Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның хабар таратушы БАҚ кәсіби журналистері екі жазғы бағдарламаның біріне қатысуға өтініш бере алады. Екі бағдарлама да қатысушылардың кәсіби дағдыларын жетілдіріп, олардың АҚШ қазіргі заманғы цифрлік журналистикасымен таныстыруға бағытталған.
Алғашқы бағдарлама ға ICFJ төрт апталық стипендия бағдарламасын өту үшін ағылшын тілінде еркін сөйлейтін алты теле- және радиожурналисті іріктеп алады.
Бағдарлама Вашингтон қаласында (Колумбия округі) қарқынды бағдар беруші курстан басталады. Курс барысында қатысушылар АҚШ цифрлік медиасындағы соңғы тенденциялармен танысады, кәсіби шеберліктерін шаңдап, аудитория тарту үшін әлеуметтік медиа мен цифрлік құралдарды қалай қолдану керек екенін біледі. Содан кейін таңдап алынған журналистер америкалық медиаұйымда үш апта өткізеді, ол уақытта редакциядағы қызметті ұйымдастырудың қазіргі заманғы тенденциялары және жұмыс процестерімен танысады.
Екінші бағдарламаға ICFJ он бес күндік танысу сапары үшін төрт журналисті таңдап алады. Бұл бағдарламаға қатысушыларға ағылшын тілін еркін меңгерудің қажеті жоқ. Бұл сапар да Вашингтондағы үш күндік бағдар беру сапарынан басталады. Содан кейін топ медиаиндустриясы дамыған қалаларды аралайтын он бір күндік сапарға аттанып, сондағы цифрлік медиастартаптарға, медиаұйымдарына және журналистика мектептеріне барады. Сапар барысында қатысушыларға аудармашы қызметі ұсынылады.
Екі топ та бағдарламасын Нью-Йоркта аяқтап, сол арада алған білімдерін талқылайды. Әр топ АҚШ медиаэкожүйесі туралы тереңірек түсінік алады, ең жаңа цифрлік медиақұралдармен танысады, хабар таратушы журналистикадағы дағдыларын жетілдіреді және цифрлік дәуірдегі журналистік этика туралы жаңа түсінік қалыптастырады.
Іріктеу өтініш берушінің біліктілігі, кәсіби өмірбаяны, сәйкес тәжірибесі және көшбасшылық әлеуетіне қарай жүргізіледі.
Бағдарламаны АҚШ Астанадағы елшілігі қаржыландырады.
Бағдарламалар өтетін күндер:
Екі топқа да Вашингтондағы бағдар беру сессиясы: 1-3 маусым аралығында
Медиаұйымда тәжірибеден өту (ағылшын тілінде сөйлейтін топқа): 6-24 маусым аралығында
Бағдарламаны Нью-Йоркте қорытындылау (ағылшын тілінде сөйлейтін топқа): 27-28 маусым аралығында
Бағдарламаны Нью-Йоркте қорытындылау (ағылшын тілінде сөйлемейтін топқа): 12-15 маусым аралығында
Өтініштерді 2016 жылғы 22 ақпанға дейін беруге болады. Өтініш беру үшін сілтемемен өтіңіз.
Дерек көзі: icfj.org.