Домой1-бөлім. Қазақстандағы медиасауаттың әлеуметтік-саяси даму мәнмәтініМодуль 1. Медиа ақпараттық сауаттың (МАС) негізгі түсініктері мен қағидалары

Модуль 1. Медиа ақпараттық сауаттың (МАС) негізгі түсініктері мен қағидалары

Модуль 1. Медиа ақпараттық сауаттың (МАС) негізгі түсініктері мен қағидалары

2-ҚАДАМ. ЮНЕСКО-ның MIL CLICKS жобасы

Әлеуметтік желілермен сауатты жұмыс жасауға үйрететін үздік жобалардың бірі:

1) адамдардың медиа және ақпараттық сауатын арттыру мақсатында көп аудиторияны қамту үшін;
2) қоғамдық қауымдастық назарын медиа және ақпараттық сауаттың маңыздылығына аудару үшін қолдану қажеттігін айтады.
MIL CLICKS-тің аббревиатурасы медиа және ақпараттық сауат (Media and Information Literacy): сыни ойлау (Critical-thinking), креатив (жаңашылдық) (Creativity), сауат (Literacy), мәдениетаралық коммуникация (Intercultural Communication), азаматтық (Citizenship), білім (Knowledge) және тұрақты даму немесе өз-өзіңді дамыту (Sustainability).

1-Тәжірибелік тапсырма

а) Қатысушылар 5 адамнан бірнеше топқа бөлінеді. А-4 қағазына өздерінің медиасауат туралы түсініктерін сурет немесе инфографика түрінде салады.
б) Медиасауат қай салада көбірек қажет? Жауаптарымызды қағазға түсіріп, талқылаймыз, салыстырамыз. Ерекше жауаптарды түрлі-түсті стикерлер арқылы ерекшелейміз. (5 минут).

Жауаптар арасында:

  • Желіден ақпаратты сауатты түрде іздеу (ақпаратты сүзгіден өткізе білу дағдысы, оны сақтай білу және берілген параметрлер бойынша өзгерте білу);
  • Медиамәтіндерді түсіну және декодтау (декодирование) – (медиамәтіннің және контекстің жасырын мазмұнын қабылдай білу концепциясы және алынған ақпаратты өз бетінше бағалай білу);
  • Әртүрлі жанрдағы медиамәтіндерді жасай білу;
  • Жеке адамның ақпараттық қауіпсіздігі (медиакеңістіктегі қарым-қатынаста этиканы сақтай білу, медиавирустарды айқындай білу және сандық детокстың негізін білу);

2-Тәжірибелік тапсырма. Мемдерді қайта кодтау

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин туралы мемге сыни анализ жасаңыз (10 мин).

«Мемлекеттің бас санитар дәрігері қызметін атқарған Жандарбек Бекшиннің “Ақыр соңында (наконец-то) коронавирус инфекциясы Қазақстанға 11-16 наурыз күндері келеді”- деген мәлімдемесі көптеген мемге себепкер болды. Сонымен қатар, 2020 жылы ҚазҰУ-ға тиесілі 0.8 гектар жердің жекеменшікке өтіп кеткені анықталды. “Хабар” арнасының бұрынғы продюсері Серік Аббас Шах әлеуметтік медиада бұл жайлы жазумен болды». (10 мин).

Дереккөз: https://www.facebook.com/photo.php?fbid=3638368129544921&set=pb.100001153087084.-2207520000..&type=3

Талқылауға арналған сауалдар:

  • «Мем» дегеніміз не?
  • Бұл мемде кім және не көрсетілген?
  • Неге бұл адамдар мен оқиға осылай суреттеліп отыр?
  • Бұл мемнен қандай жасырын ойды байқадыңыз?
  • Бұл мемнің негізінде қандай тұжырым жасауға болады?

Түйін. Мем — бұл ақпараттық ортаның түрлі жағдайларда жаңғырып тұратын бірлігі.

Өз кезегінде бұл ақпарат уақыт өте түрлі ұсақ-түйекті дерекпен толығып отырады, оның анық-қанығын анықтау айтарлықтай қиын. Дереккөз, маңызды фрагменттері жойылады, ал оқиға төңірегінде жасалған аңыз шынайлықтан маңыздырақ болып қалады.

3-ҚАДАМ. Медиасауат индексі

Медиасауаттың бірінші индексі 2017 жылы «пост-шындық» құбылысына жауап ретінде жасалды, қоғамдық пікірді қалыптастыру үшін эмоция мен тұлғаның жеке сенімінен бұрын, жан-жақты көрсетілген шындық маңызды.
Жалған (фейк) хикая адамдардың басым көпшілігіне орташа есеппен алты есе тез жетеді. Неге олай? «Жалған ақпаратқа» қарсы тұру деңгейін қалай өлшеуге болады?

Медиасауатқа әсер ететін және жалған жаңалықты тану әлеуетіне ықпал етуші факторлар:

• Мемлекеттегі БАҚ еркіндігінің деңгейі;
• Электронды қатысу (e-participation), азаматтық белсенділікке жәрдемдесу, ақпараттық және коммуникация технологияларын басқару мүмкіндігі;
• Білім сапасы;
• Тұлға аралық сенім.

Алғашқы және соңғы факторларға ерекше тоқталамыз.

1. Мемлекеттегі БАҚ еркіндігінің деңгейі

Қазақстандағы сөз бостандығы туралы не ойлайсыз?

Талқылау (уақыт 5 минут)

Бұл индексте БАҚ қызметі неғұрлым еркін елдерде, адамдар соғұрлым таратылған ақпараттың шын-өтірігін тануға және жалған жаңалықтарды анықтауға бейім келеді.

«Сөз бостандығы» жағдайын білу үшін IREX жариялайтын БАҚ тұрақтылығының жыл сайынғы индексін басшылыққа аламыз:

  • Сөз бостандығының заңды және әлеуметтік кепілдіктері бар және қолданылады.
  • БАҚ-тың тарату арналарына лицензия беру әділ, ашық бәсекелестікпен және саясаттан тыс бөлінуі керек.
  • Нарыққа ену және БАҚ-қа салынатын салық әділ түрде және басқа салалармен салыстырғанда жоғары болмауы керек.
  • Журналистер мен бұқаралық ақпарат құралдарына қарсы қылмыстар қарқынды түрде тексеріледі, бірақ ондай қылмыстар өте сирек болады.
  • Мемлекеттік және қоғамдық БАҚ құқықтық жеңілдікке ие болмайды, заң редакциялық тәуелсіздікке кепілдік береді.
  • Жала жабу – азаматтық құқық мәселесі. Мемлекеттік шенеуніктер жоғары стандарттарды ұстанады. Жәбірленуші тарап жалған хабарлама мен келтірілген зиянды дәлелдей алуы керек.
  • Бұқаралық ақпарат құралдары ақпаратқа шектеусіз қол жеткізуі тиіс: бұл барлық БАҚ пен журналистер үшін бірдей дәрежеде болуы тиіс.

2019 жылдың қортындысы бойынша, Қазақстандағы сөз бостандығының жағдайы ең жоғарғы 4 баллдың 1,54 баллын құрайды.

2. Электронды қатысу (e-participation) – тұрақтылықтың маңызды критериі пост-шындыққа қарсы тұра білу:

Индекс электронного участия
Дереккөз: United Nations, https://publicadministration.un.org/egovkb/en-us/Data/ Country-Information/id/87-Kazakhstan

Сандық демократия дамып келеді, себебі қазіргі таңда қатардағы
азаматтардың интернет-конференциялар, блог-платформалар
(мәселен, blogs.e.gov.kz ресми блог-платформасындағы басшылардың
блогы), электронды үндеулер, петиция арқылы жаңа заң жобаларын
талқылауға және мемлекеттің шешім қабылдауына қатысуға мүмкіндігі
бар.

4 көрсеткіш бойынша Қазақстан электронды қатысуда ұтымды орынға
ие, 2008 жылы 98-орында болса, 2020 жылы 26-орынға көтерілген.

3. Білім

Біліммен жақсы қаруланған азаматтар дезинформацияға алданбайды.
Білімнің рөлін жалған тұжырымдар мен дезинформацияға, үгіт-
насихатқа қарсы иммунитет тудыратын екпемен салыстыруға болады.
Сонымен қатар Экономикалық және даму ынтымақтастығы ұйымы
сарапшыларының пайымдауынша Қазақстандағы жоғарғы оқу саласы
түбегейлі реформалауды қажет етеді.

4. Тұлғааралық сенім

Арнайы жүргізілген зерттеусіз бұл фактордың Қазақстанға ықпалын
айту ертерек.

3-Тәжірибелік тапсырма

Қазақстан БАҚ-тарындағы атышулы фейктің анализі: Қазақстан
Бірінші арнасы Познермен жалған сұхбат көрсеткені үшін
сынға ұшырады.

фейковое видео

Талқылауға арналған сауалдар:

  • Аталған материал туралы ақпараттың тақырыбы өзін-өзі ақтай ала
    ма? Сіз оны қалай атар едіңіз?
  • Материал неге халықаралық дау тудырды?
  • Бұл материалдың авторлары не айтқысы келді?
  • Сұхбат қандай құралдар арқылы жасалған?
  • Егер сіздің жетекшілігіңіздегі редакцияда осыған ұқсас жағдайлар
    орын алса, не істер едіңіз?

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР