2015 жылғы 28 мамырда сағат 20:00-де «Контенттен пайда табу» тақырыбында тегін вебинар өтеді.
Медиакомпаниялар өздері өндіретін дүниеден қалай табыс табады?
Жарнама берушілерге керек, аудиторияға қызықты жобаларды іске қосуды қалай жоспарлау керек?
Вебинарды «BBCWorldTrust» және АНО «Internews» халықаралық куәлігі бар бизнес-тренері, «Автограф» тренинг компаниясының бас директоры Денис Вишня (Екатеринбург) жүргізеді.
Екатеринбургтегі «4 канал» медиахолдингінің жаңалықтар қызметінде жұмыс істеген, УрФО «Ермак» телекомпаниясының аймақтық байланыстар қызметін басқарған. НТВ, ТВ-6 (ТВС), Рен-ТВ телекомпаниялармен белсенді жұмыс істеген.
Бұрынырақта, «Восточный экспресс» Челябинск телерадиокомпаниясының бас редакторы қызметін атқарған. Урал мемлекеттік университетін «журналистика» мамандығы бойынша аяқтаған. Масс-медиада 1986 жылдан бері, 1989 жылы Челябинск мемлекеттік телерадиокомпаниясының редакторы қызметіне жарияланған шығармашылық байқауда жеңген. 1996 жылы АҚШ-та үш айлық машықтанудан өткен. 90-жылдары Германия, Швеция, Швейцария журналистерінің тәжірибесін зерттеген.
2001 жылы Лондонда ВВС арнасында бір айлық машықтанудан өтіп, бизнес-тренер куәлігін алған. 2006 жылы АНО «Интерньюс» (USIA) тура сондай куәлігін иеленген. Масс-медиа саласындағы көптеген байқаулардың лауреаты және дипломанты. РФ журналистер одағының мүшесі.
Назар аударыңыз! Вебинарға тек Google Chrome, FireFox, Opera браузерлері арқылы қосылуға болады.
«Контенттен пайда табу» тақырыбындағы вебинарды Internews Network өкілдігі ақпаратқа қол жеткізуді қолдау жобасы аясында, АҚШ Халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID) қолдауымен өткізіп отыр.