Назарларыңызға мәліметтерді визуалдаудағы сарапшылардың 8 кеңесін ұсынамыз. Олар сіздерге көптеген қателерге ұрынбай, бәрін дұрыс жасауға көмектеседі.
Визуал материал қандай да бір ақпаратты не деректерді көрсетудің ең танымал тәсілі болып келеді. Жақсы жасалған қызықты графиктер де, нашарлары да вирустық сипатқа ие болып, интернет кеңістігінде жылдам таралып кетеді. Туындыңыз екінші санаттағы жұмыстар қатарына қосылмасын, визуализацияны қалай жасамау керек екеніне мысал болмасын десеңіз — InfoNewt президенті және Cool Infographics блогері Рэнди Крамның (Randy Krum) кеңестеріне мән беріп көріңіз.
1-кеңес: Нақты деректер келтіріңіз
Графиктер деректерді нақты көрсетуі тиісДеректерді қате көрсетсеңіз, сіздің жұмысыңызға ешкім сенім білдірмейді. Осыған қарамастан, деректерді визуалдауда қате көп кездеседі. Мысалы, бір санат екіншісінен үш есе үлкен екенін көрсету үшін шеңбердің диаметрін емес, көлемін үш есе үлкейту керек.
Қате жасалған шеңбер диаграммаБір қызығы, шеңбер диаграммалар жасаудан көп адам қиналады. Көбі сандарды 100 болатындай етіп қосуды немесе толық шеңбер диаграмма суреттегідей 193% емес, 100% болуы тиіс екенін білмейтін сияқты.
Графиктегі деректердің қате ұсынылуыКейде, тіпті не істеп отырғанын білетіндер де мына мысалдағы Nielsen сияқты қателеседі. Тіпті статистикаға қатысы жоқ адамдар да «9% RIM Blackberry» деген жасыл бөлік көлемі жағынан «34% Apple» деген сары бөлікпен бірдей болмауы керек екенін біледі.
2-кеңес: Қажет ақпаратқа баса назар аударыңыз
Түрлі сусындар құрамындағы кофеин мөлшерін салыстыратын инфографикаИнфографикаңызда дәл өзіңіз жеткізгіңіз келетін ақпарат жақсы көрінгені маңызды. Жоғарыдағы мысалда визуализация жақсы жұмыс істеп тұр — постерде тек құрамындағы кофеин мөлшеріне қарай бөлінген сусындар ғана суреттелген. Сол сусынды өндіретін компания туралы ақпарат сияқты артық ештеңе жоқ.
3-кеңес: Сипаттамаларға жол жоқ
Компания атауының орнына логотиптері қойылғанГрафиктердегі сипаттамалар — оларды түсінуге жетелейтін анықтамалықтар. Олар көп болған сайын графиктің оқылуы қиындап кетеді, сондықтан барынша азайтқан дұрыс. Келтірілген графикте дизайнер компаниялардың атауын олардың логотиптеріне алмастырыпты.
4-кеңес: Дерек көздерін көрсетіңіз
Визуал материалда дерек көздерін көрсетуді ұмытпаңызАдамдар деректер визуалданған графикті көргенде «осы мәліметтің бәрі қайдан алынған?» деп ойлайды. Обаманың әкімшілігі мына суреттегі инфографиканы дерек көздерін көрсетпегендігімен құртып алды. Негізгі талқылау инфографика тақырыбы бойынша емес, дерек көздері төңірегінде өрбіді.
5-кеңес: Айрықша болыңыз
Визуалдау әдістерінің периодтық кестесіШеңбер диаграммалар мен стандарт графиктер визуалдаудың жақсы әдісі, бірақ көпшіліктің ішін пысырып жібереді. Өзіңіздегі ақпаратты ұсынудың айрықша әдістерін ойлап тауып, аудитория назарын аударуыңызға болады. Жоғарыдағы суретте визуалдау әдістері интерактив периодтық кесте түрінде келтірілген.
6-кеңес: Мәтінді азайтыңыз
Визуал материалда мәтінді барынша аз қолданыңызИнфографика — үстеме мәтіндік түсініктемелерді қажет етпейтін визуалдау түрі. Егер онда мәтін көп болса, онда ол өзінің негізгі міндетін дұрыс орындай алмайтын нашар визуализация болғаны. Мына инфографика мәтінді аз қолдана отырып барынша көп ақпаратты визуалдауға жақсы мысал бола алады.
7-кеңес: Жан-жақты болыңыз
Визуалдаудың түрлі элементтерін қолданыңызБір инфографика аясында визуалдаудың алуан түрлерін қолдануға тырысыңыз (тек, қолыңыздағы мәліметтерді көрсетудің ең жақсы тәсілін таңдағаныңызға сенімді болыңыз).
8-кеңес: Авторлық құқықтарыңызды көрсетіңіз
Сіз жасаған визуал материалды қандай лицензиямен жариялап таратуға болатынын көрсетіңізЖақсы жасалған қызықты визуал материалдар Интернетте жылдам таралып кетеді. Өзіңіз жасаған инфографика не сондай басқа материалда өз авторлық құқықтарыңызды және осы жұмысты қалай пайдаланып, таратуға болатынын көрсетіп қойыңыз.