ДомойОқып-үйренSharalike - аудиослайд-шоу жасауға арналған сервис

Sharalike — аудиослайд-шоу жасауға арналған сервис

Sharalike — аудиослайд-шоу жасауға арналған сервис

Шолу авторы — Алевтина Дудник.
Sharalike — музыка ілесе жүретін слайд-шоу жасап, оны код көмегімен сайтқа орналастыруға немес сілтеме арқылы әлеуметтік желілерде ортаға салуға мүмкіндік беретін, қолданылуы оңай бағдарлама.

Слайд-шоу жасау үшін бірнеше қарапайым әрекетті орындау керек.

1. Sharalink.com сайтына кіреміз, онда екі опция шығады:  Facebook арқылы кіру немесе пошта жәшігі арқылы тіркелу.

ук

2. Алдымен компьютердегі фотосуреттерді жүктеу үшін альбом құру керек.

укк

3. Жүктегеннен кейін таңдалған суреттерді үстінен тінтуірдің сол жақ батырмасымен екі басып үлкейтіп көріп, өңдеуге мүмкіндік аламыз.

Одан бөлек, нысанды ұстап тұрып басқа жерге сүйреп апарып фотолардың орнын ауыстыруға болады. Енді слайд-шоуға арналған музыка мен оның қай стильде болатынын таңдаймыз. Ол үшін оң жақ жоғарғы бұрыштағы SmartShow батырмасын басамыз.

укк

уккк

4. Алдымызда бірнеше функция ашылады:
— Сол жақ жоғарыда — слайдтардың стильдері. Классикалық ұлғайту немесе романтикалық баян болуы мүмкін, одан бөлек, жаңажылдық құттықтаулар үшін арнайы безендірілген тақырыптар мен қорқынышты фильмдер стиліндегі әзіл тақырыптар да бар.
— Одан төменірек — слайд-шоуға ілесе жүретін алуан түрлі музыка топтамасы. Сондай-ақ, фотосуреттерді музыкасыз өзін ғана қалдыруға немесе компьютерден өзіңіздің тректі, айталық өзіңіз жазған әр суретке қатысты пікірлер айтылған жазбаны жүктеуге де болады.
— Оң жақ мәзірде «жабу» батырмасын, сақтайтын SAVE батырмасын және сілтемені әлеуметтік желілердегі парақшаларда тарату үшін SHARE батырмасын көреміз. Хатқалта суреті бар батырма видеоның сілтемесін өзіңіздің поштаңызға жіберуге мүмкіндік береді.

укккк

5.  SAVE немесе SHARE функциясын таңдағаннан кейін сервис сілтеме береді, сол сілтемені достарымыз мен оқырмандарымызға ұсынамыз.

уккккк

Өзге пайдаланушылардың жасаған жұмыстарын да көріп шығуға болады, ол үшін сервистің басты бетіндегі сол жақ жоғарғы бұрыштағы EXPLORE батырмасын басу керек. Жасаған альбомыңыз не суреттеріңіз өзіңізге ұнамаса, сол жақ төменгі бұрыштағы себет суреті бар батырманы басып өшіріп тастауыңызға болады.

Назгүл Қожабекова
Назгүл Қожабекова
Медиатренер, аудармашы, редактор,медиатренер. Сторителлинг мектебі жобасының авторы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР