Танымал блогер Алекс Говардтың журналистерге блог жүргізу жөніндегі он кеңесі:
1. Тақырып таңдап алыңыз да, соны ұстаныңыз
Сізге блог не үшін керек екенін ойланыңыз. Күн сайын, апта сайын немесе ай сайын не жарияламақ ойыңыз бар?
«Осыны ойластырып алғаннан кейін құралдарды таңдай бастауыңызға болады», – деді Говард. Сіздің блогыңыз қандай да бір тақырып бойынша білімдеріңізді көрсетуі мүмкін. Өзіңіз айтқыңыз келетін, не өзіңізге қызық тақырыпты таңдаңыз. Алайда, Говард «Интернеттегі ең қызық дүние» сияқтыларды жариялай бермей, бір тақырыпты ұстануға кеңес береді.
2. Лайық платформа таңдаңыз
Блог жүргізуге арналған көптеген платформа бар, қайсын таңдайтыныңзды шешу оңай болмауы мүмкін. Журналистерге Говард «сайттан алатын кәсіби әсерлер» үшін WordPress қолдануды ұсынады.
Блогыңыз табысты болса, WordPress бағдарламалық жасақтамасын орнатып алып, оның жеке-дара иесі бола аласыз. Алайда, платформа таңдау сіздің не жариялағыңыз келетініне де байланысты. Көп фотосурет жариялап отырғыңыз келсе, сізге Tumblr лайық.
3. Аудиторияға сәйкесінше қараңыз
Сіз блог жүргізетін журналист болсаңыз, оған өз жаңалықтар ұйымыңыздың бірінші беті сияқты қараңыз.
«Мен бұл блогты жеке пікірімді жариялау үшін жүргіземін» демеңіз», – деп кеңес береді Говард. Әлденені өз атыңыздан жариялайтын болсаңыз, аудиторияға да лайықты қараңыз. Олар — сіз жұмыс істейтін басылымнан ақпарат алатын оқырмандар болуы мүмкін.
4. Не жазсаңыз да, тексеріп жазыңыз
Блог жүргізетін журналист болсаңыз, сіз ұсынатын контент сенімдікрек, қызықтырақ болуы тиіс. Сондықтан, жариялайтын дүниелеріңізді өзіңіз жазып, өзіңіз тексергеніңіз жөн. Блогыңызды шұғыл жаңалықтарды жариялау үшін қолданбасаңыз, қандай да бір шежіреге қосымша контекст үстеу үшін пайдаланыңыз.
5. Сілтемелер
Өз блогыңызға жазылушылар жинап, медиа мен өзге блогерлердің сеніміне ие болудың жақсы тәсілі — олардың еңбектеріне сілтеме беріп отыру. Блогта жазба жазуға түрткі болған оқиға туралы айтатын болсаңыз, не цитата келтірсеңіз — оқырмандарыңыз сол материалдың өзін тауып оқуы үшін сілтеме беріңіз.
6. Фотосуреттер мен видео пайдаланыңыз
Блогтардағы тек мәтіннен тұратын жазбаларды оқу қиы. Мүмкіндігінше фото мен видео қосып отыруға тырысыңыз. Жай ғана, өз телефоныңызға түсірген суреттерді жариялауға болады немесе Flickr сайтынан Creative Commons лицензиясы бойынша суреттер алыңыз.
7. Қателерді түзетіңіз
«Бір де бір журналист мінсіз емес, – дейді Говард. – Қате жіберсеңіз, оны түзетіп, оригинал жазба түзетілгені туралы ескерту жазып қойыңыз».
8. Пікірлерге мониторинг жүргізу
Пікірлермен жұмыс істегенде бірізділік сақтаңыз. Оқырмандарыңызға блогыңызға пікір жазуға мүмкіндік беретін болсаңыз — оларды назардан тыс қалдырмаңыз. Пікірлерге жауап беріп, сұрақ қойып, түзетулер енгізіп немесе, керек болса, орынсыз пікірлерді өшіріп отыру үшін оларды қадағалап отырыңыз.
9. Өз блогыңыз туралы ақпаратты әлеуметтік медиада жариялап отырыңыз
Twitter, Facebook, Instagram және басқа да әлеуметтік медиа сайттарын өз блогыңызға оқырман тарту үшін пайдаланыңыз. Сондай-ақ, осы сайттарды қызығушылықтарыңыз ортақ адамдар тауып, қауымдастық құру үшін де пайдалана аласыз. Әлеуметтік медиа платформалары өзге блогерлермен және эксперттермен байланыста болуға мүмкіндік береді.
10. Блогыңызды үнемі жаңартып отырыңыз
Кей журналистер блог жүргізгенде оны тұрақты түрде үнемі жаңартып отырмайды.
«Күн сайын әлдене жариялаудың қажеті жоқ, – дейді Говард. – Бастысы — бірізділік — мен аптасына бір пост жариялайтын танымал блогерлерді білемін. Алайда, олардың аптасына бір жариялайтын жазбасының өзі керемет. Оқырмандары соны біледі және күтеді».