ДомойМедиа үніЖурналистерге арналған кәсіби ағылшын тілін оқыту курсына қабылдау басталды

Журналистерге арналған кәсіби ағылшын тілін оқыту курсына қабылдау басталды

Журналистерге арналған кәсіби ағылшын тілін оқыту курсына қабылдау басталды

Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің атынан Next Level English ұйымдастыратын Журналистерге арналған кәсіби ағылшын тілін оқыту бағдарламасына қабылдау басталды.

Бағдарламаға жұмыс істеп жүрген журналистер қатыса алады.

Қатысу шарттары:

  • журналист телевизия/радио/баспасөз/онлайн БАҚ-да жұмыс істеп жүруі керек;
  • Астана, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Көкшетау, Ақтау, Өскемен немесе Шымкент қалаларының бірінде тұруы тиіс;
  • ағылшын тілін білуі Elementary деңгейінен (CEFR A2) төмен болмауы;
  • осы бағдарламаға қатысуыңызға басшыңыздың рұқсат келісімі.

Курс қалай өтеді?

– Тілді білу деңгейіне қарай, топтағы адам саны 10-нан 15 адамға дейін. болады. 
– Курс ұзақтығы – 105 академиялық сағат (жергілікті оқытушымен 3 академиялық сағат және ағылшын тілінде сөйлеушімен 1 сағат сөйлесу клубы).
– Сабақтар 2023 жылғы 17 қаңтарда басталып, 14 шілдеге дейін жалғасады.

Негізгі курстан бөлек, қатысушылар Пенсильвания университеті әзірлеген «Журналистерге арналған ағылшын тілі» онлайн курсынан өте алады. Бұл курс журналистерге заманауи журналистикада мансап жолын құрып, жұмыс істеуіне қажет машықтар алуына және дамытуға көмектеседі.

Қатысушылар курс кезінде 2 тест (аралық және қорытынды сынақ) тапсырады.

Сондай-ақ, курста орындайтын жұмыстарының портфолиосын ұсынады. Студенттердің жетістігі 2023 жылғы шілде – курстың соңында болатын түлектер кешінде атап өтіледі.

Сабақтардың 70%-ы немесе одан да көп бөлігіне қатысқан, емтихан мен студент портфолиосын тапсырған қатысушылар оқуды аяқтағаны туралы сертификат алады.

Журналистерге арналған кәсіби ағылшын тілін оқыту бағдарламасына қатысу үшін 2022 жылғы 9 желтоқсан, Астана уақытымен сағат 23:59-ға дейін сайттағы өтінішті толтырып, тіркелу қажет.

КУРСҚА ТІРКЕЛУ

Қандай да бір сауал туындаса, жоба үйлестірушісіне хабарласуға болады:
Жоба үйлестірушісі: Майя Сағымбаева
Телефон нөмірі: +7 (777) 042 2022
Электрондық поштасы: maiya@nle.kz
Веб-сайт: https://journalism.nle.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР