Домой1-бөлім. Қазақстандағы медиасауаттың әлеуметтік-саяси даму мәнмәтініМодуль 1. Медиа ақпараттық сауаттың (МАС) негізгі түсініктері мен қағидалары

Модуль 1. Медиа ақпараттық сауаттың (МАС) негізгі түсініктері мен қағидалары

Модуль 1. Медиа ақпараттық сауаттың (МАС) негізгі түсініктері мен қағидалары

4-ҚАДАМ. Медиа-ақпараттық сауаттың (МАС) 5 заңы (10
минут)

Бізде енді медиа-ақпараттық сауат туралы түсінік пайда болғаннан
кейін алғашқы мағлұмат та бар. Енді медиа-ақпараттық сауаттың 5
заңына көңіл аударайық. Бұл заңдар ақпараттың шынайы екендігін
білуге және көзқарастың бейтарап немесе бұрмаланғандығын
анықтауға көмектесетін болады.

медиаграмотность
Дереккөз: https://cdn.nmc.org/media/2017-nmc-strategic-brief- digital-literacy-in-higher-education-II.pdf

Жоғарыдағы New Media Consorcium инфографикасында ЮНЕСКО
тарапынан жасалған медиа-ақпараттық сауаттың негізгі заңдары
көрініс тапқан:

  1. Медиа, технология, интернет, кітапхана және ақпаратты таратудың
    өзге де түрлері қоғамның сыни ойлануы және тұрақты дамуы үшін
    ұсынылады. Оның қай форматы болса да, маңызды.
  2. Әркімнің айтары бар. Азаматтардың жаңа білім алуына және өз
    ойын ашық айтуына кедергі болмауы керек.
  3. Алынған білімнің бәрі шынайы әрі бейтарап болуы мүмкін емес.
    Ақпарат тұтынушының оны түсінетіндей мүмкіндігі болуы керек.
  4. Әркім жаңа ақпаратты білгісі және түсінгісі келеді (тіпті адам оны өзі байқамауы да мүмкін).
  5. Ақпараттық және медиасауат біртіндеп дамиды. Бұл динамикалық және күрделі процесс.

5-ҚАДАМ. Медиасауаттың негізгі концепциялары (10 минут)

Бес ережені білу – 1987 жылы Канадада негізі салынған, кейін көптеген елдің ғалымдары тарапынан толықтырылған медиасауаттың теориялық негіздерін түсінуге көмектеседі.

1. Барлық медиада материал ойдан құрастырылған

Бұл өте маңызды идея. Біз интернет мемдерді таратқанда немесе селфилеткенде шынайы өмірімізді бұрмалайтын медиаобраздардың таралуына ықпал етеміз. Бірақ біз көптеген БАҚ-ты шынайылықтың тікелей таратушысы ретінде қабылдаймыз. Медиасауаттың міндеті – олардың қандай жолмен жасалғанын айқындай отырып, бұл хабарламаларды жоққа шығару.

2. БАҚ біздің шындықты қабылдауымызды қалыптастырады

Біздің дүниетанымымыздың басым бөлігі белгілі бір көзқарас тұрғысынан жасалған, интерпретацияланған және тұжырымдалған, өзгелердің ойымен жасалған медиа хабарламаларға негізделеді.

Біздің фотоларымызда осылай «жақсы өмірдің» құндылығы көрініс табуы мүмкін.
Мәселен, фотография – біз үшін ақпараттың ең объективті түрі саналады. Алайда медиасауат бізді: фотограф немесе режиссер не көрсеткісі келді, соны ғана көретінімізге назар аударуға үйретеді. Камераның объективінің артында не болып жатқанынан бейхабармыз. Цифрлық технология фотографтың сурет мазмұнын оңай жолмен өзгертуіне мол мүмкіндік береді, сөйтіп біз камераның объективіне алғаш не түсті, соны тіпті көрмейміз.

3. Аудитория бір медиахабарламаны әртүрлі қабылдауы мүмкін

Қайшылыққа толы немесе біржақты контентті жариялай отырып, оның интерпретациясы туралы ойланған жөн. Кез келген медиаөнімнің мәнін тек жасаушылар ғана айқындамайды, сонымен бірге аудитория мен оның арасындағы қарым-қатынастың да рөлі маңызды. Әртүрлі аудитория бір оқиғадан әртүрлі мән-мағынаны көруі мүмкін. Медиасауат бізді жас, жыныс, нәсіл, әлеуметтік дәрежесі, отбасылық және мәдени бекграунд, моральдық принциптер БАҚ интерпретациясына ықпал ететіндігіне үйретеді.

Мәселен, «Құрманғазы мен Пушкиннің сүйіскен» жарнамасы Қазақстанда үлкен дау тудырып, нәтижесінде авторлары елден кетуге мәжбүр болды:

Пушкин Курмангазы

Талқылауға арналған сауалдар (5 минут).

  • Адамдар бұл жарнаманы қалай түсінеді деп ойлайсыз?
  • Постердің мақсаты не?
  • Сіздің ойыңызша, постерді жасаушылардың көздегені немесе тұжырымы не болды?

4. Медиа – бәрінен бұрын табыс табуды мақсат ететін кәсіпорын

Негізінен медиа – табыс әкелетін бизнес түрі. Жекеменшік және бақылау мәселелері: медиадан көретін, оқитын және тыңдайтын дүниелерді бақылайтын медиакорпорация саны тым көп емес.

Тим Бернерс-Ли, әлемді өзгерткен британ ғалымы, Интернетті ойлап тапқан, URI, URL, HTTP, HTML кодтарын жасаушы, бүкіләлемдік ғаламтор Консорциумының басшысы: «Google, Microsoft, Yahoo, Apple, Facebook… сіз олардың өнімдерін пайдалану туралы ойланып болғаныңызша, олар сіздің мәліметтеріңізді пайдаланып, интернетті өзара бөлісіп, бұдан да қатал шарттарын ұсына бастайды».

Сонымен бірге, жариялап жүрген ақпаратымыздың біразы цензураға немесе интернет-провайдерлердің критерийлеріне қарай шектеулерге ұшырайды.
Меншікті біз көріп, біліп отырған не жасырын медиа ғана анықтамайды, оны қарапайым пайдаланушының әлде кімге жазған посты және онлайнның айтқаны да анықтайды. Мысалы: Фейсбуктің жаңа алгоритмдері.

5. Көптеген медиахабарлама идеологияға ұрынған және белгілі бір құндылықтарға үгіттейді

Көптеген медиаөнім өмірдің стилі мен құндылықтарын насихаттаса да, белгілі бір деңгейде жарнаманың міндетін атқарады, себебі белгілі бір сауда маркасын, сауда таңбасын, жеке тұлғаларды және өмір құндылықтары мен өмір стилін алға шығарады. Медиа тұтыну мүддесіне орай ашық немесе жасырын түрде идеологиялық ой салып отырады, биліктің әрекетін қоштау мақсатында және тағы басқа. Медиа ашық немесе жасырын түрде идеологиялық ой салып тұрады әйелдердің қоғамдағы рөлі, биліктің іс-әрекетін қолдау-қолдамауға байланысты, әлемдегі жақсылық пен жамандық туралы түсініктердің идеологиясын алға тартады.

Ресейлік медиасауат зерттеушісі А.В.Федорованың пікірінше, «медиаиндустрия медианың социумды қалыптастыру жолында және әртүрлі жанрдағы медиамәтінді жасауда аудиторияның сыни ойлауын дамытуға мүдделі емес». Медиасауат жоқ нәрсеге назар аударады. Ол өте маңызды болуы мүмкін. Медиада жасырын хабарлама болуы мүмкін. Жасырын хабарламалар жанама болуы мүмкін, сонысына орай, біздің назарымыздан тыс қалуы мүмкін. Жасырын хабарламалар ашық хабарламаларды дәлелдей түсуі мүмкін немесе олар толығымен басқа мағынаға ие болуы мүмкін. Сол себепті біздің нені айтып жатқанын ғана емес, сонымен бірге қалай айтып жатқанын да түсіне білуіміз керек.

Маршалл Маклюэн әрбір орта өзінің грамматикасына ие және өзінің ерекше шынайы бейнесімен кодталады деп атап көрсеткен. Әртүрлі БАҚ бір оқиғаны әртүрлі түсініктер мен хабарламалар жасай отырып, тарататын болады.

4-тәжірибелік тапсырма: Иллюстрация үшін Геннадий Головкиннің Сауль Алвареспен боксын хабарлаған ақпараттың тақырыптары мен фотоларын қарастырып көрейік.

 

Тoday.kz:Геннадий Головкин алғаш рет
жеңіліп қалды.
Фото: AllFight.Ru

 

 

 

Sport.rambler.ru:
Сарапшы: Америка рингінде
Головкинді жай ғана буындырып
тастады.
Фото: AllFight.Ru

 

Eurosport.ru:
Геннадий Головкин Сауль
Альварестен жеңілуі жайлы:
«Мен оған қарағанда жақсырақ
жұдырықтастым».
Фото:Ethan Miller/Getty Images

 

Бақылау сұрақтары: (5 минут)

Келесі сұрақтарға жауап беру барысында медиасауатылықтың қай
тұжырымдамасы лайықты:

  1. Суретке кім және неге ақша төледі? (Медиа – бәрінен бұрын
    табыс табуды мақсат ететін кәсіпорын)
  2. Бұл суретте Головкин мен Альварестің жекпе- жегі қаншалықты жан-
    жақты көрсетілген? (Барлық медиаматериал құрастырылған)
  3. Бұл хабарламадан басқа адамдар тағы қандай мағына тауып
    алуы мүмкін? (Аудитория бір медиахабарламаны әртүрлі қабылдауы мүмкін)
  4. Бұл медиалар қандай құндылықтарды насихаттайды? (Барлық медиахабарлама идеологияға ұрынған әрі сол құндылықтарды насихаттайды)

Түйін: медиасауат – цифрлық технология ғасырындағы қажетті машық.

Бұл медианың әртүрлі типіне бейімделе білу және олардың мәнін тереңірек түсіне білу дағдысы. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, виртуальды шынайылықтың (VR), дәйектелінген (қосымша немесе толықтырылған) шындықтың (AR) және аралас шындықтың (Mixed Reality) ықпалының өсуімен медиа және ақпараттық сауаттың классикалық анықтамасы жаңа формада: медиа және цифрлық сауат деп аталатын болды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР