үйМедиа үніПодкаст жасауға арналған бес сервис

Подкаст жасауға арналған бес сервис

Подкастар алғаш 90-жылдары шыққанымен, қазір қайта жанданып отыр. Бұл негізінен адамдар мобильдік құрылғыларды көбірек қолдануымен байланысты. Оған жарқын мысал ретінде Чикаго қоғамдық радиосы (WBEZ)  былтыр шығарған  Serial подкастын атауға болады. Ол подкаст әлемінде ең танымал жобаға айналып, iTunes-та 5 миллионнан артық рет көшіріп алынған .

Подкастар – әдетте оларды жасаушылардың веб-сайтынан тыңдауға болатын тегін аудиофайлдар, бірақ қолданушылар көбінесе оларды мобильдік құрылғыларына көшіріп алып, жүре тыңдағанды ұнатады. Подкастар алуан түрлі тақырыптарға арналады, оның ішінде журналистика мен БАҚ дамуы да бар.

Қазір, журналистерге подкастармен жұмыс істеуді меңгеру бұрынғыдан ерекше қажет болып келеді. Сондықтан да бізге компьютер немесе мобильдік құрылғы көмегімен аудиошоу жасауға көмектесетін онлайн-құралдар керек.

IJNet сайты жасаған журналистер өз подкастарын жасау үшін қолдана алатын сервистер тізімін назарларыңызға ұсынамыз.

Spreaker: жақында жасалған, «радиоэфир жұлдыздарын» жарқыратуды мақсат ететін  мобильдік қосымша. Оның көмегімен кез келген пайдаланушы тікелей эфирде подкаст не радиошоу жасай алады. Бұл қосымшаның диджей пульті функциясы аудиожинақтан музыка таңдап, оны шоуға қоюға мүмкіндік береді.  Сондай-ақ, қосымшада танымал подкастармен жақынырақ танысуға да болады. Қосымшаның өзі жақында ғана шықты, ал  Spreaker веб-платформасы бірнеше жылдан бері бар.  iOS, Android және Windows құрылғыларына арналған.

Opinion podcast: iOS-қа арналған қолданылуы оңай бұл мобильдік қосымша аудиожазбаларды өңдеп, бөлісуге мүмкіндік береді. Қосымшаның тегін нұсқасымен ұзақтығы он минут подкастар жасауға болады. Ақылы нұсқасымен (3.99 доллар) шексіз аудио жаза аласыз.

BlogTalkRadio: бұл веб-платформа өз компьютеріңіздің жұмыс үстелінде радиошоу жазып, оны подкаст түрінде сақтауға мүмкіндік береді. Сервис ақылы да, тегін де қызметтер ұсынады. Бұл — подкастинг сервисін ұсынған алғашқы веб-құралдардың бірі.  Осы платформадағы өзге жазбалардың арасынан Колумбия университеті журналистика мектебінің  және басқа да көптеген жергілікті жаңалық агенттіктерінің вебкастарын таба аласыз.

SoundCloud: бұл — аудио жазуға арналған қосымша және 175 миллион белсенді пайдаланушысы бар, тәуелсіз музыканттардың өзін-өзі таныту алаңы болып отырған веб-сайт. Жақында подскаст жасаушыларды да өз қатарына қосып, оларға өз шоуларының RSS-каналына сілтеме жасауға және оларды  iTunes пен өзге де посдкаст сервистері арқылы жұртқа ұсынуға мүмкіндік берді.  SoundCloud пайдаланушылары үш сағатқа дейін аудионы тегін жүктей алады. Одан ұзағырақ жазбалар үшін сервис түрлі ақылы нұсқалар ұсынады. Қосымша iOS пен Android құрылғыларына арналған.

Buzzsprout: бұл веб-құрал подкастарды компьютердің жұмыс үстелінде жазып, өңдеп, жариялауға мүмкіндік береді. Сіз екі сағатқа дейін аудионы тегін жазып, подкастыңызды сайтта 90 күн сақтай аласыз. Ақылы нұсқалар бұдан да артығырақ мүмкіндіктер береді. Сондай-ақ, пайдаланушылардың контентіңізге деген қатынасын көріп отыру үшін сервис аналитика да ұсынады.  Сонымен қатар, бұрынғы подкастарыңыз болса, оларды сізге  iTunes арқылы жазылуға мүмкіндік беретін, бапталатын веб-сайтта жариялай аласыз. Buzzsprout-пен жұмыс істей бастау туралы толығырақ.

Назгүл Қожабекова
Медиатренер, аудармашы, редактор,медиатренер. Сторителлинг мектебі жобасының авторы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Cоңғы жазбалар

Көкөніс қымбаттады, қуаңшылық және Тоқаев президенттігіне 2 жыл. 7 — 13 маусымдағы қорытынды бағдарламаларға...

0
Кешегі аптада ең көп талқыланған тақырып — азық-түлік қымбаттауы. Шолуымызда қамтыған үш бағдарлама да картоп пен сәбіз бағасы еселеніп өскенін талдады. Алайда аптаның ең...

Жаңалықты қалай жазбау керек? «Ақтөбе» газетіндегі мысалдар

«Жаңа репортер» сыншысы Болатбек Мұхтаров ақпарат құралдарында жаңалық мәтіндерін қалай жазбау керек екенін түсіндіреді. Автор «Ақтөбе» газеті материалдарының құрылымы мен тілін мысалға алған. Ол...

Мәжбүрлі қоныс аудару және көші-қон мәселелері жөнінде тренинг өтеді

Орталық Азия журналистеріне арналған «Мәжбүрлі қоныс аудару және көші-қон мәселелері жөнінде ақпарат тарату: ұсыныстар мен ресурстар» тренингі болады.Мерзімі: 15 маусымСағаты: 14.00 — 15.30 (Алматы...

«Ақтөбе» қандай газет, не жариялайды, қалай жазады? 

«Ақтөбе» – Ақтөбе облысында қазақ тілінде шығатын жалғыз ресми әрі ең көне қоғамдық-саяси газет. 7 маусымда басылымның шығып келе жатқанына 97 жыл толды. «Жаңа...

Қуаңшылық, қоқыс және жастар форумы. 31 мамыр — 6 маусымдағы қорытынды бағдарламаларға шолу

0
Мамыр соңы — маусым басын қорытындылаған апталық бағдарламаларға ортақ тақырып — ақылы жол жүйесіне қарсылық және қуаңшылық. Ал ҚР Сыртқы істер министрлігінің санкцияларға жауап...