Домой4-бөлім. Қосымша модульдер1-модуль. Киносауат. Қазақстан киноиндустриясы, киноиндустрияның кезеңдері және кино кәсібі

1-модуль. Киносауат. Қазақстан киноиндустриясы, киноиндустрияның кезеңдері және кино кәсібі

1-модуль. Киносауат. Қазақстан киноиндустриясы, киноиндустрияның кезеңдері және кино кәсібі

5-қадам. Түсіру кезеңі немесе продакшн

  Бұл киноөндірістің ең белсенді кезеңі, өйткені оған үлкен түсірілім тобы, актерлер, көпшілік қатысады. Бұл қымбат тұратын және жауапты кезең. Кинода күніне орта есеппен 2 минут пайдалы материал түсіріледі. Бұл 90 минуттық фильмнің түсірілім кезеңі шамамен 45 түсірілім күнін алады дегенді білдіреді. Бүгінгі таңда цифрлық технологиялардың арқасында түсіру мерзімін қысқарту үрдісі байқалады.

Түсіру тобы төрт бөлімге бөлінген: режиссерлік топ, операторлар тобы, арт-департамент және дыбыс режиссерлер тобы. Кинодағы мамандықтар туралы толығырақ бөлек дәрісте айтамыз.

Түсірілім алаңында басшы – режиссер. Тәртіп пен шығармашылық шешім режиссерге байланысты, ол ең қатаң шектеулер жағдайында жасай білуі керек. Әрине, көп нәрсе қоюшы-операторға байланысты. Сондықтан көбінесе режиссерлар  бір ғана операторлармен ауыстырмай жұмыс істейді. Мысалы, режиссер Әділхан Ержанов көбіне Еркінбек Птыралиевпен жұмыс жасайды. Фильмнің продюсері түсірілім алаңында болып жатқан оқиғаларға толық жауапты.

Видеоны қараңыз

 

Видео бойынша сұрақтар: 

  1. Фильмді түсірудің қай кезеңінде түсірілім тобының мүшелері көбірек қатысады? «Схема» фильмінде қанша адам жұмыс істеді? Бұл үлкен топ болып саналады ма?
  2. Кинода бір түсірілім күнінде неше минуттық пайдалы кадрлар түсіріледі? Неге сонша аз?
  3. Түсіру тобының негізгі шығармашылық құрамы қандай?
  4. Осы кезеңде режиссердің жауапкершілігі қандай?

6-қадам. Постпродакшен

Түсірілім кезеңі аяқталғаннан кейін пост-продакшн кезеңі басталады немесе монтаждау-боя кезеңі.  Бұл кезеңде графика және дыбыстау маманы, монтаждау режиссері жұмысқа кіріседі.  Түпнұсқа музыканы жазу үшін композитор да тартылуы мүмкін. Бұл кезең түсірілімнің өзінен әлдеқайда ұзағырақ болуы мүмкін.

Әдетте, авторлық кинода режиссерлер өздері монтаждайды, монтаждың прокат нұсқаларынан басқа режиссерлік нұсқалары да болады. 

Әлемдік тәжірибеде жұмыстың осы кезеңіне монтаждық режиссері жиі қатысады. Режиссер үшін үлкен қиындықпен түсірілген немесе өз пікірі бойынша сәтті түсірілген кадрлардан бас тарту жиі қиынға соғады. Монтаждық режиссер фильмді кино түсіруге қатысусыз жинай алады. Бізде ең танымал монтаждық режиссеріміз – Ғалымжан Сәтімбаев. Мысалы, оның бүгінгі күнге дейінгі соңғы жұмыстарының бірі – «Патриоттар уақыты».

Негізі постпродакшен кезеңі көбінесе - техникалық. Көп уақыт дыбысты жазуға және қайта жазуға арналады. Техникалық қана емес, жалпы көркемдік суреттелудің сапасы дыбыс режиссерінің шеберлігіне байланысты. Рашид Нұғмановтың «Ине» фильмінің дыбыс палитрасы ерекше екені белгілі, бірақ фильмде дыбыс режиссері Андрей Влазнев жұмыс істегенін білетіндер аз.

Түсті түзету – бұл да постродакшен кезеңі, түс әрлеуші фильмді біркелкі түсті қалыпқа келтіреді. CGI, яғни компьютерлік графика тек күрделі сахналанған қиял-ғажайып немесе қорқынышты фильмдер үшін ғана жасалады деп саналады. Шын мәнінде, компьютерлік графика кинематографияда қарапайым құралға айналды.

Монтаждау, дубляж жасау, дыбысты түйістіру, фильмге музыка жазу және жазбалау, компьютерлік графика жасау, түстерді түзету – мұның бәрі пост-продакшнның кезеңдері.

Видеоны қараңыз

 

Видео бойынша сұрақтар:

  1. «Пост-продакшн» кезеңде не істейді?
  2. Бөлек режиссер не үшін қажет?
  3. Түсті түзету дегеніміз не?
  4. «Пост-продакшн» кезеңіне түсіру тобынан кімдер қатысады?

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР