ДомойМедиа үніВВС мультимедиа жобаларымен тәжірибе жасауға арналған Taster онлайн-платформасын іске қосты

ВВС мультимедиа жобаларымен тәжірибе жасауға арналған Taster онлайн-платформасын іске қосты

ВВС мультимедиа жобаларымен тәжірибе жасауға арналған Taster онлайн-платформасын іске қосты

BBC корпорациясы Taster онлайн-платформасын іске қосты, онда қолданушылар назарына медиакомпанияның жаңа жобалары ұсынылады.

Taster – идеялар, сервистер мен құралдарға арналған тәжірибелік алаң іспеттес.

«Жаңа жобамызды әлемге ұсынбас бұрын сіздерден оны байқап көруді сұраймыз», — дейді жоба авторлары.

115

Мұнда коллаждар, радио-шоу, интерактив видео және басқа да алуан түрлі форматтарды қолдану жоспарланып отыр. Taster ойындар жиынтығына ұқсайды — бәрі ерекше, интерактив және қызықты.

Бұл эксперимент тек оны жасаушылар үшін ғана болмайды, ВВС идеялары корпорацияның пайдаланушылармен өзара ынтымақтастықта жұмыс істеуге ұмтылысын, оқырман, тыңдарман, көрермендерді контент жасау ісіне араластырып отыру ниетін, жаңа аудитория іздеу талпынысын айқын көрсетеді.

Контент ұсынудың және пайдаланушылармен қарым-қатынас жасаудың жаңа тәсілдерін іздеп жүрсеңіз Taster-ді міндетті түрде зерттеп көріңіз. Мұнда қазірдің өзінде қызықты дүние көп, әлі де көбейе бермек.

Мысалы, «Your Story» бөлімінде сіздің өміріңіздегі (сіз оған фейсбуктағы аккаунтыңыз арқылы қосыласыз) ең маңызды деген оқиғалар мен күндер әлемдік маңызы бар ғаламдық оқиғалармен байланыстырылады.

Нәтижесінде интерактив тайм-линия шығады, онда сол кезде болған оқиға сипатталған ВВС материалдарына сілтеме беріледі.

Ал R1OT бөлімінде пайдаланушылар Radio1 бір бөлшегіне айналады: пайдаланушылар жіберген твиттер, фото және пікірлердің арасынан ең жақсылары эфирге шығады.

«Who’s in Today?» жобасы пайдаланушыларға редакцияға күнде қонаққа келетін тұлғалар туралы ақпарат береді: сипаттама, фотосурет, ВВС материалдарына сілтеме қоса беріледі.

27

Kneejerk — The Noise Next Door комик-тобы әлеуметтік желілердегі контенттен алып жасайтын қызықты қалжыңдар.

World Service Archive жобасы тарихты жақсы көретіндерге ұнап қалары сөзсіз — пайдаланушыларға ВВС архивіндегі соңғы 60 жылдағы 36 000 жазбаның арасынан бағдарламаларды тыңдап, тегтер мен кілт сөздерді бөліп отыру ұсынылады. Осылайша ол жинақты недәуір пайдалы ету жоспарланып отыр.

Бұл Taster ұсынатын идеялардың бір парасы ғана, сервис туралы толығырақ білу үшін және онымен жұмыс істеп көру үшін сілтемемен өту керек.

Назгүл Қожабекова
Назгүл Қожабекова
Медиатренер, аудармашы, редактор,медиатренер. Сторителлинг мектебі жобасының авторы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР