ДомойМедиа үніРегина Юркинаның "Вирустық видео" тақырыбындағы вебинары

Регина Юркинаның «Вирустық видео» тақырыбындағы вебинары

Регина Юркинаның «Вирустық видео» тақырыбындағы вебинары

2015 жылғы 28 қаңтарда Регина Юркинаның «Вирустық видео» тақырыбында тегін вебинары өтеді. Вебинар медиа қызметкерлеріне, сонымен қатар блогерлерге, PR-мамандарына, жарнама агенттіктері мен үкіметтік емес ұйымдар қызметкерлеріне пайдалы болмақ.

Вирустық видео – аудитория назарын аударудың тиімді тәсілдерінің бірі. Вирустық әсері бар видеоны қалай жасауға болады? Қандай жағдайда медиа вирустық видеоны қолданса болады? Осы және өзге де сауалдардың жауабы — вебинар барысында беріледі.

Регина Юркина — «МедиаБренд» конференциясының және байқауының директоры, OneProudProduction бас продюсері. Әр кезеңдерде «Первый канал» (Мәскеу қ.) аңдатпа бөлімін басқарды, «Домашний» және Disney арналарының маркетинг жөніндегі директоры, «Интерньюс Қазақстан» маркетинг және жарнама жөніндегі кеңесшісі болды.

Вебинарға тіркелу үшін мына сілтеме бойынша өтіңіздер: http://u298188.seemedia.pro/event/virusnoevideo.

«Вирустық видео» тақырыбындағы вебинарды Internews Network өкілдігі ақпаратқа қол жеткізуді қолдау жобасы аясында, АҚШ халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID) қолдауымен ұйымдастырып отыр.

Назгүл Қожабекова
Назгүл Қожабекова
Медиатренер, аудармашы, редактор,медиатренер. Сторителлинг мектебі жобасының авторы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР