Қазақ тіліндегі Internews онлайн медиа мектебіне қатысушылар іріктелді

0
96

Қазылар алқасы Internews-тің онлайн медиамектебіне қатысу байқауын өткізіп, қорытындысын шығарды. Байқауға блогерлер мен журналистер арасынан барлығы 66 талапкер өтініш тапсырған. Қазылар алқасы 21 адамды іріктеп алды.

Іріктелген қатысушылардың тізімін осы жерден көруге болады. Азаматтық журналистер аз аймақтарда тұратын талапкерлерге басымдық берілді.

Internews медиамектебі – медиа саласында заманауи, жаңа білім алғысы келетін, кәсіби контент жасауға ынтасы бар блогерлерге, азаматтық ұстанымы бар белсенді адамдарға, үкіметтік емес ұйым өкілдеріне, азаматтық журналистерге арналған вебинарлар мен практикалық сабақтардың тізбегі.

Вебинарлардың бәріне қатысып, үй тапсырмаларын орындайтын қатысушыларға сертификат табысталып, олар туралы дерек пен портфолио Internews-тің азаматтық журналистер картасына енгізілетін болады.

Медиамектеп бағдарламасы аясында келесі тақырыптар қамтылады:

  • тақырып пен ақпарат көзін іздеу;
  • ақпаратты жинау және дайындау;
  • журналистік этика, өшпенділік тілі;
  • интернетте басылу үшін қалай жазу керек, мессенжерлерді қалай пайдалануға болады;
  • фактілерді тексеру, верификация;
  • визуал және интерактив элементтерді пайдалану, фото және бейне контент дайындау.

Вебинарлар кестесі және басқа да ақпарат кейінірек жарияланады.

Қатысушыларға бөлек хат жіберіледі.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь