ДомойБайқау/ГранттарЖурналистерге шілдеде ұсынылатын алты мүмкіндік

Журналистерге шілдеде ұсынылатын алты мүмкіндік

Журналистерге шілдеде ұсынылатын алты мүмкіндік

Бүкіл дүние жүзі бойынша машықтану, тәжірибе жинау және білім алу курстарына назар аударуға шақырамыз.

Фотопортрет авторларына арналған премия  (Taylor Wessing Photographic Portrait Prize). 6 шілдеге дейін

Қазіргі заманғы портрет байқауына қатысуға дүние жүзінің 18 жастан асқан фотографтары шақырылады. Жеңімпаз Тейлор Уессинг (Taylor Wessing Photographic Portrait Prize 2015) атындағы жүлдеге және 12 000 британ фунтына ие болады. Өзге финалистер байқау қазылары шешетін сомада ақшалай сыйлықтар алады. Премияны Лондондағы  Ұлттық Портрет галереясы  ұйымдастырады. Портретті фотосурет модельдің тұлғасын жарқырата ашатындай етін интерпретациялау құпталады.  Толық ақпарат алу үшін сілтемемен өтіңіз.

Онлайн-жаңалықтар ассоциациясынан MJ Bear Fellowship стипендиялары  10 шілдеге дейін

23-30 жас аралығындағы, жұмысы онлайн-журналистика саласындағы жобалармен байланысты журналистер осы стипендияны алуға өтінім беруіне болады.  Онлайн-жаңалықтар ассоциациясы (ONA) жаңа бастап жүрген онлайн-журналистерді қолдауға арналған MJ Bear Fellowship стипендиясын алуға өтінімдер қабылдайды. Стипендиядан үміткерлер өз жұмысы стипендия қолдауына лайық екенін дәлелдеуі тиіс. Толық ақпарат алу үшін  сілтемемен өтіңіз.

Third Coast фестивалінің және Ричарда Дрихаус қорының байқауы 14 шілдеге дейін

Third Coast фестивалі  және Ричарда Дрихаус қоры ұйымдастырып отырған байқау бүкіл дүние жүзі бойынша ағылшын тіліндегі аудиотуындылар авторларын марапаттайды. Байқаудың санаттары: үздік деректі фильм, директорлар таңдауы, үздік жаңа бастаушы автор, радио ықпалы, үздік жаңалық видеосы және Skylarking Award премиясы. Жеңімпаздар  1 000 — 4 000 доллар аралығында ақшалай сыйлық және редакциялау үшін Hindenburg Journalist Pro бағдарламалық жасақтамасын пайдалануға лицензия және  23-25 қазанда Чикагода өтетін Third Coast Filmless Festival фестиваліне тегін кіруге арналған жолдама алады. Толық ақпарат алу үшін сілтемемен өтіңіз.

Нидерланд радиосы оқыту орталығының толық стипендиялары 24 шілдеге дейін

Көптеген елдердің телевизия, радио, баспа және онлайн-медиада жұмыс істейтін тәжірибелі журналистері осы тренингтерге қатысу үшін өтінім бере алады. Netherlands Fellowship Programmes (NFP) журналистерге арналған курстарға қатысуға өтінімдер қабылдайды. Курстар Нидерланд радиосы оқыту орталығында ов (RNTC) өтеді. NFP стипендиясы жол шығынын, тұрғын үй және оқу ақысын жабады. Толық ақпарат алу үшін  сілтемемен өтіңіз.

Web Documentary Visa d’Or Award  деректі фильмдер байқауы 27 шілдеге дейін

Конкурс Visa pour l’Image – Perpignan халыұаралық фотожурналистика байқауының бір бөлігі болып табылады. Байқаудың демеушілері – FRANCE 24 және RFI арналары. Интернетте 2014 жылғы 27 шілде мен 2015 жылғы 27 шілде аралығында жарияланған ағылшын және француз тілдеріндегі фильмдер қабылданады. Бірінші орынға 8000 еуро көлемінде сыйақы беріледі. Толық ақпарат алу үшін сілтемемен өтіңіз. 

Falling Walls Foundation стипендиясы 31 шілдеге дейін

Falling Walls Foundation коммерциялық емес ұйымы стипендияларды иеленуге үміткерлер іздейді. Үміткерлердің кем дегенде үш жыл ғылыми журналистикада тәжірибесі немесе ғылым туралы блог жүргізу тәжірибесі болуы тиіс. Стипендия иегерлері Falling Walls Lab барып, 8-9 қарашада Берлинде өтетін Falling Walls Conference конференциясына қатысуға мүмкіндігі бар. Толық ақпарат алу үшін сілтемемен өтіңіз.

Назгүл Қожабекова
Назгүл Қожабекова
Медиатренер, аудармашы, редактор,медиатренер. Сторителлинг мектебі жобасының авторы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР