ДомойМедиа үні"Инфографика жасауға арналған онлайн-сервистер" тақырыбында вебинар

«Инфографика жасауға арналған онлайн-сервистер» тақырыбында вебинар

«Инфографика жасауға арналған онлайн-сервистер» тақырыбында вебинар

2016 жылғы 19 қазанда сағат 17:00-де «Инфографика жасауға арналған онлайн-сервистер» тақырыбында тегін вебинар өтеді.

Вебинарда мынадай тақырыптар қамтылады:

1. Инфографика жасау үшін онлайн-сервисті қалай таңдау керек

2. Онлайн-құралдарды қолдану кезінде нені ксте сақтау керек: матеиалдарды дайындау, қолдану қиындықтары

3. canva.com, easel.ly сервистерінде инфографика жасау

4. Онлайн-сервистерге шолу

Тренер Анна Сухачева, журналист, редактор, Newsroom2.0 жобасының медиаэксперті, Newreporter.org сайтының редакторы.

Бұл — «Инфографика» тақырыбындағы вебинарлар циклінің екінші сабағы.

Вебинарға қатысу үшін сілтемемен өтіңіздер.

Естеріңізге сала кетейік, вебинарлардың кез келгеніне ниет білдірген әр адам тегін қатыса алады, тек іріктеп алынған мамандармен жеке жұмыс жүргізіледі. 

Назар аударыңыз! Вебинарға қатысу үшін мына техникалық талаптарды орындаңыз:

  • Компьютеріңізге Google Chrome, FireFox, Safari немесе Opera браузерлерінің бірінің соңғы нұсқасын орнатыңыз. Браузерде Adobe Flash Player соңғы нұсқасы тұруы тиіс. Google Chrome браузерінде Flash Player өздігінен орнатылған.
  • Интернет байланысыңыздың жылдамдығы жеткілікті болуын қадағалаңыз. Вебинарға қосылу үшін қажет ең аз жылдамдық — 1Mb. Ыңғайлы жұмыс істеу үшін ұсынылатын жылдамдық — 2Mb бастап (жылдамдық төмен болса, вебинар жүргізуші видеороликтер, графикасы көп презентациялар, жұмыс столының бетін және басқа да вижуал материалдарды көрсеткенде дыбыс және видео кідірістері болуы мүмкін). Интернет жылдамдығын мына парақтан тексеруге болады: http://www.speedtest.net/.
  • Интернетке корпоратив желіден шығып отырған болсаңыз, желі администраторына жүгініп, 1935, 80, 443 портын ашқызып алыңыз.
  • Вебинарға өту үшін осы беттегі сілтемемен өтіп, «Войти в вебинар» батырмасын басып, деректеріңізді көрсетіп, қолданушы келісімі тұсында белгі қою керек.
  • Вебинарға планшеттен кіретін болсаңыз, Google Chrome немесе Puffin Browse браузерлерін қолданған жөн болады.

«Инфографика» тақырыбындағы вебинарлар циклін Internews Network өкілдігі ақпаратқа қол жеткізуді қолдау жобасы аясында, АҚШ халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID) көмегімен ұйымдастырды.

Назгүл Қожабекова
Назгүл Қожабекова
Медиатренер, аудармашы, редактор,медиатренер. Сторителлинг мектебі жобасының авторы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР