Еуропаның ірі медиаконференциясы news:rewired (16 шілде, 2015 жыл; Лондон) барысында сессиялардың бірі әлеуметтік желілерге арналды.
BBC News UGC (User-generated content — ақырғы қолданушылар түзетін түрлі медиаконтент) продюсері Друти Шах (Dhruti Shah) және Deutsche Welle инновациялар жөніндегі менеджері Йохен Спангенберг (Jochen Spangenberg) әлеуметтік медианы журналистік материал үшін дерек көзі ретінде тиімді әрі этика нормаларын сақтай отырып пайдалану туралы кеңес айтты:
- Ең жақсы шежіре — адамдар туралысы. Сондықтан, оқиғаның тура ортасында болатын адамдарды іздеңіз.
- Журналистиканың негізгі қағидаларын естен шығармаңыз және — тіпті әлеуметтік желіде де – Кім? Не? Қайда? Қашан? Неге? деген сұрақ қойыңыз.
- Тексеріңіз. Әлеуметтік желілердегі ақпаратқа әрдайым сене беруге болмайды, сол үшін әрқашан деректерді қайта тексеру үшін мүмкін болғанның бәрін жасаңыз.
Йохен Спангенберг:
Бір рет дұрыс берілмеген ақпараттың ықпалы 1000 шынайы оқиғадан да артық болуы мүмкін.
- Жаңа құралдарды қолдануды үйреніңіз, бірақ таныс тәсілдерге де атүсті қарамаңыз. Мысалы, телефон. Сіздің қолыңызға түскен деректер қаншалықты нақты екенін білу үшін хабарласыңыз.
- Адамдар көбінесе түрлі медиаплатформаларда бір атпен жүреді, бұл ақпарат іздеуде өте пайдалы болуы мүмкін.
- Әлеуметтік желілерге дейін жай ғана желілер болған. Біреудің байланыс ақпараты керек болса, туыстарыңыздан, достарыңыздан сұрастыруды ұмытпаңыз.
- Қолыңызда бармен жұмыс істеңіз. Қолыңызда тек адамның аты мен оқиға туралы дерек қана бар болса, релевант сөздерді байқап көріңіз.
- Серіктестік. Айналаңыздағылармен жақсы, мықты қатынас орнатыңыз, шетелдегі журналистермен және медиа ұйымдарымен бірлесіп жұмыс істеңіз.
- Адамдар әлеуметтік желілерде барда отырғандай сөйлеседі. Іздеу тәсіліңізді соған бейімдеңіз.
- Дерек көздеріңізді көрсетіп отырыңыз. Оларға қауіп төндірмей. Дерек көздеріңізді қорғаңыз. Бұл өте маңызды.