ДомойБіздің жобалар"Мүдделер қақтығысы туындауы мүмкін экологиялық тақырыптарды мультимедиалық құралдар көмегімен жариялау" тақырыбындағы тренинг

«Мүдделер қақтығысы туындауы мүмкін экологиялық тақырыптарды мультимедиалық құралдар көмегімен жариялау» тақырыбындағы тренинг

«Мүдделер қақтығысы туындауы мүмкін экологиялық тақырыптарды мультимедиалық құралдар көмегімен жариялау» тақырыбындағы тренинг

Орталық Азия елдерінің (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан) медиамамандары және БАҚ қызметкерлері «Мүдделер қақтығысы туындауы мүмкін экологиялық тақырыптарды мультимедиалық құралдар көмегімен жариялау» тақырыбындағы аймақтық тақырыптық тренингке қатысуға шақырылады. Тренинг 2016 жылғы 11-14 қарашада Баткен — Ош қалаларында (Қырғызстан) өтеді.

Тренинг Deutsche Welle және Internews Еуропа Одағының қолдауымен жүзеге асырып жатқан «Орталық Азиядағы қоршаған орта және табиғи ресурстар мәселелерін тиімді жариялау» жобасы арасындағы серіктестік аясында өтеді.

Орталық Азия елдері медиасында қоршаған орта және табиғи ресурстар мәселесін аудиторияға қызықты етіп жариялайтын сапалы материалдар аз. Мәселенің өзектілігі бұл аймақта осы тақырыптар мүдделер қақтығысын тудыруы мүмкін екендігі салдарынан да арта түседі.

Тренинг мақсаты – мүдделер қақтығысын туғызуы мүмкін тақырыпта сапалы журналистика талаптарын негізге ала отырып, мультимедиа құралдарын қолданып сапалы материалдар әзірлеуді үйрету.

Тренингтің негізгі тақырыбы — су мәселесі, шекарааралық контекст те ескеріледі.

Форматы – кем дегенде 60% практикалық оқытудан тұратын динамикалық тренинг. 4 күн бағдарламасына оқу модульдері, медиатур, практикалық тапсырмалар орындау кіреді. Оқыту нәтижесі сапа талаптары және мультимедиа мүмкіндіктері ескеріле отырып жасалған медиаөнім болмақ. Медиаөнімді жалғыз да, команда болып та жасауға болады.

Тренинг нәтижесі бойынша үздік жобалар грант немесе стипендия алу үшін байқауда басымдыққа ие болады.

Тренингке түрлі форматтағы: басылымдар, онлайн медиа, телевизиялық және мультимедиалық редакциялар қатыса алады. Жеке және командалық өтінімдер қабылданады.

Іріктеу талаптары:

  • бұқаралық ақпарат құралдарында кем дегенде 2 жыл жұмыс тәжірибесі,
  • экология мәселелері бойынша материалдар әзірлеу тәжірибесіне басымдық беріледі,
  • тренингке қатысуға ынтасы жоғары болу (хатта тренингке не үшін қатысқыңыз келетінін және нәтижесінде не күтетініңізді 200 сөзге сыйдырып жазыңыз),
  • редакцияның осы тақырыптағы материалдарды жариялауға мүдделі болуына басымдық беріледі.

Мультимедиалық материал әзірлеу барысында қоршаған орта және табиғи ресурстар мәселесіне (басымдық — су мәселесі) қатысты қандай тақырыпты игеретініңізді өтініште жазып жіберуіңіз маңызды.

Барлығы Internews тарапынан 8 және Deutsche Welle тарапынан 8 қатысушы іріктеп алынады. Ұйымдастырушылар қатысушылардың жол, жатын және тамақтану шығындарын толық көтереді.

Өтініш үлгісі.

Өтініш үлгісін толтырып, тіркеме құжаттармен қоса 2016 жылғы 25 қазан, сағат 18-00 дейін centralasia@internews.eu адресіне жолдау керек.

Дереккөз: livingasia.online.

Превью фото: ecologytraining.co.uk.

Назгүл Қожабекова
Назгүл Қожабекова
Медиатренер, аудармашы, редактор,медиатренер. Сторителлинг мектебі жобасының авторы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР