Пайдаланушының әлеуметтік желідегі парақшасы қашан пайда болғанын анықтаңыз.
Кей кездері жалған ақпарат тарату үшін жаңа аккаунттар жасалады. Twitter-дің пайдалы функцияларының бірі — пайдаланушы профилінің жаңа дизайны парақша қашан ашылғанын көрсетеді.
Пайдаланушының белсенділігін зерттеңіз.
Ол кімдерге жазылған/кімдермен дос? Оған кімдер жазылған? Кімдермен қарым-қатынас жасайды? Не туралы жазады? Адамның әлеуметтік желідегі байланыстары ол туралы көп дерек береді.
Ол адамның өзге әлеуметтік желілердегі аккаунттарын іздеп көріңіз.
Оның есімі интернетте тағы қай жерлерде аталады? Spokeo, Pipl.com. WebMii және Linkedln қолданыңыз — телефон номерін, мекен жайын және басқа да деректерін табуға тырысыңыз.
Жаңалықты жариялаған адаммен байланысқа шығыңыз.
Бұл тексеру үшін өте маңызды. Қосымша ақпарат жинап, материалға қойылатын қандай да бір талаптар бар ма, ақпаратты пайдалануға рұқсат алуға бола ма – осы жағын анықтап алыңыз.
Оның айтып отырғанын өз білетініңізбен салыстырыңыз.
Сіздің назарыңыздағы оқиғаға қатысы бар басқа да аккаунттарды табу керек. Сондай-ақ, пайдаланушының қолында сізге көрсете алатын қосымша фотосуреттер/видео бар-жоғын сұраңыз.
Мекен туралы деректерді салыстырыңыз.
Twitter, Facebook және өзге де платформалар жазбаларды олардың географиялық орнымен байланстыруға мүмкіндік береді. Бұл, адам сол өзі айтып отырған жерде болған-болмағанын анықтауға мүмкіндік беретін тағы бір сипат.
Суреттер бойынша іздеуді қолданыңыз.
Осы жақында ғана жасалды деп жүрген фотосуреттер көбінесе ескі болып шығып жатады. Google Reverse Image Search немесе TinEye пайдаланып, ол сурет Интернетке бұдан бұрын шыққан-шықпағанын анықтай аласыз. Бұл функцияны сондай-ақ шағын видео үшін де қолдануға болады – іздеу жүйесі ол видеоны тағы қай арадан онлайн көруге болатынын айтады.
Фотосуреттің EXIF-деректерін тексеріңіз.
Әрбір цифрлік кескінде сіз көрмейтін дүниелерді көрсететін метадеректер болады. Өзге де көптеген деректерден бөлек, EXIF-ті оқу сол фото қандай камерамен түсірілгенін анықтауға көмектеседі. Кейде, тіпті, географиялық деректер де жазылып тұрады.