ДомойОқып-үйренZentrick.com - интерактив видео жасауға арналған құрал

Zentrick.com — интерактив видео жасауға арналған құрал

Zentrick.com — интерактив видео жасауға арналған құрал

Конференция, семинар, қандай да бір оқиғалардан, іс-шаралардан түсірілген видеоларды динамикаға толтырып, интерактив етуге болады. Ол үшін дайын видеоға қосымша комментарий, көрнекіліктер, тіпті карталар мен сілтемелер қосу керек.

Studio.zentrick.com — дайын видеожазбаларға түрлі ақпаратты қосуға мүмкіндік беретін онлайн-сервис.

Сервисті пайдалану үшін тіркелу керек. Аспаптар тақтасында Experience тармағын таңдаймыз да, интерактив видео жасауға кірісеміз.

Бәрі өте оңай — сіз роликті сервистің өзіне жүктеуіңізге немесе YouTube сілтемесін көрсетуіңізге болады.

Төмендегі тармақтарда видеоның атауын, сипаттамасын жазып, кілтсөздерін (тегтер) көрсетіп, релевонт опцияларын таңдайсыз.

1

Тікелей видеоның өзімен жұмыс жоғарғы аспаптар тақтасындағы Design тармағынан басталады. Сол жақтағы мәзірде видеоны әрлеу жөніндегі түрлі бөлімдерді көресіз, оң жақтағы жұмыс кеңістігі — жобаңыздың өзі.

2

Қажетті тармақты таңдаймыз — мәтін, сурет, батырма, карта және басқа да көптеген опциялар бар. Жұмыс кеңістігінде сол функцияның жеке жолағы пайда болады.

3

Бұл жерде таңдалған опцияның баптамаларын түзетіп, таңдалған элементті видео бойымен жылжытып, басқа да әрекеттерді жасай аласыз.

5

Бастапқы нәтижесін көру үшін,  Design Mode батырмасын басыңыз. Дайын жобаны жариялаймыз (жоғарғы аспаптар тақтасындағы Publish) да, сипаттамасын жазамыз. Сервис бір жоспарды таңдауды ұсынады — тегін нұсқасы интерактив видеоны 3000 рет көру мүмкіндігін береді. Көрілім саны шексіз ақылы нұсқалардың бағасы — 300$ басталады.

Жоспарды таңдағаннан кейін жарияланымды не үшін қолданатынымызды — код көмегімен сайтқа қоямыз ба, сілтемемен твиттерге, фейбукқа қоямыз ба — соны көрсетеміз.

6

Сервисті қолдануға шағын мысал:

Назгүл Қожабекова
Назгүл Қожабекова
Медиатренер, аудармашы, редактор,медиатренер. Сторителлинг мектебі жобасының авторы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР