ДомойМедиа үніAlternativa Film Labs Impact Lab бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдап жатыр

Alternativa Film Labs Impact Lab бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдап жатыр

Alternativa Film Labs Impact Lab бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдап жатыр

Биыл Impact Lab шығармашылық кинозертханасы 26 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Бішкекте (Қырғызстан) өтеді. Бұл кинозертхана жобасы маңызды әрі өзекті тақырыптарды (адам құқықтары, қоршаған орта, гендерлік теңсіздік, әлеуметтік жанжалдар, адамдардың трагедиялары) көтеретін продюсерлер мен режиссерлерге арналған.

Impact Lab авторларға осындай фильмдерді ілгерілетуді және көтерілген мәселелердің шешімін табудың жол картасын құруды үйретеді. Кино өнер ретінде өзгерістерге итермелейтін үлкен күш болуа алады және біздің ортақ мақсатымыз — әлемді жақсы жағына өзгерту үшін оның барлық мүмкіндігін қолдану. 

Impact Lab серіктесі — Think-Film Impact Production еуропалық медиакомпаниясы. Ол Alternativa Film Labs-қа 2023 жылы осы кинозертхананы іске қосуға көмектесті. Think-Film Impact Production командасы шығармашылық визуалды медианы іс-әрекетке итермелеу және нәтижеге жету құралы ретінде қолдана отырып, кино мен саясатты біріктіруге тырысады. Биыл компанияның негізін қалаушы және бас директор Даниэль Турков, операциялық директор Эми Шепард және стратегиялық кеңесші Клифф Уилсон қайта Impact Lab оқытушылары болады. Олар саясатқа ықпал етіп, нақты адамдарға көмек көрсеткен, фильмдері «Эмми» және «Оскар» алған сарапшылар. Бірақ ең бастысы олар шын мәнінде өзгерістерге алып келетін стратегияларды ойлап табуды және оларды жүзеге асыруды біледі және ол білімін Impact Lab қатысушыларымен бөлісуге дайын.

Былтырғы Impact Lab бізге де, Alternativa Film Labs ұйымдастырушылары мен оқытушыларына да үлкен мектеп болды. Зертхананың әрбір қатысушысы мен әр жоба сюжет, мән-мағына мен мақсаттың жаңа әлемін ашты. Қатысушылардың сенімі және серіктестеріміздің қолдауымен бұл жобалардың Орталық Азиядан тыс жерде де танымал болғанына қуаныштымыз. Орталық Азия елдерінен келетін жаңа қатысушылармен, олардың жаңа хикаяласымен, шығармашылық үнімен танысатын сәтті, әрқайсымызға үміт пен күш-қуат сыйлайтын фильмдермен жұмыс істейтін кезді асыға күтеміз.

Анна Гудкова, Alternativa Film Labs жетекшісі

Impact Lab-қа қатысуға Open call 13 мамырда басталып, 5 тамызға дейін жалғасады. Өтінімді Орталық Азия елдерінен (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан) қоғамға және қоршаған ортаға оң әсер ететін және көтерілген мәселені шешуге күш тарта алатын ойын және деректі фильм жобалары бар продюсерлер мен режиссерлер жібере алады. Бұл бір немесе бірнеше бейне түсіріп, қоғамдастықтармен жұмысқа және жаңа импакт-стратегияларды тануға қызығушылық білдіретін кәсіпқойлар. Біз дайындықтың соңғы сатысындағы жобалар мен дайын фильмдерді қарастырамыз. Жоба Impact Lab өтетін орынға баратын жол және жатын орын шығынын қамтиды. Қатысушыларға және жобаға қоятын талаптар тізімі alternativa.film сайтында бар. Зертханаға қабылдау нәтижесі қыркүйектің басында жарияланады.

Alternativa Film Project — inDrive жаһандық технологиялық компаниясы 2023 жылы Орталық Азияда бастаған халықаралық коммерциялық емес жоба. Бұл жоба дамып келе жатқан киноиндустриялардың кинематографистерін қолдау және ілгерілетуге арналған. Оның міндеті — шығармашылығымен әлем туралы түсінігімізді кеңейтіп, оны жақсы жаққа өзгертуге үлес қоса алатын авторлардың халықаралық аренада танылуына ықпал ету, олардың кәсіби өсуіне ресурстар беру және жергілікті киноиндустриялар мен қауымдастықтарды дамытуға күшті серпін беру.

Alternativa Film Labs — авторларға өз жобаларын күшейтуге, аудиториясын кеңейтуге және білім мен ресурстардың жетіспеушілігіне байланысты экрандарда әлі көрсетілмеген маңызды оқиғаларды айтуға көмектесетін, кинорежиссерлер мен әлеуметтік бастамалар дағдылары мен құралдарын үйрететін, тегін кинематографиялық білім беру бағдарламалары. 2023 жылы Alternativa Film Labs командасы Алматыда импакт-зертхана (Impact Lab) және Орталық Азиядан келген продюсерлер мен режиссерлерге арналған питчинг бойынша онлайн-курс (Pitching Training), сондай-ақ Бішкектегі жасөспірімдерге арналған кино шеберханасын (Teen Lab) өткізді.

Бағдарлама оқытушылары мен тьюторларының арасында Адам құқықтары мен әлеуметтік мәселелер туралы фильмдерге арналған Гаагадағы Movies that Matter Халықаралық кинофестивалінің арт-директоры Маргье де Кениг; Think -Film Impact Production медиа компаниясының негізін қалаушы Даниэль Турков; Канн фестивалінің қысқаметражды фильмдер байқауының іріктеу комиссиясының мүшесі, питчинг бойынша сарапшы Вим Ванакер. Alternativa Film Labs 2023 жеңімпаздары Берлиндегі European Film Market аясында жобаларын ұсынуға және дамытуға аттанды: Даниэль Бергер Fiction Toolbox Programme мүшесі, Бану Рамазанова — Doc Toolbox Programme мүшесі болды; Диана Жилкенова мен Эльер Немат European Film Market-те аккредитация алды, ал Alternativa Impact Lab жеңімпазы Ассель Аушакимова Берлиналедегі Talent Project Market питчингінде екінші орынды иеленді.

2024 жылы Alternativa Film Labs қайта Орталық Азияда өтіп, үш кинозертханадан құралады: Development Lab (маусым-қазан,, Бұқара, Алматы және онлайн), Teen Lab (маусым-қыркүйек), Ташкент және онлайн) және Impact Lab (қыркүйек-қазан, Бішкек).

Медиамен байланыс маманы:  Анна Васильева  ✉️ anna.vasilyeva@indriver.com 

Редакция
Редакция
Редакционный аккаунт сайта "Новый репортер".

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР