Домой Блог Страница 67

Деректермен жұмыс істеудегі бес қадам

Журналистердің көбі өз материалдарында жалпыға ашық деректерді пайдаланады. Алайда, журналист ақпаратқа еркін қол жеткізе алғанымен, оны табу да оңайға түспейді. Ал қолға түскен деректерді өңдеу оларды табудан да қиын болып жатады.

Бұрынырақта Data-журналистикаға қадам басқандарға арналған 12 кеңес ұсынған едік.

Бұл материалда Вирджиния штаты Достастық университеті Бұқаралық коммуникация мектебінің бакалавриат бағдарламасының директоры, профессор Джефф Cayc деректер журналистикасында оңтайлы жұмыс істеу үшін ұсынатын қадамдар туралы айтамыз.

Түрлі дерек көздерден мәлімет жинау 

«Әрине, алғашқы қадам деректерді іздеуден басталуы тиіс, – дейді Саус. – Сіз оларды Интернеттен, PDF-форматта таба аласыз. Ондай жағдайда сол деректерді шығарып алу керек болады».

Ақпарат іздеудің әлеуметтік желілер мен іздеу жүйелерін қолдану сияқты үйреншікті тәсілдерінен бөлек, Саус Интернеттен тереңдей іздеу қажеттігін де атайды.

«Қолжетімді онлайн ақпараттың көп бөлігін ашық желіден таба алмайсыз. Ондай ақпарат мемлекеттік деректер базасында сақталады және сіз сол базаларды қалай табуға болатынын білуге тиіссіз. Көптеген мемлекеттік деректер ашық тұрады, алайда, оларды қайдан табуды білмесеңіз, сіз оларды таба алмайсыз».

Қазақстан Республикасындағы ашық деректер ресурстары

Деректерді тазарту

«Көбінесе «таза емес деректермен» істес болуға тура келеді, яғни, олардағы ақпарат шашыраңқы, көп артық мәлімет аралас болады, – дейді Саус. – Ондай деректер базасында бір құжатта менің есімім «Саус, Джефф», басқасында –  «Саус, Джеффри», енді бірінде – «Саус, Дж. C.» деп жазылуы мүмкін. Деректер өте «лас» болады, сондықтан оларды пайдаланбас бұрын тазартып алуымыз керек».

Саус деректерді тазарту үшін TextWrangler немесе OpenRefine сынды тегін онлайн-құралдарды пайдалануды ұсынды.

Контекст

Деректерді жинап, тазартып болғаннан кейін, олардың қандай маңызы бар екенін түсіну керек болады. Яғни, өзіңізге «Бұл деректерді кім жинады?», «Қашан жиналған деректер?», «Оларды жинауда қандай әдіс қолданылды?» деген сұрақтар қоюыңыз керек.

Деректерді талдап болғаннан кейін оларды өз материалыңызда жариялай аласыз.

Құрастыру

Журналистер жұмысында көбінесе бір ғана деректер жинағымен шектелмейді. Саус екі тізімді пайдалануға мысал келтіреді: қаладағы барлық автобус жүргізушілерінің тізімі және мас күйінде көлік айдағаны үшін жауапқа тартылған қала тұрғындарының тізімі. Осы екі тізімді біріктірсе, автобус жүргізушілерінің арасында мас күйінде көлік жүргізгені үшін жауапқа тартылғандар көп екені көрінеді. Бұл жақсы материалға негіз болатын дерек.

Сондай-ақ, Саус бұл кезеңде деректерді контекстен ажыратпай пайдаланудың маңыздылығын да ескертеді.

«Корреляция – себебін анықтау емес, – дейді ол. – Деректерге ықпал етуі мүмкін сыртқы факторларды да біліп, ескеру маңызды».

Келесі қаам — визуалдау

«Деректерді визуалдау біздің істеп жүрген жұмысымыз туралы қоғамға айту үшін өте маңызды».

Журналистерге өз баянын әңгімелеп беруге көмектесетін визуал материал әзірлеуде Саус интерактив таймлайн жасайтын Timeline JS. инфографика үшін Infogram, диаграммалар үшін  Chartbuilder сынды құралдарды пайдалануға кеңес береді.

The Commons — дүние жүзінің журналистері үшін пайдалы ресурс

Журналистік жұмыстың қарбаласында, материалды асығыс жариялау керек болғанда журналистер мен редакторлар жарияланымға визуал қатар — әсіресе фотосуреттер қосу оқырман назарын аудару үшін маңызды роль атқаратынын ұмытып кетеді. Күнделікті мақала жариялайтын редакциялар көп фотосуретке зәру.

Сөйтіп, асығыста, қандай да бір сток сайттан көрер көзге қызықсыз фотосуретті ала салады. Ал Flickr сайтындағы The Commons суреттер жинағы туралы біреу білсе, біреу білмейді. Сурет алмасуға мүмкіндік беретін бүкіләлемдік фотохостинг  Flickr және редакторлар мен журналистер үшін аса пайдалы құрал The Commons – осы сайттағы фотографиялар қорын тек сурет іздеу үшін ғана емес, болашақ материалдарға қызықты идеялар табу үшін де қолдануға болады.

Жоба 2007 пилот нұсқадан басталды, оған Flickr және АҚШ Конгресінің кітапханасы қатысты.  The Commons жобасында бірнеше адам жұмыс істейді. Бұл — осы цифрлі кітапхана контентін алуан түрлі етуге көмектесетін комьюнити-менеджерлер командасы.

The Commons мақсаты – мемлекеттік фотоархивтерді жалпыға тегін қолжетімді ету және көпшілік қауымға сол қорларға өз тарапынан ақпарат қосуға мүмкіндік беру.

Жобаға түрлі елдерден жүзден аса фотосурет жинағы қатысады. Дәлірек айтқанда, қазіргі таңда 105 қатысушы бар, алайда ай сайын жаңа жинақтар қосылып отырады.

Мәдени мұраны сақтаумен айналысатын ұйымдар өз қалауымен үлгі бойынша тіркеледі, ал сайт командасы өз талаптарына сай келетіндерін құптап, жобаға қатыстырады. Мысалы, ондай ұйымдар контенттің копирайтингіне ешқандай талап қоймауы тиіс және өз жинағына арналған арнайы аккаунты болуы керек.

Жобаға үлкенді-кішілі алуан түрлі ұйымдар қатысады: мысалы,   Archive Book Project онлайн-архивінде 3,3 миллионнан астам кескін сақталып тұр (тағы 14 миллион жүктеліп жатыр). Ал еріктілердің ғана күшімен жұмыс істеп тұрған Канадалық Cloyne and District Historical Society тарихи қоғамының жинағында төрт жүзге жетер-жетпес сурет бар.

 

European Youth Media Days стипендия ұсынады (Европа, Орталық Азия, Таяу Шығыс)

Европа және  көршілес елдердің 18 бен 30 жас аралығындағы журналистері осы шараға қатысуға өтініш беруіне болады.

Европа парламенті  European Youth Press (EYP) ұйымымен бірлесе отырып ұйымдастыратын Европаның жастар медиа күндері  (European Youth Media Days (EYMD)) – 2015 Европадағы және одан тыс БАҚ еркіндігі тақырыбына арналады. Шара 20-22 қазан күндері Брюссельде өтеді.

Үш күн бойы қатысушылар медиаға байланысты тақырыптарға арналған мастер-класстарға, саяси пікірталастарға, практикалық сабақтарға қатысады. Европа парламенті мен халықаралық БАҚ жұмысымен танысады. Жас журналистердің бәрі семинар тақырыбы бойынша өздері таңдаған бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайтын материалдар әзірлейді.

Европа парламенті қатысушылардың жол шығынын төлейді.

Семинарға қатысушылар сондай-ақ ЕҮР өткізетін БАҚ еркіндігі тақырыбындағы үздік журналистік материал байқауына баспа, фото және видео санаттарында қатысуға өтініш бере алады. Үш жеңімпаз  EYMD жабылу салтанатында аталып, Европа парламентінің Страсбургтегі пленарлық мәжілісіне қатысуға шақырылады.

Өтініштер 16 тамызға дейін қабылданады.

Толық ақпарат алу үшін сілтемемен өтіңіз.

Ғылым жөнінде жазатын журналистерге грант ұсынылады

Ғылыми журналистика саласында маманданған, баспа және онлайн басылымдарда, телевизия мен радиода штатта жұмыс істейтін және фрилансер журналистер 2016 жылға арналған осы грантты алу үшін өтініш беруіне болады.

Гейдельберг теориялық зерттеулер институты (HITS) – жекеменшік коммерциялық емес ғылыми-зерттеу институты журналистерге үш айдан алты айға дейін гранттар ұсынады.

Резиденттік бағдарлама  стипендия иегерлеріне түрлі зерттеу тақырыптарымен тереңірек танысуға мүмкіндік береді. Оқу барысында стипендия иегерлері зерттеушілермен кездесулерге, бұқаралық презентациялар мен семинарларға, сондай-ақ, жарияланымдар әзірлеу барысына қатысады. Журналистер өз бағдарламасы бойынша да жұмыс істей алады.

Журналистерге компьютері бар дербес жұмыс орны ұсынылады және ай сайын 5 000 евро көлемінде стипендия тағайындалады.

Өтініш берушілер ағылшын тілін ауызекі және жазбаша жақсы меңгерген болуы тиіс. Неміс тілін аздап білгені де дұрыс.

Өтінімдер 15 қыркүйекке дейін қабылданады.

Толық ақпарат.

Әйелдер денсаулығына арналған конференцияға бару үшін стипендия беріледі

Журналистер Women Deliver 2016 конференциясына қатысу үшін стипендия алуға өтініш бере алады.

Women Deliver ұйымы 2016 жылғы 16-19 мамыр аралығында Копенгагенде өтетін бүкіләлемдік конференцияға бару үшін журналистерге стипендия ұсынады. Конференция қыз балалар мен әйелдердің денсаулығы мен құқықтарына арналады.

Журналистер конференцияға қатысушылармен әңгімелесіп, жаңа зерттеулерді жүргізген ғалымдармен тілдесіп, сол зерттеулердің нәтижелерін біле алады. Конференция барысында жинаған ақпаратты журналистер өз репортаждарына пайдалануына болады.

Стипендия жол, жатын орын, тамақтану шығындарын, конференцияға қатысу ақысын және виза құнын өтейді.

Өтінімдер 1 тамызға дейін қабылданады.

Толық ақпарат.

Әлеуметтік желілермен жұмыс істеуге арналған алты қосымша құрал

Кейде әлеуметтік желілерде қарапайым амалдарды орындауға тым көп уақыт қажет болады. Аккаунттарыңызда біраз жұмысты жылдам, оңтайлы әрі тиімді атқаруға мүмкіндік беретін ыңғайлы құралдар жиынтығына назар аударыңыздар.

Chrome-ға арналған Riffle тегін қосымша құралы бір минутта орнатылып, твиттердегі қандай да бір аккаунтқа толық шолу жасауға мүмкіндік береді: ең көп қолданатын хештегтері, жариялайтын сілтемелерінің үздік топтамасы, ретвиттер саны, аккаунттың белсенділігі туралы бар ақпаратты көрсетеді.

Работа с соцсетями: 6 полезных расширений

Chrome-ға арналған Awesomescreenshot экран бетінің түрлі аумақтарының түрлі көлемді суретін жасап қана қоймай, скриншоттарға сипаттама және түсіндірме қосуға мүмкіндік береді.

Работа с соцсетями: 6 полезных расширений

Ritetag (Chrome, Firefox, Safari) твиттер үшін ең тиімді хештегтерді табуға көмектеседі – сервис сұраныстарды сараптап, пайдаланушылар арасында ең танымал және көп қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерінен бастап, ешкім қолданбайтын хештегтерге дейінгі аралықта статистика жасап береді.

Работа с соцсетями: 6 полезных расширений

Chrome-ға арналған  Instagram ең танымал фотосервисті браузер арқылы қолдануға мүмкіндік береді.

Работа с соцсетями: 6 полезных расширений

Window Resizer (Chrome) сайт беттері түрлі құрылғыларда — ноутбук, планшет, телефондарда — қалай көрінетіндігін көрсетеді.

Работа с соцсетями: 6 полезных расширений

Bitly (Chrome, Firefox) — кез келген сілтемені қысқартады.

Жеке бас деректеріңізді басқару үшін Google ұсынатын он құрал

Google – әлемдегі ең үлкен іздеу жүйесі ғана емес, біз қауіпсіздік пен құпиялық шараларына мән берместен қолдана беретін бірқатар сервистер мен қосымшалар жинағы да.  Мына сілтемелердің көмегімен сіз өзіңіз және онлайндағы әрекеттеріңіз жөніндегі Google-ға қандай да бір қатысы бар ақпаратыңызды қадағалап отыра аласыз.

Google-дағы жеке кабинет. Мұнда сіздің аккаунтыңызбен байланысы бар почта, YouTube, Google+, фото, Play Маркет сынды Google-сервистердің деректері жинақталады. Ақпаратты қадағалап, статистиканы сараптап отыруға ыңғайлы.

10 Google-инструментов для управления личными данными

Қосымша және веб-іздеу тарихы. «Google-мен не бөлісетіңізді өзіңіз таңдайсыз». Сол таңдауды осы арада жасауға болады: сіздің не іздегеніңіз, қайда болғаныңыз, басқа да ақпаратыңыз сақталғанын қалайсыз ба?

10 Google-инструментов для управления личными данными

«Сіздің жеке бас деректеріңізге, мысалы, қай жерлерде жүретініңіз бен не нәрсе іздейтініңіз туралы мәліметке иелік ете отырып, Google сервистерін сіздің қызығушылығыңызға бейімдейді». Алайда, ол сізге әрдайым керек пе?

Сақталған парольдер. Сіз Chrome және Android арқылы бір рет болса да кірген түрлі сайттардағы пайдаланушы аты мен паролін сақтап отыратын құрал. Google аккаунтындағы қосымшалар мен сайттардың парольдерін сақтау функциясын осы жерде өшіріп қоюға болатынына назар аударыңыз.

10 Google-инструментов для управления личными данными

Аккаунтпен байланысты қосымшалар. Әдетте қандай да бір сервисте тіркеліп, почта адресін көрсетеміз де, оны ұмытып кете береміз. Мына сервис сіздің Gmail-аккаунтыңызға қатынай алатын сырт қосымшалардың толық тізімін жасап береді.

10 Google-инструментов для управления личными данными

Құрылғы жөніндегі ақпарат. Құрылғыда сақталып қалған сіз Google-ға жолдаған байланыс деректері, қосымшалар туралы мәліметтер және өзге де деректер.

10 Google-инструментов для управления личными данными

«Жуырда пайдаланылған құрылғылар» бөлімінде соңғы 28 күн ішінде сіз өз аккаунтыңызға қандай құрылғыдан кіргеніңіз көрінеді.

YouTube-та не көргеніңіз және YouTube-та не іздегеніңіз. Бәрі осы арада сақталады.

10 Google-инструментов для управления личными данными

Аккаунтыңызға қатысты «Хронология» бөлімі қосулы болса, сіз соңғы бір күнде, апта немесе ай бойы қай жерлерде жүргеніңіз көрініп тұрады.

10 Google-инструментов для управления личными данными

Google-дағы Жарнаманы өзіңіз үшін релевант және пайдалы етуге болады.

10 Google-инструментов для управления личными данными

Өзіңіздің жеке бас деректеріңізді мына жерден көшіріп алуыңызға болады.

10 Google-инструментов для управления личными данными

Ал “Google на всякий случай” сервисі сіздің фотоларыңыз, хаттарыңыз, документтеріңіз және аккаунтыңыздағы басқа да деректер қараусыз қалған жағдайда оларға не шара жасайтынын білу үшін жасалған.

БҰҰ журналистерге арналған байқау жариялады

БҰҰ және оның бөлімшелерінің қызметін жариялайтын дүние жүзінің журналистері осы байқауға қатысуына болады. 

Біріккен ұлттар ұйымы жанындағы тілшілер ассоциациясы (UNCA) баспа және онлайн жарияланымдар, радио және телевизия, климат өзгеруі, гуманитарлық қызмет және даму санаттарында материалдар қабылдайды.

Жұмыстарды БҰҰ ресми тілдерінің (ағылшын, француз, араб, қытай, испан және орыс) кез келгенінде жолдауға болады. Өзге тілдерде әзірленген материалдар ағылшын немесе француз тіліндегі аудармасымен қоса берілуі тиіс.

Байқаудың жүлде қоры 60 000 АҚШ долларынан асады. БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун жүлделерді 14 желтоқсанда Нью-Йоркте өтетін марапаттау рәсімінде тапсырады.

Байқауға қатысатын жұмыстар 15 қыркүйекке дейін қабылданады.

Толық ақпарат алу үшін сілтемемен өтіңіз.

Халықаралық журналистік желі

Thomson Reuters бизнес-журналистерге арналған курс ұсынады

Дүние жүзінің баспа, хабар таратушы және онлайн бұқаралық ақпарат құралдарында бес жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар штаттағы журналистері Лондондағы осы байқауға қатысуға өтінім беруіне болады.

Thomson Reuters қоры экономика, шикізат және қаржы нарықтары, энергетика, компаниялардың қызметі және валюта бағамдары сынды салаларда қаржы және бизнес жаңалықтарын жариялайтын журналистер үшін бір апталық курс ұсынады.

Курс 12-16 қазан аралығында өтеді.

Қор дамушы және дамудың өтпелі кезеңінде тұрған елдердің журналистеріне стипендия ұсынады. Стипендия жол ақысын және тұру шығынын өтейді.

Өтінімдер 17 тамызға дейін қабылданады.

Қосымша ақпарат алу үшін сілтемемен өтіңіз.

ijnet.org

Data-журналистика жөнінде 12 кеңес

Global Investigative Journalism Network — тергеу журналистикасы ғаламдық желісінің сайтында жарияланған  материал.

Авторлары: Нилс Мулвад және Хелена Бенгтссон

GIJN тергеу журналистикасы ғаламдық желісінің негізін қалаушылардың бірі және кеңес мүшесі Нилс Мулвад пен The Guardian деректер жобасы жөніндегі тобының редакторы Хелена Бенгтссон журналистер материал әзірлеуді деректерді қалай қолдануы керек екені жөнінде 12 кеңес айтты. Бұл кеңестер 2015 жылы Гамбургте өткен неміс Тергеу журналистикасы ассоциациясының конференциясында айтылды. 

1. Шағын жобалардан және Excel-ден бастаңыздар

Дата-журналистикада қате кету қаупі жоғары. Өзіңіз пайдалана алатын деректер мен құралдардан бастаңыз. Дата-журналистикадағы жұмыстардың 90% Excel-де жасалады. Бұл бағдарлама деректерді импорттау және экспорттау, оларды тазарту, іріктеу және құрамын қалыптастыру жөніндегі негізгі амалдарға жауап береді. Бұл — деректерді өзге құралдарға импорттау алдындағы басты құрал.

2. Журналистік құралдарды зерттеңіз 

Журналист есептеуге арналған құралдардың жұмыс істеу принципін түсінуі үшін, әдетте екінші мұғалім-журналист керек. Көбінесе нақты бір функцияларды журналистік міндет-мақсатпен үйлестіру керек болып жатады.

3. Қате бар жоғын тексеріңіз, тексеріңіз, тексеріңіз 

Деректерде қашан да қате болады. Тіпті олар сенімді дерек көздерінен келіп түссе де. Деректерді аудиторияға ұсынбас бұрын қатеден арылту — сіздің жауапкершілігіңізде. Қорытынды соманы есептеп, әлдене қалып қоймағанын тексеріп отырыңыз.

4. Деректермен жүргізіп жатқан жұмысыңызды хатқа түсіріп отырыңыз 

Өзгелер де бәрін тексеріп көріп, тура солай жасай алуы үшін, өзіңіз не істегеніңізді әр қадамын қалдырмай сипаттап отырыңыз. Әдетте, деректермен қалай жұмыс істегеніңізді жариялар алдында жұртпен бөлісуге болады. Бұл қателеріңізді тексеріп, әдістеріңізді келісіп отыру үшін керек, сондай-ақ, жұмысыңыздың мазмұнын талқылау орнына әдістеріңізге сын айтудың алдын алуға мүмкіндік.

5. Қателерді дерек көзімен қатынас орнату үшін пайдаланыңыз 

Деректерден қате тапқаныңызда оларды билік органдарындағы немесе деректерді ұсынатын ұйымдардағы деректер үшін жауап беретін адамдармен араңыздағы қатынасты жақсарту үшін пайдаланыңыз.

6. Деректерді алыңыз

Деректерді жай ғана сұрап алуға болады, оларды сізге почта арқылы жібереді. Не болмаса, желіден көшіріп, басқа да материалдардан тауып бөлшектеп алуға болады.

7. Деректерді сараптаңыз – шежіре құруға ұмтылыңыз

Әдетте деректер журналистикасы – дерегі көп, журналистикасы аз шаруа. Шежіре құруға мүмкіндік болмаса, материалды жарияламаңыз. Шежірелерді тауып, оларды бірінен кейін бірін баяндаңыз. Интерактив графиканы пайдаланудың да ережесі осы.

Бүкіл материалды әр график немесе карта үшін бір-бір нақты шежіре бойынша бөліктерге бөліңіз. Сөйтіп, оларды түсінуге болатындай етіп баяндаңыз. Дүниенің бәрін тым көп көзқарас тұрғысы берілетін лонгридтерге салып араластырмаңыз.

8. Шежіре деген не – экстримдерді пайдаланыңыз

Деректерден оқиғаны қалай шығаруға болатынын қайта-қайта ойланыңыз, содан кейін барып шынайылығын тексеріңіз. Шежіре жазудың ең жақсы тәсілі — деректер экстримін пайдалану. Қателерді тауып, шындықты түсіндіру үшін ең жақсы құралдардың бірі ретінде деңгейлеу жүйесін пайдаланыңыз. Журналистика дегеніміз осы.

9. Деректер журналистикасы кейде шежіреден, кейде деректерден басталады 

Көптеген журналистер әрдайым шежіреден бастап, содан кейін оның айналасын деректермен толтыру керек деп ойлайды. Алайда, деректер журналистикасымен тек бір қағида бойынша ғана айналысуға себеп жоқ. Кей кездері жақсы деректер жиынтығы бар, оқиға да айқын болады. Ал кей жағдайда болуы мүмкін оқиғаларды көріп, олардың дұрыстығын тексеру үшін деректерге тереңдей енуге тура келеді.

10. Деректерді тазартумен өз бетіңізше айналысыңыз 

Деректер жоқ кезде өз деректер жиынтығыңыздың құрылымын реттеу арқылы ғана керемет оқиға түзіп шығуға болады. Деректерге шолу жасау сондай-ақ материалды, шежіре мен қателерді сезінуге мүмкіндік береді. Қиын бөлігін зерттеушілердің үлесіне қалдырмаңыз. Деректерді жақсы көру керек.

11. Сандардан құтылыңыз

Деректер журналистикасы көбінесе адамдар жайлы айтады. Сандардан құтылып, қолыңыздағы деректердің бейнесі бола алатын адамдарды табыңыз. Шын мәнінде, кей кездері сандардың жоқ болуы — деректер журналистикасында шежіре жасаудың ең жақсы тәсілі. Содан кейін тек деректерді графикаға енгізе салуға болады. Немесе кейінге қалдырыңыз. Сіз жасаған қорытындыларды түсіндіре алатын адамдарды таба алмасаңыз, олар қате болып шығуы мүмкін.

12. Жұмысты бірлесе, бөлісе отырып жүргізіңіз

Деректер журналистикасымен айналысатындар әдетте өзара материал бөліседі. Бұл — құралдар мен әдістердің дамуына ілесіп отырудың жалғыз тәсілі. Журналистиканың басқа салаларына қарағанда, мұндай алмасу деректер журналистикасына көбірек тән.

 

Қазақстан Республикасындағы ашық деректер ресурстары