпты жан-жақты білуі тиіс, бұл оны қызықтыратын сауалдарына жауап алу үшін пайдаланады. Сондайақ, қосымша фактілерді аша отырып, әңгімелесушіні ашық диалогқа шақыра алады.
«Сұхбат жүргізудің бұл ережелері кез келген ақпаратқа (бизнеспроцесті сипаттау, келіссөздер жүргізу, сарапшылардың бағасы мен тәжірибесін тыңдау үшін, тақырыпты зерттеу) сәтті қол жеткізу үшін көмектеседі.
1. Сұхбатқа тыңғылықты дайындалу
Тақырыпқа орай және сұхбаттасыңыз туралы барлық ақпаратты жиыстыру және жан-жақсы зерттеу қажет. Алдын ала барлық өзіндік терминдерді біліп алу, алдын ала қосымша сұрақтарды дайындап қою, мысал, түсіндірмелер және тағы басқа.
2. Сіздің сұхбаттасыңыздың басшысы бұл сұхбатты ұйымдастыратындай етіңіз
Сіз сұхбат алуға дайындалып жатқан адамның басшысы оған бұл әңгіменің маңызды екенін жеткізгені маңызды.
3. Бұйрық бермеңіз, тыңдаңыз.
Сұхбаттың көпшілігінде қойылатын сауалдар тек қана «иә», «жоқ» деген жауап талап етпейді ғой. Сізге кеңірек, мазмұнды, мүмкіндігінше көп ақпарат қажет. Ашық сауалдар қойыңыз.
4. Сауалдарыңыз жеңіл әрі түсінікті болуы тиіс.
Алынған жауаптарды қайталап отырыңыз.
Сұхбатты аяқтардан бұрын алынған жауаптарыңызды дауыстап, қайталап айтуға тырысыңыз. Кей адам өз ойын аяқтай алмайды. Бір сауалдан екіншісіне «секіріп» отырады әрі маңызды мәселені «мәні жоқ» дүниемен алмастырып отырады. Егер оның жауаптарын өзіне қайталасаңыз, сұхбаттасыңыз сіздің оны дұрыс түсінген-түсінбегеніңізді нақтылап, жауабын тереңдете түсуі мүмкін. Бұл тактика сұхбат берушінің жауапты маңызды детальдармен толықтыруына немесе маңызды мәселелер жөнінде басқа әңгіме өрбітуге бастауы мүмкін.
5. Тым көп сауал қоймаңыз
Сұхбатқа дайындалу барысында, аса маңызды 4-5 сауал дайындап, бір мәселеге ғана назар аударуа тырысыңыз.
6. «Соңғы сауал» тактикасын қолданыңыз
Сауалыңызға қажетті жауапты заттарыңызды жинап, кетуге дайындалып, есік алдында тұрып алуыңызға да болады. Сұхбат аяқталған кезде, екі тарап та өзін еркін сезінеді. Сіздің сұхбаттасыңыз сіздің тарапыңыздан үстемдік сезінбейді. Ол сақтықты ұмытып, сізге кейбір маңызды сәттерді айтуы мүмкін. Бұл тактика жақсы жұмыс істейді.
Сондай-ақ, сіз сұхбат өткеннен кейін 1-2 күннен кейін де сауал жолдай аласыз. Бұл сауал сіз өткен жолы ұмытылып қалған болуы тиіс. Бұл да сіздің алғыңыз келген ақпаратты алуға көмектеседі.
7. Үнемі алғыс білдіріп отырыңыз
Сұхбаттан қайтқаннан кейін, әңгімелесушіңізге алғыс білдіріп, хат жолдауға уақыт табыңыз. Бұл сыпайылықты да, сіздің кәсібилігіңізді де танытады. Бұның соңы жақсы қарым-қатынасқа да бастауы мүмкін.
8. Сұхбат нәтижесін өңдеу
Сұхбатты жүргізіп болғаннан кейін, жазылған барлық дүниелерді, ақпараттарды әрі қарай жұмыс істеуге ыңғайлы болуы үшін электронды форматқа аудару керек. Егер тағы да сауалдар туындаса, оны келесі сұхбат үшін жазып қойыңыз».
СҰХБАТТАҒЫ МАНИПУЛЯТИВТІ ӘДІСТЕР
Сұхбат барысындағы манипуляция журналист тарапынан да, сұхбат беруші тарапынан да болуы мүмкін.
Респондент тарапынан болатын манипуляция:
- Сұхбат берушінің ақпаратты бұрмалауы немесе жасыруы.
- Сұхбат берушіге «мен құпия ақпараттарды ала аламын…», «президент әкімшілігіндегі досымның мәлімдеуінше…», «ақпаратты білетін адам ретінде, мен…» секілді фразаларды пайдалана отырып, ол өзінің қандай маңызды адам екендігін танытқысы келеді. «Мен сізге бір ақпарат айтайын, бірақ бұны жарыққа шығаруға болмайды, сіз маған уәде беріңіз» деген фраза журналиске сұхбатта болуы тиіс өте маңызды ақпарат жайлы жалған түсінік қалыптастыруы мүмкін.
- Тақырыпты өзге жаққа бұрып әкету, сұхбат алушының көңілін аулау, сөйтіп қойылған сауалға толық жауап бермеуге тырысады.
- «Қолымда жоқ еді, өзіңіз қарап аларсыз» деген сылтаумен әртүрлі нормативтік мәліметтерге, қаулылар мен шешімдерге сілтей салу. Журналистердің бұл қаулыларды қарауына және іздеуіне уақыты болмайды ғой. Сөйтіп, нақтыланбаған мәлімет материалға еніп кетуі мүмкін.
- Шаршаған кейіп таныту, сұхбат берушінің жұмысының ауырлығын сылтауратып күрделі сауалдарға жауап беруден жалтаруы.
Журналист тарапынан болатын манипуляция:
- Егер сұхбат беруші фактілерді жасыруға немесе бұрмалауға тырысса, журналистің қосымша фактілерді білуі әңгіме барысын қадағалауға мүмкіндік береді.
- Әңгімелесушінің айтқанының өңін айналдырып қайта сұрау, сөздің мәнін өзгертіп қайталап баяндау – журналиске айтылған ойдың мазмұнын өзгертуіне мүмкіндік береді.
- Әңгімелесушінің ертеректе айтқан сөздерінен (бұл сұхбатта емес) мысалдар келтіріп, сұхбат берушіні әңгімеге айналдыру.
- Тек «иә» немесе «жоқ» деген жауаптар ғана берілуі мүмкін сауалдар қою; бұндай сауалдар қажетті жауапты таңдауға мәжбүрлейді.
- Қоғамның немесе сарапшылар қауымдастығының көзқарасына сілтеме жасау. Мәселен «бәрімізге белгілі», «бұл дәлелденген ақиқат», «зерттеулерге сүйенсек», «сарапшылар қауымдастығының пікірі бойынша» деген фразаларды қолдану әңгімелесушіге әсер етеді және оны «өзгенің көзқарасына» қарай ыңғайлануға мәжбүрлейді.
Жалған (фейк) сұхбатты жарнама ретінде пайдалануға болады. Мәселен, ресейлік www.lenta.ru сайтындағы Дариға Назарбаевамен жасалды делінген жасанды сұхбатты айтуға болады. Онда Назарбаева электр энергиясын үнемдейтін, шығыны аз Electricity Saving Box құралын мадақтайды. Мәтінде электр энергиясы үшін төленетін жоғары төлемдер, оның қазақстандықтардың қалтасына салмақ салатындығы айтылады. Сол себепті де Дариға Назарбаева осы бір күмәнді құрылғыны сатып алып, пайдалануға кеңес береді. Қазір жарнама өшірілген.
«Лента.ру» опровергла свою причастность к фейковой рекламе с Даригой Назарбаевой
21 Октября 2016 21:19 164 АСТАНА. КАЗИНФОРМ — Редакция «Ленты.ру» заявляет, что не имеет никакого отношения к фейковой рекламе с использованием имени депутата Сената Казахстана Дариги Назарбаевой. |
Түйін:
Репортаж бен сұхбатты қамтитын ақпараттық жанрлар аудиторияға өзекті оқиғалар мен құбылыстар жайлы шұғыл ақпарат таратады. Ақпарат нақты әрі шынайы болғаны маңызды. Өкінішке қарай, кейбір жаңалық аудиторияны адастыру үшін немесе ықпал ету үшін әдейі бұрмаланады. Оқиғалар мен фактіні түсіндіру шынайы өмірдің белгілі бір бет-бейнесін жасайды, сосын бұқаралық коммуникацияның адресаты қоғамдық санаға сыналап енеді.