ДомойМедиа үніEuropean Digital Media Awards. 2015 жылғы Еуропаның үздік онлайн-медиажобалары

European Digital Media Awards. 2015 жылғы Еуропаның үздік онлайн-медиажобалары

European Digital Media Awards. 2015 жылғы Еуропаның үздік онлайн-медиажобалары

Сәуірдің аяғында Лондонда European Digital Media Awards ірі халықаралық концференциясы барысында 2015 жылғы Еуропадағы үздік медиажобалар аталды. Байқауға ұсынылған 120 жұмыстың ішінен дүние жүзінен жиналған 8 эксперттен құралған  қазылар алқасы – сала дамуы үшін ең өзекті де маңызды жобаларды іріктеп алды.

Сонымен, Еуропаның медиа саласының үздіктері:

  • «Деректерді визуалдау жөніндегі үздік жоба»

Жеңімпаз – the Norwegian Broadcasting Corporation (Норвегия радиохабарлар тарату корпорациясы)
Жоба – Norwegian homicides over a 10-year period (Норвегиядағы он жыл ішіндегі кісі өлтіру жағдайлары) 

Лучшие медиапроекты Европы

Бұл – нағыз зерттеу еңбегі. The Norwegian Broadcasting Corporation елдегі кісі қолынан болған әрбір өлім туралы айтып қана қоймай, сараптама да жүргізген – кісі өлтіру себептері, сот үкімдері салыстырылған. Қорытынды — елдегі кісі өлімінің бәрі психикалық ауытқулары бар адамдардың қолынан келген.

  • “Үздік цифрлік жарнама кампаниясы”

Жеңімпаз – Telekurier Online Medien, Австрия

Жоба – Bildung Braucht Innovation (Білім беруде инновациялар қажет) 

OMV Petrol мұнай компаниясы Австриядағы түрлі білім беру және зерттеу жобаларына белсенді қолдау көрсетеді. Алайда,  Telekurier Online Medien серіктестігі мен мультимедиа құралдарын қолдану арқасында ғана OMV Petrol бастамаларына жұртшылықтың назарын аудару мүмкін болды.

  • “Планшеттерге арналған үздік басылым”

Жеңімпаздар: Axel Springer, Германия және Aftenposten, Норвегия

Жобалар: EPOS (Springer), Aftenposten + 
EPOS – планшеттер үшін арнайы жасалған тарихи ғылыми-бұқаралық журнал.

EPOS – исторический научно-популярный журнал, созданный специально для планшетов.

Aftenposten + жобасын қазылар алқасы  «планшеттерге арналған үздік газеттердің бірі» деп атады.

EPOS – исторический научно-популярный журнал, созданный специально для планшетов.

  •  “Үздік мобильдік сервис”

Жеңімпаз – Die Welt, Германия

Жоба – Kompakt

Die Welt Kompakt 2014 жылғы мамырда IOS-қосымша ретінде шығарылған. Қосымшаның басты міндеті жастар аудиториясының назарын аудару болатын. Ол орындалды да: Die Welt Kompakt көшіріп алғандардың жартысы – жасы отызға толмаған қолданушылар.  2014 жылдан бері қосымша 100 000 реттен артық орнатылыпты.

Проект: Kompakt

“Үздік жаңа өнім”

  • Жеңімпаз – Verdens Gang (VG), Норвегия

Жоба – minmote.no 

Номинация: “Лучший новый продукт”

2014 жылдан бері сән, сұлулық пен шабыт жөніндегі MinMote сайты жаңа сервис ұсынады — пайдаланушылар мақаланың өзінде отырып зат сатып алу мүмкіндігіне ие болды.

  • “Үздік жаңалықтар сайты”

Жеңімпаз – The Guardian (Ұлыбритания)

Номинация: “Лучший новостной сайт”

The Guardian көптеген жылдар бойы медиасаладағы инновациялар көшбасшысы саналады. Компания үнемі сайтының дизайнын жетілдіріп отырады, медианың IOS пен Android қосымшалары миллионнан астам рет көшірілген.

  • «Пайдаланушыларды кірістіру жөніндегі үздік жоба» 

Жеңімпаз – Verdens Gang (VG), Норвегия

Жоба – #vglista

VG-lista — Норвегияның ресми музыка чарты. 1998 жылдан бастап VG-lista жобаны ілгерілету мақсатымен жазғы концеттер өткізіп келеді. Биыл Verdens Gang басылымы жыл сайынғы кампаниясында әлеуметтік медианы пайдаланды – 75 қала арасында  #vglista байқауы ұйымдастырылып, концерттер жеңімпаз қалаларда өткізілді. Нәтижесінде, Норвегиядағы Facebook пайдаланушыларының қырық пайызы #vglista туралы бір немесе бірнеше жаңартылуды көрді.

  • “Онлайн-видеоны үздік қолдану”

Жеңімпаз – The Guardian News & Media

Номинация: “Лучшее использование онлайн-видео”

Жоба – Бірінші дүниежүзілік соғыс жөніндегі ғаламдық анықтамалық (A global guide to the first world war) 

The Guardian жобасы — он елдің он тарихшы маманы қатысып жасаған, сирек кездесетін видеожазбалар қолданылған сегіз тілдегі керемет интерактив деректі фильм.

Финалистер мен жеңімпаздардың толық тізімі мұнда.

Digital Media Europe 2015 туралы толығырақ шараның сайтынан немесе  хештегі бойынша оқуға болады.

 

Назгүл Қожабекова
Назгүл Қожабекова
Медиатренер, аудармашы, редактор,медиатренер. Сторителлинг мектебі жобасының авторы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР