Жаңа технологиялар әркімге өз қалауынша, өз ыңғайына қарай білім алуға мүмкіндік береді. Біз оқу орнын, оқыту тілін, оқыту ұзақтығын және тақырып бағытын өз бетімізбен еркін таңдай аламыз.
Біз ұсынып отырған онлайн-курстар топтамасы жаңа медиаға, мультимедиалық форматтарға, олардың мүмкіндіктері мен практикалық қолданылуына қызығушылық танытатын журналистерге, редакторларға, фотографтар мен өзге де медиа мамандарына пайдалы болмақ.
1. «Жаңа медиа» вебинарлар циклі
Әр екі апта сайын Орталық Азиядағы Internews Network алуан түрлі өзекті тақырыптар бойынша редакциялар қызметкерлеріне арналған тегін онлайн тренингтер өткізеді.
Вебинарларды ТМД және шет елдерден тәжірибелі эксперттер жүргізеді.
Сабақтардың ұзақтығы — бір жарым сағат, бір сағат эксперттің дәрісіне, жарты сағат — сұрақ-жауапқа беріледі. Әрбір курста теория біздің БАҚ жағдайына барынша жақын, медиа жұмысында қолданылатын практикалық мысалдармен толықтырылып отырады.
Вебинарлар материалдары Новый репортер сайтында жарияланады. Осыған дейін біз мультимедиалық журналистика, вирустық видео жасау және Интернетте арнайы жобалар жасау жөнінде айттық.
Келесі тегін вебинар 25 ақпанда өтеді және медианы әлеуметтік желіде ілгерілету тақырыбына арналады.
2. «Фотожурналистика: деректі фотосуреттер жасауды жоспарлау» онлайн курсы фотоконтент сапасын жақсартуға мүдделі редакторлар мен журналистерге арналған.
Курс видео және мәтін форматындағы дәрістерден құралған, оларда редакцияда деректі фотосуреттер жасауды жоспарлау әдістері сипатталып, қазіргі кездегі газет және онлайн фотография үлгілерінен нақты мысалдар қарастырылады.
3. Яндекс. Жаңалықтар: жаңалық контентін тиімді ілгерілету. Онлайн басылым немесе блогты Яндекс.Новости жүйесіне тіркеу және сайтқа траффик тарту жөніндегі онлайн-нұсқаулық.
Бұл курстан БАҚ сайтының көрілім санын сапалы аудитория есебінен жылдам әрі тегін арттыру жолдарын біле аласыздар.
Екі бағдарламаны да «БАҚ дамыту орталығы (Дмитрий Сурнин&Co)» әзірлеген. Қатысушылардың бәрі сондай-ақ Орталық өткізетін тегін онлайн-консультацияларға қатысуына да болады.
4. Сайт жасау, дамыту, ілгерілету
Бұл курсты «Теплица социальных технологий» жобасы әзірлеп, өз онлайн ресурсын жасап, ілгерілетуді ойлап жүргендердің бәріне ұсынады. Бағдарламада: өз жобаңыз үшін сайт жасау, оның мазмұнын құру, ілгерілету, сондай-ақ тиімділігін сараптау.
Тақырыптық блоктар бес модулге бөлінген:
- «Кіріспе»;
- «Бүкіләлемдік желі негіздері»;
- «CMS басқару», «Мазмұн жасау және оны басқару»;
- «Әлеуметтік желілер»;
- «Веб-аналитика».
Әр модулде көрнекі видеодәрістер және ұзақтығы бірнеше минут болатын скринкаттар бар. Модуль шағын тестпен аяқталады. Курстың соңында қатысушылар сайттың барлық бөлімдері бойынша қорытынды тест тапсырады.
5. Ресейдің «Высшая школа экономики» ұлттық зерттеу орталығының Курс «Медиа тарихы мен теориясы» (History and theory of media) курсы недәуір ұзақ (аптасына 3-4 сағаттан 12 апта), теориялық аспектілерді тереңдей оқытады және курсты сәтті аяқтағандарға сертификат береді.
Сабақтар әрқайсысы 12-15 минуттық бірнеше видеодәрістен тұрады. Әр дәрісте 1-2 интерактив сұрақ болады. Одан бөлек, үй тапсырмасы ретінде әр тақырыпқа тест сұрақтары беріледі.
Курс соңында тыңдаушылар эссе жазу тапсырмасын орындап, бір-бірінің жазған эссесін белгіленген талаптар бойынша тексеруі тиіс. Осы компоненттің бағасы емтиханының да бағасы болып саналады.
Сабақ 19 қаңтарда басталып кетті, алайда әлі де студенттер қатарына қосылуға болады.
Жаңа форматтармен жұмыс істеуді үйренгісі келетін әр медиа маманы өтуі тиіс тағы бір ақылы онлайн-курс — Оксана Силантьеваның «Мультимедиалық журналистика және сторителлинг практикасы».
Мұнда аудитория қалай және неліктен өзгергенін, медиа мен БАҚ арасында қандай айырмашылық бар екенін біліп, алуан түрлі мультимедиалық форматтармен және олармен жұмыс істеуге арналған құралдармен танысасыздар.
Курста мультимедиа журналистеріне арналған тайм-менеджмент мәселелері және мультимедиа редакторларының ойлау жүйесі туралы да сөз болады.
Бағдарламаға қатысу бағасы – 39 доллар.