Орталық Азиядағы Internews Network өкілдігі АҚШ халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID) қолдауымен БАҚ үшін шағын гранттар байқауын жариялайды.
Шағын гранттардың мақсаты — қоғамдық маңызы бар тақырыптағы сапалы журналистік жұмыстар өндірісін ынталандыру, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанның тәуелсіз БАҚ арасында бағдарлама алмасу.
Internews медиаконтент (жаңалық сюжеттері мен авторлық бағдарламалардан фоторепортаждарға дейін) өндірісіне қолдау көрсетеді.
Internews:
- Жаңалық сюжеттері циклі (хронометраж 3 минутқа дейін)
- Өзекті тақырыпқа әлеуметтік арнайы репортаждар циклі (ТВ және Радио, хронометражы 2-5 минут), фоторепортаждар да болуы мүмкін (10 фотодан артық емес).
- Ақпараттық-танымдық бағдарламалар (хронометражы 13-26 минут) өндірісіне қолдау көрсетеді.
Internews мына тақырыптардағы жобалар бойынша грант өтінімдеріне қолдау көрсетеді:
- Құқық
- Жемқорлыққа қарсы қоғам
- Гендер
- Экономика
- БАҚ айналасындағы жағдай
- Жастар бастамалары
- Экология (ғаламдық климат өзгерістері)
- Толеранттық жөніндегі тақырыптар
- Әлеуметтік бағдарламалар (аймақ пен тұтас ел үшін өзекті)
- Азаматтардың өмірін жақсарту, қауымдастықтардың әлеуметтік мәселелерін шешу жөніндегі азаматтық белсенділік
Тақырыптық бағдарламалар түрлі жанрларда (арнайы репортаж, сараптамалық бағдарлама, журналистік зерттеу, тележурнал және т.б.) орындалуы мүмкін. Бұл жобада Internews тарих және мәдениет тақырыбындағы бағдарламаларға, ойын-сауық бағдарламаларына, көркем фильмдерге, әлеуметтік роликтер мен музыкалық клиптерге қолдау көрсетпейді.
Грант алушылар үшін міндетті шарт — жобаны жүзеге асыру үшін өз қаржысын немесе өзге қолдаушылардың немесе коммерциялық ұйымдардың қаржысын қоса салу.
Өз тарапынан салынатын қаржы жобаның бюджетінде көрсетілуі тиіс. Оның үстіне қолда бар телевизиялық жабдықтарды жалға алу мен эфир құны өз тарапынан салынған қаржыға кірмейді. Сұралатын сома ұлттық валютаға шаққандағы 1000$ көлемінен аспауы керек.
Интерньюс 2015 жылғы мамыр айынан бастап тұрақты түрде шағын гранттар бөлуді жоспарлап отыр.
Өтінімдердің бәрін Internews аймақтық менеджерлерінен құралатын қазылар алқасы қарастырады.
Грант алудан үміттілер өтінім келіп түскен сайын қазылар тарапынан тұрақты түрде анықталып отырады. Шағын гранттар контент өндірілгеннен кейін беріледі.
Internews грант алған жобалар нәтижесінде өндірілген контентті Орталық Азияның үш елі: Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан БАҚ арасында таратуға бірінші кезекті құқық иеленеді.
Шағын грант алудағы басым құқық Internews-тің «Контент алмасу» жобасына қатысатын БАҚ беріледі. Сонымен қатар, жоғарыда аталған елдердің қызығушылық танытқан барлық тәуелсіз БАҚ да жобаға қатыса алады.
Грант алуға өтінімдер мына шарттар бойынша бағаланады:
- контент елдердегі заң нормаларына қайшы келмейді
- контент түрлі көзқарас тұрғыларын ұсынады
- контент қандай да бір саяси, діни немесе өзге де тараптарды қолдауға мүдделі емес
- контент Internews ұсынып отырған тақырыптар мен жанрларға сәйкес келеді
- шығармашылық ізденіс
- жобаны жүзеге асыру үшін өз тарапынан қаржы салу
- жобаны бірнеше тілде жүзеге асыру мүмкіндігі.
Грант алуға өтінімде (үлгісі) жобаның сипаттамасы, мақсаты, күтілетін нәтижелер (жоба неліктен және қалайша қоғам назарын аударады), жұмыс жоспары, бюджет (үлгісі) көрсетілуі тиіс. Міндетті түрде жоба арналатын аудиторияны және жоба көрсетілетін аумақты көрсету керек.
Өтінімдер электронды нұсқада орыс тілінде қабылданады және мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:
- өтінім қандай санатта немесе қандай тақырыпта беріледі;
- жобаның атауы (хабардың атауымен сәйкес болуы тиіс);
- жоба қандай жанрда орындалады;
- аудио немесе видео үшін хронометраж;
- бағдарламалар қай тілде шығарылады;
- жобаның сипаттамасы (мәселенің өзектілігі, циклдағы бағдарламалардың тақырыптары, қандай мәселелер көтеріледі);
- шығармашылық сипаттамасы (сценарий жоспары немесе айдарлардың, бағдарлама форматының сипаттамасы);
- жобаның бюджеті (өз тарапынан салынатын қаржы көрсетілген);
- Internews берген шағын грант біткеннен кейін жобаға қандай қолдау көрсетілетінінің сипаттамасы.
Өтінімге жобаға қатысушылардың түйіндемесін қоса беру абзал болады.
Өтінімдерді жоба үйлестірушісіне мына адрес бойынша жолдаңыздар:
- Оксана Осадчук — oossadchuk@INTERNEWS.ORG