ДомойМедиа үні"Интернеттегі арнайы жобалар - контентті монетизациялау тәсілі" тақырыбында вебинар

«Интернеттегі арнайы жобалар — контентті монетизациялау тәсілі» тақырыбында вебинар

«Интернеттегі арнайы жобалар — контентті монетизациялау тәсілі» тақырыбында вебинар

«Дачники» және «Успей до курантов» арнайы жобаларының авторларынан. «Томск Медиа тобының» интернет бағытының жетекшісі Сергей Колотовкин 2015 жылғы 11 ақпанда «Интернеттегі арнайы жобалар — контентті монетизациялау тәсілі» тақырыбында вебинар өткізеді.

«Томск Медиа тобы» былтырдан бері өз сайтында арнайы жобалар жасап келеді. Алғашқысы саяжай маусымына арналған, онда ойын ойнап, оқып, фото көріп, пайдалы ақпарат алуға болатын. Жаңа жыл алдында «Успей до курантов» жобасы өткен, енді 23 ақпан мен 8 наурызға арналған жобалар жоспарланып отыр.

Сергей өткізетін вебинар практикалық кеңестерге құрылады және мына сұрақтарға жауап беруге көмектеседі:

  • «Арнайы жобалар» деген не?
  • Тақырыпты қалай таңдау керек және арнайы жобалар әрқашан белгілі бір күнге байланысты болуы тиіс пе?
  • Арнайы жоба жасайтын команда қандай болуы керек?
  • Менеджер арнайы жоба жасау және оны ілгерілету жөнінде не білуі тиіс?
  • Арнайы жобалардағы жарнама формалары және мүмкіндіктері
  • Алғашқы арнайы жобаларда не сәтті шықты, не шықпады
  • Және, олар қандай аудитория жинап, қандай пайда әкелді.

Вебинар ең алдымен медиа менеджерлеріне, веб-сайт редакторларына, журналистер мен блогерлерге қызықты болмақ. Арнайы жобалар ұстанымы контент-маркетингте және үкіметтік емес ұйымдар материалдарын ілгерілетуде пайдалы болады.

Вебинарға тіркелу.

Назгүл Қожабекова
Назгүл Қожабекова
Медиатренер, аудармашы, редактор,медиатренер. Сторителлинг мектебі жобасының авторы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР