Домой4-бөлім. Қосымша модульдер1-модуль. Киносауат. Қазақстан киноиндустриясы, киноиндустрияның кезеңдері және кино кәсібі

1-модуль. Киносауат. Қазақстан киноиндустриясы, киноиндустрияның кезеңдері және кино кәсібі

1-модуль. Киносауат. Қазақстан киноиндустриясы, киноиндустрияның кезеңдері және кино кәсібі

3-қадам. Киноөндірістің кезеңдері. Девелопмент

Киноөндірістің тек бес кезеңі бар:

«Жоба девелопменті» немесе орысша – «жобаның дамуы», препродакшн – дайындық кезеңі, продакшн – фильм түсірілуі, постпродакшен – монтаж, дыбыспен жұмыс, түстерді түзету, және бесінші кезең – фильм промоушны (ілгерілету).

Кино түсіру кезеңдері туралы толығырақ соавтор Алия Увальжановамен жазған «Профессия-продюсер. Чашка кофе за миллион» кітабымнан оқи аласыздар. 

 Жоба девелопменті

Шын мәнінде жақсы фильмнің идеясын табу немесе ойлап табу өте қиын. Ол тек көңіл көтеріп қана қоймай, біздің өміріміз туралы немесе тарихтағы маңызды сәттерді немесе қоғамның әлеуметтік мәселелері туралы айтуы керек. Мысалы, қазақстандық «Подарок Сталину» картинасында қандай үлкен идея бар:

1953 жылы Семей полигонында ядролық бомбаның алғашқы сынағы Сталиннің туған күніне орайластырылды, яғни атомдық жарылыс Сталинге сыйлық болды. Бұл келіспеушілік, бұл сандырақ гуманистік фильмнің негізі болды.

Бүгін Сіздер «Схема» фильмінен үзінділерді көресіздер, және бұл да жасөспірімдерге де, олардың ата-аналарына фильмдік-үндеу, ескерту фильмі екенін түсінесіздер.

 

«Девелопмент» — бірінші кезең бойы фильмнің идеясы толыққанды әдеби сценарий ретінде рәсімделеді, оны әдетте сценарийші жасайды, және осы кезеңде продюсер атқаратын фильмге қаржыландыруды іздеу жұмысы жүргізіледі. Бұл кезең бірнеше айға, тіпті бірнеше жылға созылуы мүмкін. Неге ұзақ деп сұрасаңыз? 

Өйткені, сценарий жазу жеткіліксіз, бұл жобаны іске асыруға көмектесетін проюсерді іздеп және табу керек. Продюсер – ол сізді қаржыландыратын көп ақшасы бар адам ғана емес. Продюсер – бұл ең алдымен экономикалық, заңгерлік, кинематографиялық білімі бар, сізбен бірге киножоба түсіруге дайын адам.

Продюсер – ол ақша көзі емес, ол қаржыландыруды қалай табу керек екенін білетін адам. Яғни, девелопменттің осы кезеңінде продюсер қаржы табуға көмектеседі.

Питчинг – инвесторларды табу немесе қаржыландыруды алу мақсатында жобаның презентациясы. Бұл жеке инвестор алдындағы немесе халықаралық кинофестивальдердегі питчинг болуы мүмкін, мысалы, Роттердамда немесе Пусанда. 

Қазақстанда соңғы жылдары питчингті Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы (ҰКҚМО) жүргізеді, сол арқылы мемлекет фильмдерді қаржыландырылады.

Әдетте, питчинг үшін әдеби сценарий ғана емес, болашақ фильмнің не туралы екендігін анықтайтын құжаттар сұралады. Ең алғашқы және ең қысқасы – бұл синопсис: сценарий тұжырымдамасының қысқаша сызықтық мәлімдемесі, бірақ картинаның негізгі драмалық композициясымен ол қызықты түрде жеткізілуі керек. Синопсис ұзақтығы абзацтан бір бетке дейін болуы мүмкін. Кейде тритмент сұратады.

Тритмент — басты кейіпкерлер мен олардың әрекеттері сипатталатын диалогсыз сценарий.

Әдетте оның ұзындығы 10-нан 15 бетке дейін. Содан кейін ғана әдеби сценарий туралы сөз қозғалады.  Пичингте сонымен қатар продюсер, оның компаниясы, түсіру тобының негізгі мүшелері және қаржылық жоспар туралы ақпарат беріледі: фильмнің болжамды бюджеті және қаржыландыру көзі қандай, олар бірнеше болуы мүмкін. 

Міне, Сіз питчингте ұтып алдыңыз немесе инвестор таптыңыз. Қолыңызда дайын сценарий бар, қаржыландыру ашық, енді келесі кезеңге өтесіз.

Видеоны қараңыз

Видео бойынша сұрақтар: 

  1. «Жоба девелопменті» дегеніміз не? Бұл кезеңде қандай жұмыстар атқарылуда?
  2. Фильмнің синопсисі және тритменті қандай? Тритменттің сценарийден қандай айырмашылығы бар?
  3. Киножоба питчингі дегеніміз не? Ол қалай жасалады?
  4. Бұл кезеңге түсіру тобынан кімдер қатысты?

4-қадам. Дайындық кезеңі немесе «препродакшен».

Бұл да фильмді түсіруге дайындықтың өте маңызды кезеңі – болашақ фильмнің сапасы соған байланысты. Бұл кезеңде түсіру тобы құрылып, актерлармен кастинг жүргізіліп, орындар таңдалып, декорация жасалып, костюмдер тігіліп немесе таңдалуы керек.Тарихи фильмнің заманауи фильмге қарағанда дайындық кезеңіне көбірек уақыт бөлінеді, өйткені өндіріске дейінгі жұмыс өте көп.

Мәселен, америкалықтар тартылған «Көшпенді» фильмінің алдын ала дайындығына бір жылға жуық уақыт кетті. Сол уақыт аралығында Қапшағай қаласының маңында бекініс салынды, онда әлі күнге дейін тарихи фильмдер түсіріледі. Көптеген костюмдер тігілді, қару-жарақ жасалды, тіпті тастар жасалды, өйткені шабандоздар тастардың үстімен өтетін сахналарда американдық технология бойынша тастар актерлер мен каскадерлер үшін толықтай қауіпсіз болуы керек.

Бұл кезеңде фильмнің арт-концепциясы жасалады, онда фильмнің көркемдік шешімдері, түсірудің негізгі әдістері, фильмнің түстік және композициялық шешімі жазылады немесе талқыланады.

Бұл процеске, әдетте, түсіру тобының үш негізгі шығармашылық тобы қатысады: режиссер, қоюшы-оператор және картинаның қоюшы-суретшісі. Барлық топтар фильмнің арт-концепциясын жасай бермейді, кейде бұл жасаушылар арасындағы ауызша келісім, кейде ұзақ ынтымақтастық тәжірибесі. Мысалы, Эмир Байғазиннің «Үндестік сабақтары (Уроки гармонии)» фильмі өте қызықты концепцияға ие болды. Бұл туралы келесі модульде толығырақ айтамыз.

Сондай-ақ дайындық кезеңінің өте маңызды құжаты «Күнтізбелік-өндіріс жоспары» болып табылады, оған сәйкес бүкіл топ кейін түсіру кезеңінде жұмыс істейтін болады.

Бүкіл топтың түсірілімді бастауға дайын екендігі көрсетілетін жобаны қорғауы сәтімен «Дайындық кезеңі» аяқталады.

Видеоны қараңыз

 

Видео бойынша сұрақтар:

  1. «Препродакшн» немесе «дайындық кезеңі» дегеніміз не? 
  2. Түсірілімге дейінгі кезеңге түсіру тобынан кімдер қатысады?
  3. Күнтізбелік-өндіріс жоспары қашан дайындалады? Оны кім, қандай мамандық иесі дайындайды?
  4. Тест-шут дегеніміз не? Ол не үшін керек?

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР