ДомойБайқау/ГранттарThe Bobs – Best of Online Activism халықаралық байқауы

The Bobs – Best of Online Activism халықаралық байқауы

The Bobs – Best of Online Activism халықаралық байқауы

19 ақпаннан бастап The Bobs – Best of Online Activism байқауына өтінімдер қабылдау жүріп жатыр. Кез келген адам үш халықаралық және 14 ұлттық номинация бойынша жеңіске лайықты деген үміткерлерді ұсынуына болады. Жеңімпаздарды қолданушылар және халықаралық қазылар алқасы таңдайды.

Жоба тарихында алғаш рет «Сөз бостандығы үшін» сыйлығын The Bobs ұйымдастырушысы — Deutsche Welle (DW) медиакомпаниясы тағайындайды.

Қатысушыларды тіркеу – 12 наурызға дейін

Байқауға он төрт: ағылшын, араб, бенгаль, индонезия, испан, қытай, неміс, парсы, португал, орыс, түрік, украин, француз, хинди тілдеріндегі сайттар, блогтар, қауымдастықтар мен мобильдік қосымшалар қатыстырылады.

Ұсынылатын онлайн ресурс жалпыға ашық болуы тиіс. Байқау ережелері туралық толығырақ — мына жерде.

Халықаралық номинациялар
«Желідегі үздік әлеуметтік бастама», «Қауіпсіздік және жеке деректерді қорғау», «Мәдениет және БАҚ» атты халықаралық номинацияларда жеңімпаздарды қазылар алқасының мүшелері анықтайды. Үздіктердің үздігі 2 мамырда Берлинде өтетін мәжіліс кезінде таңдалады. «Сөз бостандығы үшін» номинациясының жеңімпазын DW медиакомпаниясы анықтайды. DW бас жүлдені сөз бостандығын қорғау ісіндегі айрықша жетістіктері үшін интернет белсендіге немесе онлайн жобаға береді. Жеңімпаздың есімі 26 ақпанда белгілі болады.

Ұлттық номинациялар
14 тілдік номинациядағы үздік жоба 9 сәуірде басталатын онлайн дауыс беру нәтижесі бойынша анықталады. Пайдаланушылар таңдаған да, қазылар алқасы анықтаған да The Bobs жеңімпаздары – 2015 жылғы 3 мамырда байқау сайтында жарияланады. Байқау кезеңдері туралы толығырақ — мына жерде.

The Bobs-2015 жеңімпаздарын марапаттау 2015 жылғы 3 мамырда Бонада, Deutsche Welle Global Media Forum конференциясы барысында өтеді. Медиаконференцияның биылғы тақырыбы — «Цифрлік дәуірдегі БАҚ және сыртқы саясат».

Толық ақпарат thebobs.com сайтында.

Назгүл Қожабекова
Назгүл Қожабекова
Медиатренер, аудармашы, редактор,медиатренер. Сторителлинг мектебі жобасының авторы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР