Қазақстандағы Internews өкілдігі қазақ тіліндегі медиасын бөлімінің редакторы мен продюсерінің бос орнына конкурс жариялады.
Міндеттері:
- Медиасын бөліміне өз бетінше не авторлармен бірігіп, тақырып іздеу;
- «Жаңа репортер» сайтының бас редакторымен тақырыптарды бекіту;
- Медиасыншы-авторларға тақырыптарды бөліп беру;
- Қажет болғанда, мәтін құрылымын түзету үшін авторлармен жұмыс істеу;
- Дайын мәтінде редакциялау және қатесін түзету.
Үміткерге қойылатын негізгі талаптар:
- кемі үш жылдық редактор тәжірибесінің болуы;
- салалық білім;
- коммуникабелді, ісіне өте жауапты
- адамдарды ынталандыра білуі;
- қазақ тіліне жетік болуы, ал орысшаны орыс тіліндегі редактормен қарым-қатынас жасау деңгейіне білу.
Бұл жұмыс орны қашықтан әрі ішінара жұмыс істеуді қарастырады.
Егер осы вакансия қызықтырса, онда істеген жұмыстарыңыз туралы мәліметі бар түйіндемеңізді 2021 жылғы 23 тамызға дейін KZ-Info@INTERNEWS.ORG эл.поштасына жіберіңіз. Хат тақырыбына “Қазақ тіліндегі продюсердің бос жұмыс орнына” деп көрсетіңіз.
Internews — БАҚ-ты қолдау бойынша халықаралық коммерциялық емес ұйым.
Негізгі қызметі:
- медианың дамуына, ТВ бағдарламалауға, контент өндірісі мен жаңа медиа технологияларды танытуға көмектесу;
- шығармашылық және техникалық қызметкерлерді кәсіби оқыту;
- заң тұрғысынан қолдау.