ДомойМедиа үніҚазақстандағы Internews "Дата-журналистика негіздері" тақырыбындағы қазақ тіліндегі вебинарлар цикліне қатысуға өтініштер қабылдайды

Қазақстандағы Internews «Дата-журналистика негіздері» тақырыбындағы қазақ тіліндегі вебинарлар цикліне қатысуға өтініштер қабылдайды

Қазақстандағы Internews «Дата-журналистика негіздері» тақырыбындағы қазақ тіліндегі вебинарлар цикліне қатысуға өтініштер қабылдайды

Цикл екі вебинардан, үй тапсырмаларынан және финалдық жобадан тұрады. Екі вебинарды да тыңдап, финалдық жобаларын тапсырған қатысушылар Internews сертификаттарына ие болады.

Вебинарлар ең алдымен Қазақстанның медиа қызметкерлеріне арналған. Вебинарлар цикліне тіркеу кезінде Қазақстандағы Internews серіктестерінің қызметкерлеріне басымдық беріледі.

Цикл мынадай тақырыптағы вебинарлардан тұрады:

  1. 1 қараша — дата журналистикаға кіріспе. Google Fusion. Тренер — Асқат Еркімбай, медиаэксперт, Сүлейман Демирел атындағы университеттің оқытушысы, «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы жанындағы Жаңа медианы зерттеу тобының жетекшісі.
  2. 8 қараша — визуалдау құралдары. Деректерді сұрыптау, реттеу, ықшамдау. Тренер — Назгүл Қожабекова, медиатренер, newreporter.org редакторы.

Қатысушылар дата-журналистика негіздерін, теориясы мен практикасын меңгереді, Қазақстандағы ашық деректер ресурстарымен жұмыс істеуді, деректер массивтерін ықшамдап, визуалдауды үйренеді.

Финалдық жобалардың бәрі шынайы цифрлерге негізделіп жасалып, дерек көздері көрсетілуі тиіс.

Вебинарлар цикліне тіркелу үшін өтініш үлгісін толтырып,  nkozhabekova@internews.eu адресіне 2016 жылғы 31 қазан, түнгі 24-00 дейін жолдау керек.

Вебинарды ниет білдіргендердің бәрі тыңдай алады, алайда тек іріктеп алынған қатысушылармен дербес жұмыс жүргізіледі және олар Internews сертификатын алады.

«Инфографика» вебинарлар циклі 2016 жылғы қараша айында өтеді, бірінші вебинар — 1 қарашада.

Назгүл Қожабекова
Назгүл Қожабекова
Медиатренер, аудармашы, редактор,медиатренер. Сторителлинг мектебі жобасының авторы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР