Домой Блог Страница 52

Журналистерді аккредиттеу қағидаларына өзгеріс: тепе-теңдік қажет

Internews Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жариялаған Журналистерді аккредиттеу қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрығының жобасына түсінік дайындап, жолдады. Бір қарағанда түзетулер техникалық болып көрінуі мұмкін. Әйткенмен біздегі қазіргі ахуал және тәжірибе көрсеткендей, бұл өзгерістер журналистердің ақпаратқа қол жеткізуін шектейтін не журналистік қызметіне кедергі келтіретін құралға айналуы мүмкін.

Мәселе неде?

Аккредиттеу шарттарына «журналистің аккредиттеуші органның ішкі тәртібі мен модератор орнатқан регламентті сақтау туралы жазбаша келісімін (еркін түрде), сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары мен журналист арасындағы шарттық қатынастарды растайтын құжаттың көшірмесін» көрсету міндетті» деген талапты енгізу ұсынылған.

Internews «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, сонымен қатар қолданыстағы Журналистерді аккредиттеу қағидаларында журналистің аккредиттеуші органның ішкі тәртібі мен модератор орнатқан регламентті сақтау туралы жазбаша келісімін алу жөніндегі норманың жоқ екенін мәлімдейді. «Модератор орнатқан регламент» сөзінің астарында не жатқаны да түсініксіз. Әртүрлі іс-шараларға әрқалай болса керек. Әдетте регламент қандай екенін іс-шара басталардан алдын хабарлайды. Журналист кейін бекітіліп, хабарланатын регламентті сақтауға қалай ғана келісім береді?

Регламентте фото және видеоқұрылғыларды қолданбау, онлайн-трансляция жүргізбеу, алдын ала келісілмеген сұрақтарды қоймау, синонимдер пайдаланбау, төл сөзді төлеу сөзге айналдырмау (мысалы, «Қайрат» футбол клубының талаптары), тіпті ештеңе жарияламау сынды талаптар болуы да әбден мүмкін. Мұның бәрі де журналист алдын ала қол қойып келісімін беруге міндетті регламенттер болуы мүмкін.

Келісім құжаттарын көрсететін талапты «Жеке бас мәліметтері және оларды қорғау туралы» ҚР Заңына сәйкес тексеру қажет. Келісім құжаттарында жеке бас мәліметтері, коммерциялық құпияға не қызметтік ақпаратқа жататын деректер де болуы мүмкін. Бұл екі норманы құжат жобасынан алып тастау ұсынылады.

Заңгерлер комментарийлерінде «Үкімет бизнесті қоса алғанда да рұқсат ететін және ескертетін қызметтерді қысқартып, азайтатынын жария еткен уақытта аккредиттеу тәртібі қиындап, құжаттарын көрсету жөніндегі қосымша талаптар пайда болып жатыр. ЖШС-ін аз құжат жиынтығымен онлайн ашуға болатын кезде журналистерді аккредиттеудің қарапайым тәртібін негізсіз қиындатып, қосымша құжаттар талап етудің қажеттілігі неде?» деп жазады.

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі хабарлағандай, бұл талаптар БАҚ-тың Бас редакторларының  өтініші негізінде енгізіліп отыр. Бірақ министр нақты қай БАҚ-тың Бас редакторлары екенін айтпады. Бәлкім, үкіметтің жоспары құжат айналымын азайтып, бәрін де онлайн жүйеге көшіріп, рәсімін оңайлатуға бағытталса, демек бас редакторлардың өтінішін қанағаттандыруды емес, керісінше мемлекеттік органдардағы аккредиттеу тәртібін , аз құжаттарпен қарапайым, ыңғайлы әрі онлайн-режимде жүргізуді ойластырған жөн еді.

Жаңа құжатта «отырыстар, кеңестер және өзге де шаралар өткізілетін бөлмеде өзге журналистерді аккредиттеу мен орналастыру жүргізілген жағдайда, журналистерді орналастыру мүмкіндігі болмаса» аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдануы мүмкін екені көрсетілген. Бұл норма журналистің кәсіби қызметін шектейді. Аталған нормаға ҚР Қаржы Министрінің 17.03.2015 жылғы №179 Бұйрығы негіздеме ретінде келтіріледі. Сол бұйрықта отырыстар мен өзге де шаралар өтетін жалпы үй-жайлардың (конференц-зал, жиналыс залы)  шектеулігі жалпы аумағының 20%-і деп көрсетілген. Алайда бұл журналистердің мемлекеттік органдар қызметінен ақпарат тарату жөніндегі кәсіби қызметіне және аккредиттеу туралы шешіміне қалай ықпал ететіні түсініксіз. Мемлекеттік орган БАҚ-ты өздері шақырғанда ғимараттың аумағына қарамайды және оны назарға алмайды.

Сондай-ақ, бұл норма таңдап-талғап қолданылуы мүмкін екенін шамалауға болады. Белгілі бір журналистерге және БАҚ-тарға әрине орын жетіспеуі мүмкін.

Бұйрық жобасына аккредиттелген журналистті аккредиттелу құқынан айыру тәртібі де енгізілген. Бірінші пунктінде Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңына сілтеме жасалса, ал төртінші пунктінде толықтыру енгізілген. Онда аккредиттеуші органның ішкі тәртібі мен модератормен орнатылған регламентті бұзған жағдайда журналист аккредитациясынан айырылуы мүмкін.

Internews осы пунктті Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының талаптары сәйкестендіру қажет екенін шамалайды. Заңда «Егер журналист аккредиттеу ережелерiн бұзса не өзiн аккредиттеген мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктер мен ұйымдардың ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн, шындыққа сәйкес келмейтiн мәлiметтердi таратса, оның аккредиттелуі күшiн жоюы мүмкiн» деп көрсетілген. Заңгерлердің пікірінше, осы да жеткілікті.

Internews қазіргі қолданыстағы Журналистерді аккредиттеу қағидалары жетілдіруді қажет деп есептейді. Ең алдымен, аккредиттеу тәртібін тек орталық атқарушы органдарда ғана емес, басқа да мемлекеттік органдарда, әсіресе аймақтарда жұмыс істейтін ету керек. Аккредиттелген журналистердің құқықтары және аккредиттейтін ұйымдардың міндеттемелері арасындағы тепе-теңдік жетіспейді, не керісінше болып жатады. Аккредиттелген журналистердің ақпарат алуына қосымша кепілдемелер қажет. Аккредиттелуін қайтарып алу не аккредиттелуінен айыру негіздемесі түсінікті болып, Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 22 бабына сәйкес келуі керек. Заңда көрсетілмеген ережелер, заңнан туындаған актілер негіздемеге алынбауы керек. Және де аккредиттеуден бас тарту не алып қою бойынша сотқа немесе жоғары тұрған мемлекеттік органға шағым түсіру жағы қарастырылып, мұны да регламенттеу қажет.

Internews ұсынысы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне жолданды. Бұйрық жобасына 2019 жылдың 28 ақпанына дейін қаралады.

Мұнда Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар Министрінің Бұйрығының жобасына салыстырмалы кестені жүктеп алуға болады.

Internews-тің контент жасауға арналған гранттары

Internews халықаралық ұйымы MediaCAMP бағдарламасы аясында отандық контент жасау идеясына байқау жариялайды. Соған қатысқысы келетін азаматтар тарапынан бірқатар қосымша сұрақтар туындады. Internews халықаралық ұйымының Қазақстандағы өкілдігінің бағдарламалар жөніндегі аймақтық менеджері Дина Жансағымова чат-консультация өткізді. 40 минут ішінде байқау туралы егжей-тегжейлі түсіндіріп, бас-аяғы 25-тен астам сұраққа жауап берді.

Байқаудың мақсаты – сапалы телевизиялық бағдарламаларды, арнайы репортаждарды, дерек фильмдерді, лонгридтерді, әлеуметтік желілердегі жобаларды, мультимедиалық мақалаларды және журналистік зерттеулерді қолдау.

Чат-консультация барысында қойылған сұрақтардың бірнешеуін мәтін түрінде жазып, соның жауабын да қысқа-нұсқа жариялап отырмыз.

  • Қандай тақырыптарда идея ұсынған жөн?

Шектеу жоқ.Еркін яғни кез келген тақырыпты қозғауға болады. Әйткенмен басымдыққа ие тақырыптар да бар. Біз MediaCAMP жобасының философиясын былай айқындадық: үні естілмейтіндерге сөз беру. Ірі ұлттық медиалар қиын жағдайдағы осал топтарға, адамдарға сөз бермейді. Гендерлік тақырып, инклюзия мәселелері, биліктің ашықтығы, оның шешімдерін қадағалау сынды тақырыптар, адамдар өзі контент жасауға, мәселені шешуге қатыса алатын жобалар қызықтырады. Тұрмыс жағдайлары төмен не басқаларымен салыстырғанда құқықтары көбірек шектелетін, кемсітілетін, қоғам өмірінде ойнайтын рөлі елеусіз қалатын осал топтар болады ғой. Сондай топтарға арналған және көпшілікке бағытталған әлеуметтік, саяси, тұрмыстық, қоғамдық, экономикалық тұрғыдан білім деңгейін көтеру жағынан маңызы аса жоғары идеяларға басымдық беріледі.

  • Контенттің монетизациясына да мән беру қажет па?

Монетизация — жобаның болашағы. Өйткені, берілетін грант — сол жобаны бастауға, старт алуға арналады. Ал жобаның әрмен қарай да онор, демеуші, жарнама беруші табу мүмкіндігі болса, бұл — үлкен артықшылық.

  • Бір адам бірнеше жоба ұсына ала ма?

Иә

  • Іріктеу қандай шарттармен жүреді?

Әртүрлі, яғни идеяның бірегейлігі, контенттің аудиторияны еліктіруі (қаншалықты көп аудиторияны тарта алады), жоба қандай да бір жағдайға қалай әсер алатыны (импакт). Және мұның бәрін бағамдап, өлшеп, көре алатындай болу керек.

  • Грант сомасы қандай?

 

Сомасын әзірге айтпаймыз. Өйткені, сіз өз жобаңызды қаншалықты бағамдай алатыныңызды түсінуіміз аса маңызды болып отыр.

Басқа да көптеген сұрақтың жауабын чат-конференцияның видеосынан көре аласыз. Назар аударыңыз: Видеоның Youtube-бетіне өтсеңіз, роликтің сипаттамасынан әр сұрақтың нақты жауабына апаратын таймкодтар берілген. Осылайша, қызықтырған сұрақтың жауабын білу үшін тұтас видеоны көріп шығудың қажеті жоқ.

Байқауға қатысу үшін мына онлайн-формасын толтыруыңызды сұраймыз. Берілген жоба Халықаралық даму жөніндегі АҚШ агенттігінің (USAID) қолдауымен MediaCAMP Орталық Азиялық медиабағдарламасы шеңберінде өткізіледі.

«Азаматтық журналистер» жобасына қатысуға байқау жарияланды

Internews MediaCAMP бағдарламасы шеңберінде Қазақстанның медиа ұйымдарын стрингерлер желісін дамытуға шақырады.

Біз алты медиаұйымға, олардың жеке аймақтық корреспонденттері желісін құруына қолдау көрсетеміз.

Сіздерге төмендегідей қолдау көрсетеміз:

  • Азаматтық журналисттер желісі үйлестірушісінің қаржылық қолдауы.
  • Бастапқы кезеңде желі қатысушыларының қаламақысын төлеуге грант.
  • Құрылған желі үйлестірушілері үшін қашықтан тәлімгерлік көрсету.

Конкурсқа Қазақстандағы мемлекеттік емес медиалар да қатыса алады.

Қатысуға қалай өтінім береді?

Негіздеме хат жазып, «Сіздің медиа неліктен «Азаматтық журналистер» жобасының қатысушысы атануы тиіс?» деген сауалға жауап беру керек.

2019 жылғы 28 ақпан Астана уақытымен сағат 24:00-ге дейін грантқа онлайн форманы толтыру қажет.

Internews 2019 ж. 5 наурыздан кешіктірмей шешім қабылдайды. Жеңімпаздар 2019 ж. 6 наурыздан кешіктірілмей электронды пошта арқылы хабардар етіледі.

Барлық сұрақтар бойынша +7 (727) 355 95 85 телефонына немесе kz-info@internews.org электронды поштасына хабарласыңыз.

Аталған жоба Халықаралық даму жөніндегі АҚШ агенттігінің (USAID) қолдауымен MediaCAMP Орталық Азиялық медиабағдарламасы шеңберінде өткізіледі.

Медианы оқыту бағдарламаларын ұйымдастыруға байқау жариялайды

Internews халықаралық ұйымы MediaCAMP бағдарламасы шеңберінде қазақстандық медианың біліктілігін арттыруға арналған оқыту бағдарламаларын ұйымдастыратын серіктестер іздейтінін жариялайды.

Серіктестікке кәсіби медиамамандарды оқыту саласында тәжірибесі бар коммерциялық емес не коммерциялық ұйымдар шақырылады.

Оқу үш бағытта жүргізіледі:

  • Мультиформатты бейне-контент өндірісінің теориясы және практикасы, аудиторияны тарту стратегиясы, қиын да күрделі әлеуметтік маңызды тақырыптарды айқындау әдістері, телевизиялық аудиторияны өлшеу әдістемелерін зерттеу;
  • Әлеуметтік өзекті тақырыптарға арналған мультимедиялық сторителлинг форматтары, аудиторияны тарту, материалдарды тарату, метриканы түсіну әдістері;
  • Кез келген түрдегі медиа ұйымдастыруды, медиакомпаниялардың қаржылық тұрақтылығын дамыту және нығайту стратегияларын басқару, ұйымдастырушылық мәдениет және кадрлық әлеует.

Әрбір бағыт шеңберінде бірден үшке дейін оқыту іс-шара өткізу жоспарлануы керек. Серіктес тарап негізгі оқыту іс-шаралары аяқталғаннан кейін 3-4 ай бойына қатысушыларды жетелеу жағынан қамтамасыз етуі керек.

MediaCAMP әлеуетті серіктестері өзінің құзыретіне байланысты бір бағытта, сол сияқты бірнеше бағытта оқу іс-шараларын ұйымдастыруға өтінім бере алады.

Өтінім беруші мыналарды ұсынады:

— оқыту іс-шараларының алдын ала бағдарламасы;
— тренингтер саны және олардың әлеуетті қатысушылар саны;
— оқыту форматтары: тренингтер, вебинарлар, шеберлік сабақтары, жетекшілік;
— құзыреті мен тәжірибесі сипатталған жаттықтырушылар тізімі;
— қатысушыларды шақыру және іріктеу әдістемесі;
— оқудан кейін оларды қолдау форматы.

Өтінім берудің соңғы күні: 2019 жылғы 22 ақпан.

Байқау жеңімпаздарын іріктеу екі кезеңде өтеді:

1) өтінім берушінің әлеуетін, медианарық қажеттіліктерін түсінуін, ұсыныстың инновациялығын бағалау. Байқауға қатысушылардың шорт-парағы анықталады.
2) жоба бюджеттерін бағалау, сонымен қатар тренингтер тақырыптарын нақтылау мақсатымен жеке кеңес өткізу.
Сараптамалық кеңес соңғы шешімді 2019 жылдың 28 ақпанына дейін қабылдайды.
Барлық оқыту іс-шаралары 2019 жылғы наурыздан бастап қыркүйекке дейін ұйымдастырылуы керек.

Өтінім беру үшін мына сілтеме бойынша онлайн-форманы толтыруды сұраймыз.

Барлық сұрақтар бойынша +7 (727) 355 95 85 телефонына немесе kz-info@internews.org. электронды поштасына хабарласыңыз.

Жоба Халықаралық даму жөніндегі АҚШ агенттігінің (USAID) қолдауымен MediaCAMP Орталық Азиялық медиабағдарламасы аясында жүзеге асады.

Отандық контент өндірісіне идеялар байқауы

Internews халықаралық ұйымы MediaCAMP бағдарламасы аясында отандық контент жасау идеясына байқау жариялайды. Өтінім қабылдаудың соңғы күні — 15 ақпан.

Біз заманауи технологияларды қолданып, аудиторияны тарту арқылы медианың қоғам өміріндегі ең өзекті және күрделі мәселелерді кәсіби, сапалы және әртүрлі платформаларға сүйеніп айтқанын қалаймыз.

Байқаудың мақсаты – сапалы телевизиялық бағдарламаларды, арнайы репортаждарды, дерек фильмдерді, лонгридтерді, әлеуметтік желілердегі жобаларды, мультимедиалық мақалаларды және журналистік зерттеулерді қолдау.

Байқау шеңберінде Internews көркем фильмдер, сериалдар, әлеуметтік роликтер мен музыкалық клиптер өндірісіне қолдау көрсетпейді.
Байқау Қазақстанның телеарналары, онлайн-медиа, продакшн-студиялар және тәуелсіз продюсерлер үшін ашық болады. Байқау тақырыбы еркін. Барлық жобалар 2019 жылдың сәуір айынан бастап қазан айына дейінгі кезеңде жасап бітірілуі керек. Контентті жарыққа шығару кестесі гранттық келісімге қол қою барысында айқындалады.

Байқау үш сатыға бөлініп өтеді:
1 – идеялар байқауы

Сізден идеяңызды қысқаша сипаттай отырып, онлайн-формасын толтыруыңызды сұраймыз. Тақырыптарға шектеу қойылмайды. Ойланып, армандап толтырыңыз! Біз әрі мазмұны, әрі форматы бойынша қызықты, шабытқа толы ұсыныстарды күтеміз.
Мерзімі – 2019 жылдың 15 ақпанына дейін.

Ең қызықты идеялар байқаудың екінші сатысына өтеді.

2 – идеялардың тұсаукесері
Ең үздік идеялар авторлары арнайы питчинг-сессияға шақырылатын болады. Олар өздерінің тұжырымдамасын бес минуттың ішінде өзектілігі мен орындалу мүмкіндігін дәлелдей отырып, кез келген формада көрсете алады.
Осы сессияда келесі жайттарды алға тартатындай етіп дайын болыңыз:
Өндірістің егжей-тегжейі;
Жобаның бюджеті;
Түпкілікті өнім.
Питчингілеуден кейін комиссия мүшелері қосымша сұрақ қойып, жобаны жақсарту үшін өз ұсыныстарын беруі мүмкін.

3 – контент өндірісіне грант алу байқауы
Алдын ала мақұлдау алған жобалар авторларына жобаны өңдеу, бюджет жасау және грант алуға қажетті құжаттарды дайындау үшін 3 апта беріледі.

Контенттік гранттарды қаржыландыру бойынша ақырғы шешімді келесі критерийлер негізінде конкурстық комиссия қабылдайтын болады:

  • идеяның түпнұсқалығы,
  • мультимедиалық құралдардың қолдануылуы,
  • аудиторияны түсіну деңгейі және оларды тарту жоспары,
  • алдыңғы тәжірибенің болуы және ақылға қонымды бюджет.

Барлық жобалар ашық лицензиямен жасалуы керек және мақсаттылығы жағдайында алмасу үшін қол жетімді болуы керек.

Қажет болған жағдайда біз қосымша ақпаратты сұратамыз. Өтініш, барлық сұрақтар бойынша +7 (727) 355 95 85 телефоны арқылы немесе kz-info@internews.org электронды поштасына хабарласыңыз.

Берілген жоба Халықаралық даму жөніндегі АҚШ агенттігінің (USAID) қолдауымен MediaCAMP Орталық Азиялық медиабағдарламасы шеңберінде өткізіледі. MediaCAMP Орталық Азиялық бағдарлама туралы толығырақ мына жерден оқыңыз.

Crello.com — дизайнға арналған онлайн-құрал

Crello.com — постер, көрнекілік, мұқаба және т.б. жасауға арналған тағы бір оңай да ыңғайлы құрал .  Canva сервисіне ұқсайды (Canva), бірақ мұнда шаблондар азырақ.

Жобаңыздың өлшемдерін бастан көрсетіп қоюға мүмкіндік беретін ыңғайлы функция бар, көптеген сервистерден өзгешелеу, безендіруге арналған тегін суреттер мол. Артқы көрінісі мен суреттің өзіне фильтр салуға да болады.

Мәтін қоюдың үш-ақ форматы бар, бірақ белгішелер мен қосымша таңбалар көп. Көрнекіліктерді жиі жасайтын болсаңыз — визуал материалдарыңызды алуан түрлі ете түсу үшін құрал сізге пайдалы болары анық.

 

Internews сторителлинг форматындағы материалдар әзірлеу үшін шағын гранттарға байқау жариялайды

Өз ресурстарында мультимедиалық сторителлинг форматында материалдар жариялайтын қазақстандық ресурстар шағын гранттар алуға өтініш беруіне болады. Internews мультимедиалық және интерактив форматтағы журналистік материалдар өндірісіне қолдау көрсетеді.

Гранттарды могут быть:

  • Дербес интернет ресурсы бар, мельтимедиалық және интерактив форматтағы материалдарды әзірлеп, жариялайтын қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары.

Өндірілген материалды грант алушы өз сайтында жариялап, Internews-тің ресурстарында да жариялауға құқық беруге тиіс.

Ұсынылатын тақырыптар:

  • Құқық;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғам;
  • Гендер;
  • Экономика;
  • БАҚ төңірегіндегі жағдай;
  • Экология (жаһандық климат өзгеруі);
  • Толеранттық тақырыбы;
  • Әлеуметтік бағдарламалар;
  • Азаматтық өмірін жақсарту, қоғам мәселелерін шешу жөніндегі азаматтық белсенділік.

Грант алушыларды қазылар алқасы анықтайды.

Грант алуға өтініштер мына шарттар бойынша бағаланады:

  • контент заң нормаларына қайшы келмеуі;
  • контент түрлі көзқарас ұстанымдарын көрсетуі;
  • контент қандай да бір саяси, діни тараптар мен жеке тұлғалардың мүддесін көздемеуі;
  • контент Internews ұсынған тақырыптар мен жанрларға сай болуы;
  • шығармашылық;
  • жобаны бірнеше тілге аудару мүмкіндігі.

Грант сомасы көлік жалдау, журналистің қаламақысы, құрал-жабдықтар сатып алу және т.б. сынды шығындарды өтеуге есептелген.

Грант алуға (өтініште) жобаның сипаттамасы, мақсаты, болжамды нәтижелері (жоба неліктен және қалайша аудиторияның қызығушылығын оята алады), жұмыс жоспары,(бюджеті) және редакцияның редакции (хаты) болуға тиіс. Өтінішке жобаға қатысушылардың түйіндемелерін қоса жолдаған абзал.

Өтініштерді 2017 жылғы 15 қыркүйекке дейін «Открытая Азия онлайн» жобасының жетекшісі Евгений Дробязкоға ydrobyazko@INTERNEWS.ORG почтасына жолдау керек.

Журналистерге қыркүйекте ұсынылатын курстар мен байқаулар

Дүние жүзінің журналистеріне арналған курстар, машықтану және байқаулар. Материал ijnet.org  порталынан алынды

Жас фотожурналистерге арналған байқау – Ян Перри атындағы стипендия  Дедлайн 1 қыркүйек

Ян Перри атындағы стипендия 24 жасқа дейінгі жас фотографтарға арналған. Байқауда екі жүлде беріледі: жетістіктері үшін және келешектегі әлеуеті үшін — екі жеңімпаз да 3 500 британ фунты көлемінде сыйақы алады. Толық ақпарат  мына жерде.

БҰҰ жанындағы Тілшілер ассоциациясының байқауы  Дедлайн 14 қыркүйек

Бүкіл дүние жүзінің БҰҰ мен бөлімшелерінің қызметін жариялап жүрген журналистер БҰҰ жанындағы Тілшілер ассоциациясы ұйымдастырған байқауға қатысуға шақырылады.  Жұмыстар төрт санат бойынша қабылданады: баспа және онлайн, радио және телевизия, климат өзгеруі, гуманитарлық қызмет және даму. Байқаудың жүлде қоры 60 000 АҚШ долларынан асады. Толық ақпарат мына жерде.

Энергетика және климат тақырыбында ортақ жұмыс істеу үшін журналистерге берілетін гранттар Дедлайн 15 қыркүйек

Clean Energy Wire (CLEW) таза энергияны қолдану, климат саласындағы саясат және/немесе төмен көміртекті экономикаға өту тақырыбына арналған, мүмкіндігі мол ортақ жобалар бойынша жұмыс істеуге үш грант ұсынады. Оларға кем дегенде екі елдің өкілдері қатыса алады. Байқауға баспа ақпарат құралдарына, онлайн басылымдарға арналған және мультимедиалық жобалар қатыса алады. Толық ақпарат  мына жерде.

Миграция тақырыбындағы фильмдер фестивалі  Дедлайн 17 қыркүйек

Кинематографистер Миграция жөніндегі халықаралық ұйым  (МОМ) өткізетін миграция туралы фильмдер фестиваліне қатысуына болады. Фестиваль дүние жүзі бойынша желтоқсанда өтеді. Үш жеңімпаз 1 500 доллардан жүлде алады. Толық ақпарат мына жерде.

Журналистерге Epoch Times ұсынатын байқау Дедлайн 18 қыркүйек

Журналистер The Epoch Times ұсынған Inspiring the World Journalism Competition қысқа мақалалар байқауына материалдарын ұсынып, 5 000 АҚШ долларына дейін жүлделер ұтып алуға мүмкіндігі бар. Толық ақпарат мына жерде.

Зерттеу-тергеу журналистика қорының гранттары  Дедлайн 25 қыркүйек

Зерттеу-тергеу журналистика қоры ұсынатын гранттардың мақсаты — сыбайлас жемқорлық пен мемлекеттік және жеке секторлардағы билікті асыра пайдалану сынды жобаларға арналған зерттеу-тергеу жобаларына қолдау көрсету. Ең үлкен грант мөлшері — 10 000 АҚШ доллары. Толық ақпарат  мына жерде.

 Техастың A&M университеті фотожурналистерге ұсынатын гранттары Дедлайн 30 қыркүйек

Техастың A&M университеті ұсынатын Conflict and Development Center  Student Media Grants Program гранттар бағдарламасын ұйымдастырушы. Фотожурналист студенттерге арналған жүлде қақтығыстар салдарынан зардап шеккен елдердегі адамдар тап болатын жағдайларды фотоға түсіру үшін инновациялық әдістерді қолдануға ынталандырады. Толық ақпарат мына жерде.

Internews #MediaCA Халықаралық конференциясына тіркелу басталды

2017 жылғы 27-28 қыркүйекте Internews Алматыда Халықаралық  #MediaCA конференциясын өткізеді.

Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанның медиа және журналистика саласын дамыту жолында жұмыс істеп келе жатқан мамандарды шақырамыз.

Екі күн бойы Орталық Азиядағы медианың бүгіні мен ертеңін, маркетинг және БАҚ-қа жарнама тарту мәселелерін, жаңа форматтар мен интернеттегі медиа өлшемдерін, сатылатын контент әзірлеу мен Youtube-каналды монетизациялау жолдары сынды мәселелер талқыланады.

Сондай-ақ, конференция бағдарламасында халықаралық және жергілікті эксперттердің қатысуымен медиатрендтер, ТВ және онлайнға арналған аналитика, редакцияны басқару, өңірлік БАҚ күнкөрісі, бәсекелестік жағдайында отандық контент өндіру нарығы және т.б. тақырыптарда креатив презентациялар мен мастер-кластар өтеді.

#MediaCA халықаралық конференциясына шақырылған эксперттер:

  • Всеволод Пуля — журналист, медиатренер, Russia Beyond The Headlines бас редакторы, медиакеңесші және MediaToolbox негізін қалаушы, «Журналист» журналында «Новые медиа» айдарының редакторы, Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті журналистика факультетінің аға оқытушысы;
  • Арина Бородина — более 12 лет работала телевизионным обозревателем и специальным корреспондентом ИД «Коммерсантъ» Баспа үйінде 12 жылдан астам телешолушы және арнайы тілші болып жұмыс істеген. Қазір «Эхо Москвы» радиосында телешолулар жүргізеді. Ресей телевизиясының жағдайы, теленарықтағы тенденциялар жөніндегі жүздеген сараптама материалының авторы. Телевизия нарығын 15 жылдан астам зерттеп келеді. Телевизиялық бағдарлау ерекшеліктерін, телеаудиторияның талғамын жақсы біледі.

Алматылық қатысушыларға шектеу қойылмайды, алайда алдын ала онлайн-тіркелу керек. Назар аударыңыздар! Алматылық қатысушылардың жолақы, жатын, тамақтану шығындары өтелмейді.

Қазақстанның өзге өңірлерінен қатысушылар 2017 жылғы 6 қыркүйек, сағат 17:00 дейін  өтініш үлгісін  толтырып жіберуге тиіс. Конференцияға қатысушыларды ұйымдастырушылар іріктейді. Қатысушылар тізімі 2017 жылғы 8 қыркүйекте анықталады.

Алматыдан басқа өңірлерден қатысушыларға жолақы, жатын және тамақтану шығындары өтеледі.

Internews үнемді эко-офис стандарттарын ұстанатындықтан, қатысушылар техникалық құралдарын, жазбаға арналған дәптерлері мен ауыз суға арналған ыдысын ала келсе жақсы болады.

Конференцияға қатысты сұрақтар бойынша Орталық Азиядағы Internews өкілдігінің басшысы Марат Биғалиевке хабарласуға болады: bmarat@INTERNEWS.ORG

Конференция туралы ақпарат «Новый репортер» және  www.internews.kg  сайттарында жарияланады.

Конференция  «Рахат Палас» қонақүйінің бал залында өтеді, мекен жайы: Алматы, Сәтпаев көшесі 29/6.

 #MediaCA халықаралық конференциясы    Internews АҚШ Халықаралық серіктестік агенттігінің  (USAID) көмегімен «Ақпаратқа қол жеткізуді қолдау» бағдарламасы аясында жүзеге асырып отырған жобаның шарасы.

Журналист және заң

14 тамызда сағат 16:00-де «Журналист және заң» тақырыбында қазақ тілінде тегін вебинар өтеді.

Вебинарда «Ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» Заң жобасына түсіндірме беріледі.

Вебинарға журналистер, редакторлар, блогерлер шақырылады.

Вебинарды «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау қорының эксперті Ғалия Әженова жүргізеді.

Вебинарға тіркелу үшін сілтемемен өтіңіз.

Вебинарға қатысу үшін мына техникалық талаптарды орындаңыз:

1. Компьютеріңізге Google Chrome, FireFox, Safari немесе Opera браузерлерінің бірінің соңғы нұсқасын орнатыңыз. Браузерде Adobe Flash Player соңғы нұсқасы тұруы тиіс. Google Chrome браузерінде Flash Player өздігінен орнатылған.
2. Интернет байланысыңыздың жылдамдығы жеткілікті болуын қадағалаңыз. Вебинарға қосылу үшін қажет ең аз жылдамдық — 1Mb. Ыңғайлы жұмыс істеу үшін ұсынылатын жылдамдық — 2Mb бастап (жылдамдық төмен болса, вебинар жүргізуші видеороликтер, графикасы көп презентациялар, жұмыс столының бетін және басқа да вижуал материалдарды көрсеткенде дыбыс және видео кідірістері болуы мүмкін). Интернет жылдамдығын мына парақтан тексеруге болады: http://www.speedtest.net/.
3. Интернетке корпоратив желіден шығып отырған болсаңыз, желі администраторына жүгініп, 1935, 80, 443 портын ашқызып алыңыз.
4. Вебинарға өту үшін осы беттегі сілтемемен өтіп, «Войти в вебинар» батырмасын басып, деректеріңізді көрсетіп, қолданушы келісімі тұсында белгі қою керек.
5. Вебинарға планшеттен кіретін болсаңыз, Google Chrome немесе Puffin Browse браузерлерін қолданған жөн болады.