ДомойМедиа үніОнлайн-метрикалар редакция жұмысына қалай ықпал етеді

Онлайн-метрикалар редакция жұмысына қалай ықпал етеді

Онлайн-метрикалар редакция жұмысына қалай ықпал етеді

Интернет-аудиториямен өзара қатынастың қандай да бір көрсеткіштерін өлшеп отыруға арналған құралдар онлайн-медианың күнделікті жұмысының ажырамас бөлшегіне айналуы тиіс.

Олардың көмегімен контенттің «тиімділігін», оқырман/көрермен/тыңдарман қажеттіліктерін сараптауға, материалдарды ілгерілету стратегиясын құруға, форма және құрылыммен тәжірибе жасауға мүмкіндік аламыз.

Алайда, мұндай өлшемдерді ұдайы қолдану журналистердің күнделікті жұмысына айтарлықтай ықпал етеді — бұл факторды да әр медиа құралында бөлек ескеру керек.

Осы бағыттағы аздаған зерттеу жұмыстарының бірі The Tow Center онлайн-журналистика орталығында (АҚШ) екі ірі онлайн-БАҚ — Gawker Media және The New York Times негізге ала отырып жүргізілді.

Зерттеу жұмысының авторы Кейтлин Петре (Caitlin Petre) жасаған қорытындылар түрлі елдердегі медиа құралдары үшін де өзекті.

Онлайн-көрсеткіштер журналистердің эмоциялық күйіне үлкен әсер етеді. Петре ашушаңдық, өз-өзіне сенімсіздік, дандайсып кету, қызғаныш тіпті торығу сезімдері болуы мүмкін екенін жазады.

Әрине, мұндай сезімдер редакция жұмысының жалпы деңгейіне ықпал етпей қоймайды. Осыны медиа басшылары есте ұстауы тиіс.

Трафикке негізделген рейтинг бағалаудың өзге формаларын «басып кетуі» мүмкін.

Бұл материалды бағалаудың жалғыз шарты болмаса да, журналистерге осы көрсеткішке «айналып қалу» тән.

Неғұрлым көбірек «лайк» жинауға ұмтылу кейде журналисті объективтіліктен алшақтатып, редакция ережелеріне қайшы әрекет істеуіне әкеп соқтырады.

Аналитика салмақты стратегиялық құрал болуы мүмкін.

Алайда ол үшін, медианың ғаламдық бағытын ескеретін салмақты, ұзақ мерзімді деректер зерттеуі қажет. Редакцияларда болса, әдетте статистиканы сол күйінде, айқын мақсат пен міндетсіз қарап шығу әдетке айналған.

Сараптама жасайтын онлайн-құралдарды таңдау

Тегін және ақылы сараптама сервистерінің функциялары алуан түрлі. Шын мәнінде медиа құралдары сараптама жасау үшін өздерінің нақты мақсаты мен міндетіне сай келетін құралды таңдағаны абзал.

Бәрін есептеу мүмкін емес, қажеті де жоқ

Қаралым және оқылым саны туралы деректер, әрине, материалдың құндылығы жөнінде түсінік қалыптастыруға көмектеседі, алайда, құралдар көмегімен өлшеуге келмейтін факторлар да бар — мысалға, материалдың әлеуметтік маңызы. Басқаша айтқанда, сан көрсеткіштері әр кезде сапа көрсеткіші бола алмайды.

Зерттеудің ағылшын тіліндегі толық нұсқасы.

Назгүл Қожабекова
Назгүл Қожабекова
Медиатренер, аудармашы, редактор,медиатренер. Сторителлинг мектебі жобасының авторы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР