Соңғы 10 жыл ішінде Қазақстандағы және Тәжікстандағы газеттердің бас беті қалай өзгерді? Әлемнің түкпір-түкпіріндегі қолданушылар аккаунтына 10 жылда қалай өзгергендерін көрсететін фотосуреттерін жариялап жатыр. Біреулері арықтаса, енді біреулері салмақ қосқан. Ендібірі имиджін өзгертсе, тағы біреулері көп балалы ата-ана атанған. «Жаңа репортер» Қазақстандағы және Тәжікстандағы бірнеше газеттің 10 жыл бұрынғы және қазіргі фотосуреттерін жинады. Сосын жыл сайын берілетін European Newspaper Award сыйлығының ұйымдастырушысы Норберт Купперге көрсетіп, газет дизайнындағы трендтер туралы әңгімелеп беруін сұрады.
Қазақстандық газеттердің бас бетінің суретін табу оңайға соқпады. Мәселен, Алматыдағы аудандық кітапхананың барлығынан бірдей газет тігінділері табылмады. Тек Ұлттық кітапханада ғана барлық газеттердің тігінділері бар екен. Газеттерді папкадан шығаруға және оны кәсіби құрылғымен фотоға түсіруге де болмайды. Міне, осы себепті де барлық фотосуреттер бірдей сапалы шықпады. Қазақстан және Тәжікстандағы газеттердің фотосуреттерін дейін/кейін форматында жинадық. Газеттеріміздің біразы «жақсы сақталғанын», яғни 10 жылда айтарлықтай өзгермегенін түсіндік.
Әйткенмен, күллі әлемде бұлай емес шығар?! Басылымдардың дизайны қалай өзгергені туралы сұрақтың жауабын шетелдік сарапшыдан білдік. Еуропада 1999 жылдан бері Норберт Куппердің бастамасымен газет конкурсы өтеді. Соңғы конкурсқа 25 елден 200-ден астам газет қатысты. Сарапшы Еуропадағы газеттер мән беріп жатқан негізгі стандарттарды санамалап шықты.
- Үлкен форматтан таблоид форматына өтті. Газеттің көлемі 50%-ке кішірейді. Бет саны да азайды.
- Ұзақ хикаялар көбейіп, қысқасы азайды. Шағын әңгімелерді жариялауға онлайн-ресурстар не әлеуметтік желілер жетіп жатыр.
- Түсі. Еуропадағы газеттер тек түрлі-түсті нұсқада басылады. Ақ-қара түсті болмайды.
Норберт Куппер газет дизайны алдағы уақытта да өзгеретініне сенімді. Еуропада осы бағытта бірқатар тенденциялар қалыптасыпты.
Сенбілік газеттер демалыс күндерінің газетіне айналды
Бұл трендтің ең көрнекі мысалы – серіктес жобаларын ашқан Allgemeine Zeitung Mainz газеті. Олар басылым көлемін кеңейтіп, жаңа айдарлар қосыпты. Осылайша, оқырман бос уақытын жайлы да жағымды оқуға арнай алады. Сенбілік нөмірдің жергілікті қосымшаларының бірінші беті толықтай бір сұраққа арналады.
Плакат түріндегі мұқабалар
Көптеген газеттер үлкен кіріспе тақырыпты қолдануға өтіп жатыр. Бұған Люксембургте шығатын Tageblatt газеті мысал болады. Грацта шығатын Kleine Zeitung немесе «Деловой Петербург» сияқты газеттер таблоид форматын қолданады. Бұл олардың плакат түріндегі мұқабалар жасауына мүмкіндік ашады.
«Жаңа репортердің» байқағанындай: Орталық Азияда мұндай прогресс Asia-Plus (Тәжікстан) и «Время» (Қазақстан) газеттерінен анық байқалады.
Кәсіби Snow Fall-жобалар
Соңғы жылдары газеттер сториттелинг жанрында мультимедиа форматтарымен көп тәжірибе жасады. Осынау журналистік құрал алдағы уақытта да қолданылуы мүмкін.
Газеттердің мобиль қосымшалары
European Newspaper Award конкурсының соңғысында интуитивті навигациясы бар жаңалықтар қосымшасы марапатталды. F.A.Z. Der Tag — Nachrichten және app12 — Tages-Anzeiger. Аталған сервистер ұзақ мәтіндерді смартфонда оқуға бейімдеп, ұсынады. Қосымшаны орнатқан қолданушылардың көптігі де оның сәтті шыққанын растайды.
Визуал журналистика сәнге айналды
Хикаяны баяндаудың басқа да форматтары, визуал сторителлинг, фоторепортаждар – журналистиканың осы жанрларының барлығы да баспа БАҚ үшін өзекті болып отыр. Контентті визуал тұрғыдан елестетуді күшейту тенденциясы бұрын да бар еді, қазір де бар.
Дата—журналистика
Berliner Morgenpost и Tages-Anzeiger газеттері басқаларынан дата-журналистикаға сүйенген жобаларының көптігімен ерекшеленеді. Бірақ, үлкен деректер көлемін сапалы да түсінікті етіп жеткізе алатын мамандары азға ұқсайды.
Мейлінше көп инфографика
Кезінде Пиреней түбегі және Грекия мемлекеті екі бетке инфографика жариялаудың алғашқы қарлығаштары болатын. Бүгінде журналисткиканың осы функциясы Данияға, Ұлыбританияға, Бенилюкс одағы және немістілді елдерге таралды.
Норберт Куппер «Жаңа репортердің» оқырмандарына газеттерінің бірінші бетін pdf-нұсқада жіберуін өтінді. Соған қарап кәсіби пікірін айтады. Пікірге сарапшының көмегіне жүгіну себебіңізді және неліктен газет дизайнын өзгерткіңіз келетін жазыңыз. Алғашқы бес өтінімді Норберт Купперге жібереміз.