ДомойМедиасынТоқаевтың 100 күні. 16-22 қыркүйек қорытынды ТВ-бағдарламаларына шолу

Тоқаевтың 100 күні. 16-22 қыркүйек қорытынды ТВ-бағдарламаларына шолу

Тоқаевтың 100 күні. 16-22 қыркүйек қорытынды ТВ-бағдарламаларына шолу

Осы аптада Қазақстан Республикасының екінші президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми қызметіне кіріскеніне 100 күн толды. «Әлеуметтік белсенді» қоғам бұл күнді де кезекті митингілермен «атап өтті». Барлық қорытынды бағдарлама «100 күн» тақырыбына эфир уақытын артады. Басқа тақырыптарға келсек, осы аптада журналистер алуан-алуан материалдарымен қуантты. Дәрі-дәрмек бағасынан бастап жолдардың жағдайына дейін қозғады. «Жаңа репортер» жоспарынан жаңылмай, КТК, «Еуразияның бірінші арнасы», «Хабар» және QAZAQSTAN телеарналарының қорытынды ақпараттық-сараптамалық бағдарламаларын көріп шықты.

«Большие новости», КТК
Бағдарлама осы аптадағы митингілерден басталды. Қысқа қайырды. Алматыдағы митинг туралы ешқандай комментарий жоқ кадр сыртындағы мәтін берсе, астанадағы митингіге бір сөйлем ғана арнады. Жабылған даңғылды айтты. Мәтінде митингке шыққандардың не талап еткенін, ел азаматтары тартылған арандатуды ұйымдастырған ұйым атауын атамады. Тек қана «Қазақстанда тыйым салынған ұйым» деп айтып өтті.

Теміржол өткеліндегі көлік апаты, яғни жүйткіген пойыз  жолда тұрып қалған автобусты соққаны туралы сюжет. Журналистер, автобус жүргізушісінің салондағы барлық жолаушыны шығарғанын хабарласа, тілші: «Барлығы да шығып үлгерді, іште тек жүргізуші қалып қойды, ол көз жұмды» деп айтады. Шын мәнінде солай болса, онда кіріспе мен сюжетте екі баласы бар әйелдің жарақаттануы, оны өмірі үшін дәрігерлер апта бойына күресіп жатқанын айтқаны қайда қалды? Олар автокөлік ішінде болған ба, қалай зардап шеккен? Әлде пойызда келе жатқан ба? Кіріспеде де, сюжетте де бұл туралы айтылмады.
Басқа тұрғыдан, сюжет тәп-тәуір жасалған: шлагбаумды соңына дейін түсірмеген өткел кезекшісінен басқа тараптардың бәрі де қамтылған. Тілшінің айтуынша, ҚТЖ әкімшілігі өз қызметкерінің жеке бас мәліметтерін жария еткісі келмейді. Жалпылама сюжет қисынды құрылған.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың 100 күндігіне жеке блок арналыпты. Бағдарлама авторлары №2 президентті ерекшелейтін негізгі жаңалыққа тоқталыпты: митингілер, Арыс, несие рақымшылығы, әлеуметтік желілерді бұғаттауды тоқтату және халыққа жолдауы.

«Аналитика», «Еуразияның бірінші арнасы»
«Аналитика» хабары да Тоқаевтың 100 күндігіне эфир уақытын бөлді. Материалға президенттің сөзінен бөлек, ресейлік саясаттанушы Эдуард Соловьевтің пікірі, ҚР Бас прокуратурасының Аблязовтың арандатуына арбалып қалмауға үндеуі кіріпті. Рұқсат етілмеген митингтен, ер адам автобустан қашып бара жатқанда оны тұтқындап, кері қайтарған кадр да алынған.

Журналист Юлия Ефремова жер және мүлік салығын төлеуге қатысты шым-шытырық туралы үлкен сюжет жасаған екен. Сюжетке Өскемен және Павлодардағы тұрғындардың оқиғасы мысал ретінде кірістірілген. Жергілікті атқарушы билік және Қаржы министрлігі өкілдерінің де пікірі алынған. Сюжетте түсінікті инфографика мен журналистің сәтті стендапы бар. Ол стендапында салығын төлеп, тып-тыныш ұйықтап жатқан кісіні сомдайды. «Бриллиантовая рука» фильмінен де үзінді көрсетіледі. Онда «Мен кінәлі емеспін!» деген сәт алынған. Кінә кімде екені, салығын төлемеген адамдарда ма, жоқ әлде мұндай мүмкіндік ұсына алмаған билікте ме? Бұл жағы түсініксіз.

Мүлдем жүргізілмеген не сапасыз жүргізілген техникалық бақылау туралы сюжетте екі тәжірибе бар. Журналистер автокөлікті тексертпей-ақ, техникалық бақылаудан қалай өту тәсілін, немесе онлайн өтуге болатынын көрсетеді. Материал авторларының көздегені не болғанын түсіну қиын. Сюжет «автокөлік те әйел сияқты, үнемі қамқорлық пен назарды талап етеді» деп аяқталады.

«7 күн», «Хабар»
«Хабар» қорытынды бағдарламасын қоғамды дүр сілкінткен оқиға – теміржол өткеліндегі апаттан бастады. Бірақ, ақпараттық түрткі Тоқаевтың көңіл айтуы болды. Десе де осылайша да тақырыпты эфирге шығарды. Тіпті, авторлар билікке сын айтты. Жергілікті шенеуніктің пікірін береді. Ол сөзінде облыс пен республикалық бюджеттен автокөлік көпірін салуға қаржы сұрағандарын, бірақ бермегенін айтып салады. Бұл тақырыптағы сюжетте өте көп ақпарат бар. Ұқсас оқиғаларды да, шетелдегі тәжірибелерді де, қазір жағдай қалай екенін, алда қалай боларын да қосыпты. Әйтсе де сюжетке көрнекілік жетіспейді. Ара-арасында инфографика қосқанда болар еді. Нақты бір құрылымы да жоқ.

Келесі блокта жүргізуші Александр Трухачев шенеуніктерді тағы да кінәлайды: мектеп жанында үш сәбиді көлік қағып кетті. Директор, осы тұстан жаяулар өткелін жасап беруін көптен бері өтініп жүргенін, бірақ билік оның үнін естімегенін айтады. Ал Өскеменде тұрғын үйдің қасынан жанар-жағармай бекетін салып жатыр. Әкімдік құрылысқа тыйым салғанымен де жанар-жағармай бекеті қожайындарының рұқсат қағаздары бар. Тележүргізуші: «мінеки, осындай ұсақ-түйектерден мекемеаралық өзара әрекеттестіктің дағдарысы тереңдейді: жоғарыдағылардың талаптарын төмендегілер орындамағанда, не ауылдағының сұранысы билікке жетпегенде, адамдар жапа шегеді. Балаларды автокөлік қағады, жолаушылар автобусын пойыз соғады» деп түсін жасайды.

Apta, QAZAQSTAN
Бағдарлама Тоқаевтың 100 күндігінен басталып, бұл тақырыпқа небәрі 1 минут арнады. Мұнда сенатор Сәрсенбай Еңсегеновтың президент өз эмоциясын көрсетпейтін адам екені туралы айтқан пікірі неліктен маңызды болғанын түсіну қиын. Айтпақшы, Тоқаев бір мезетте бірнеше кітапты қатар оқиды екен.

Шын мәнісінде, осыдан кейін жүргізуші басқа тақырыптарға күрт ауысып, Париж бен Гонконгтегі наразылықтар турасында айтты.

Содан кейін автобусты пойыз қағу оқиғасына ойысты. Инфографикасы қызық шығыпты.

Айта кетсек, қазақстандық телеарналардың қорытынды бағдарламаларына мониторингіміз тұрақты жасалады. Келесі шолуымыз келер аптада шығады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР