ДомойМедиа үніҰХДБИ қоғамдық қоры «Шетелдік қаржыландыру тізілімінің салдары» туралы онлайн-брифинг өткізеді

ҰХДБИ қоғамдық қоры «Шетелдік қаржыландыру тізілімінің салдары» туралы онлайн-брифинг өткізеді

ҰХДБИ қоғамдық қоры «Шетелдік қаржыландыру тізілімінің салдары» туралы онлайн-брифинг өткізеді

«Ұлттық және халықаралық дамыту бастамалары институты» қоғамдық қоры (ҰХДБИ) БАҚ өкілдеріне арнап «Шетелдік қаржыландыру тізілімінде қандай өзгеріс бар, мұны неліктен жасады?» деген онлайн-брифинг өткізеді. 

Онлайн-брифинг 2024 жылғы 8 ақпан, сағат 15:00–де басталады.

Тақырыбы: «Шетелдік қаржыландыру тізілімінде қандай өзгеріс бар, мұны неліктен жасады?».

Брифингте Шетелдік қаржыландыру тізілімін жариялаудың салдары қандай болғанын зерттеу қорытындысын таныстырып, «ҰХДБИ» қоры осы тізілімге енгізілген тұлғаларға көмек көрсету үшін әзірлеген құралдарын ұсынады. Бірінші тізілімде ҮЕҰ ғана емес, бизнес өкілдері, БАҚ пен журналистер де бар. Бұл кім-кімді де қамтуы мүмкін екен.

Қайда және қалай өтеді: Zoom-да онлайн болады.

Ұйымдастырушы: «Ұлттық және халықаралық дамыту бастамалары институты» қоғамдық қоры («ҰХДБИ»).

Модераторы: Диана Окремова, Директор «Құқықтық медиа-орталық» ҚҚ-ның директоры.

Спикерлер:

Светлана Ушакова — «Ұлттық және халықаралық дамыту бастамалары институты» ҚҚ-ның директоры, Қазақстанда азаматтық қоғамды дамыту саласының сарапшысы.

Роман Реймер — «Еркіндік қанаты» қоғамдық қорының тең құрылтайшысы, Шетелдік қаржыландыру тізілімін жариялағанда дербес деректердің жалпыға мәлім болуы бойынша ҚР Қаржы министрлігіне қарсы бірінші талап арыздың заңгері.

БАҚ өкілдерін тіркеу мен брифинг тақырыбы бойынша сұрақтар 2024 жылғы 7 ақпан, сағат 18:00-ге дейін +7 (771) 888 88 50 WhatsApp нөміріне және oksamokeish@gmail.com элпоштасына қабылданады не осы сілтемеге өтіп, тіркелуге болады. 

ОНЛАЙН-БРИФИНГКЕ ТІРКЕЛУ

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР