ДомойБайқау/ГранттарЖурналистика, медиаменеджмент және копирайтинг еркін мектебі, Киев

Журналистика, медиаменеджмент және копирайтинг еркін мектебі, Киев

Журналистика, медиаменеджмент және копирайтинг еркін мектебі, Киев

Журналистика еркін мектебінің жаңа білім беру бағдарламасы 2015 жылғы 26 ақпан мен 1 наурыз аралығында өтеді.

Бағдарламаға лекциялар, практикалық семинарлар, шеберлік сабақтары, практикалық сабақтар және алдыңғы қатарлы Украина және шетел медиақұралдарының редакциясындағы машықтану кіреді.

Мектептің оқытушылары ретінде AdMe.ru, Meduza Project, Esquire, Harvard Business Review, Los Angeles Times, The Wall Street Journal, Kyiv Post және National Geographic редакторлары мен тілшілері дәріс оқиды.

Оқыту ұзақтығы — төрт күн, 9:00 мен 21:00 аралығы.

Өтетін орны — Киев, Владимирская көшесі, 57.

Бағдарламаны тәмамдаушылар 2015 жылғы 10 наурыздан украиналық медиақұралдар мен креатив агенттіктері студияларында машықтану курсын бастайды (мәтін шеберлігін ұштау). Машықтанудан өтетін орынды бітіруші ұсынылған тізімнен таңдайды. Машықтанушыларға бағдарлама оқытушылары жетекшілік етеді.

Еуропа Одағының медиаорталықтарында оқыту сапарлары 15-23 наурыз аралығында өтеді. Бағдарламаға Польша, Чехия, Венгрия, Германия, Бельгия және Францияның үздік редакцияларына бару және танымал журналистермен кездесу кіреді.

Оқу ақысы — 1600 гривна — оқыту бағдарламасы, қажетті материалдар мен презентациялардың барлығы, машықтану және редакциялардағы практикалық сабақтарды қамтиды.

Қосымша кеңістіктегі орын үшін күніне 124 гривна төленеді. Ол сомаға шай, кофе, қалауыңызша тағамдар, оқу үшін қажетті ұйымдастыру шығындары кіреді.

Толық ақпарат және мектеп бағдарламасы — сілтемеде.

.

Назгүл Қожабекова
Назгүл Қожабекова
Медиатренер, аудармашы, редактор,медиатренер. Сторителлинг мектебі жобасының авторы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР