Internews Network Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанның тәуелсіз медиа құралдарын контент алмасу жөніндегі халықаралық жобаға қатысуға шақырады. К
«Контент алмасу» жобасының мәні неде?
Әр медиа құралы тек өзінің аймағындағы ғана емес, Орталық Азияның өзге де елдеріндегі көрерменге, оқырманға, тыңдарманға қызықты болуы мүмкін контент өндіреді.
«Контент алмасу» жобасы медиа құралдары әріптестерінің айрықша ақпараттық өнімдеріне еркін қол жеткізе алуын қамтамасыз ету үшін жасалды. Ал жаңа технологиялардың көмегімен бұл процесс оңай жүреді және арнайы техникалық білімді талап етпейді.
Жобаны кім жүзеге асырады және қолдайды?
«Контент алмасу» жобасын Internews Network Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстандағы өкілдіктері АҚШ халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID) қатысуымен «Ақпаратқа қол жеткізуді» қолдау жобасы аясында жүзеге асырады.
Жоба техникалық тұрғыда қалай жүзеге асырылады?
Медиа құралдары Google Drive қоймасына қол жеткізу мүмкіндігін алады. Осы араға «Контент алмасу» жобасының қатысушылары өз контентін салып, әріптестерінің қазақ, орыс, қырғыз және тәжік тілдеріндегі материалдарын көшіріп алады.
- Видео: репортаж, сұхбат, жаңалық сюжеттері, арнайы репортаждар, деректі фильмдер, ток-шоу және авторлық бағдарламалар.
- Аудио: сұхбат, жаңалық репортаждары және авторлық бағдарламалар.
- Фото: фоторепортаждар және инфографика.
Сондай-ақ, «Контент алмасу» жобасы аясында Internews Network ТВ қорындағы бағдарламалар да ұсынылады. Бұл — серіктестер шығарған және әлемдік өндірушілер мен дистрибьюторлардан сатып алынған түрлі форматтағы телевизиялық бағдарламалар, деректі фильмдер, балаларға арналған және танымдық бағдарламалар.
Қазіргі кезеңде жобаға Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстаннан 37 медиа қатысады.
Internews Network өз контентін таратып, эфирін өзге аймақтардан алынған материалдармен толтырғысы келетін медиа құралдарын жобаға қатысуға шақырады.
Ең белсенді серіктестеріне Internews Network әлеуметтік маңызы бар контент шығару үшін шағын грант беруді жоспарлар отыр.
Гранттар әр елде байқау нәтижелері бойынша тұрақты түрде бөлініп отырады. Толығырақ мұнда.
Internews Network «Контент алмасу» жобасының техникалық жетекшісі және Google drive қоймасына салынатын контенттің техникалық өлшемдерін өзі анықтайды. Internews Network жоба қатысушыларымен құқықтық қатынас орнатпайды, тек Internews Network өзі құқық иесі болатын контент салынған жағдайда ғана.
Авторлық және сабақтас құқықтар жөніндегі мәселелерді жоба қатысушылары өз бетімен шешеді. «Контент алмасу» жобасына қатысушылар контентті айрықша шарттарын көрсетпей орналастыруы олардың сол материалды өзге қатысушылар көшіріп алуына, толық көлемде жариялауына және өңдеуіне келісім бергенін білдіреді.
«Контент алмасу» жобасына қатысушылар өздері жариялайтын материалға авторлық және сабақтас құқықтары болуы және жарияланатын контенттің өз елдерінің заңына сай келуі жөніндегі жауапкершілікті өз мойнына алады.
Бізге қосылу үші жобаның үйлестірушісіне хат жолдау жеткілікті: Оксана Осадчук — ossadchuk@internews.org